Еңбекті қорғау


Органикалық ерітінділермен жуу



бет25/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Органикалық ерітінділермен жуу. Бұл операция қауіпті болғандықтан, тек шарасыз жағдайда суда ерімейтін органикалық заттарды тазалауда ғана ұсынылады. Бұл мақсатта қолдануға тиімді ерітінділер ретінде этил спиртін, ацетонды, хлороформды, петролейн эфирін жатқызуға болады. Органикалық еріткіштер жанғыш және денсаулыққа зиянды келетіндіктен, операцияны сорғыш шкаф астында өткізеді. Ыдыстың ішін дәл келетін еріткіштің аз мөлшерімен шайқап, арнайы қалдық құятын ыдысқа төге отырып, процедураны бірнеше рет қайталайды. Бірінші рет шайқауға бұрын қолданылған еріткішті алуға болады, ал келесі шайқалымдарға тазасын алу қажет. Органикалық еріткіштермен ыдыс жууды машықтанбаған жұмысшыларға тапсыруға болмайды.
Хром қоспасымен жуу. Хром қоспасы ең тиімді жуғыш заттарға жатады. Бірақ оны дайындау мен қолдану - өте абайлық пен ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сусызданған хром қоспасының теріге және сілекей қабатына әсері сұйытылған күкірт қышқылыныкінен де қауіпті болады. Органикалық сұйықтармен хром қоспасы кейде қопарылыс бере реакцияласады. Бұндай қопарылыс сирек жағдайда ғана болғанымен, олар аса қауіпті, өйткені хром қоспасының шашырандысы көзге түссе өте ауыржарақат береді. Хром қоспасында түзілетін CrO3 хром тотығы - ұшқыш, күйдіргіш зат.
Хром қоспасымен резеңке қолғапсыз, қорғағыш көзілдіріксіз немесе маскасыз, сонымен қатар резеңкеленген немесе полиэтиленді алжапқышсыз жұмыс істеуге тиым салынады.
Сусызданған хром қоспасын жасау үшін 100 мл сұйытылған H2SO4 күкірт қышқылын шыны түтікпен араластыра отырып 10 г ұсақталған K2Cr2O7 калий бихроматын немесе Na2Cr2O7 натрий бихроматын қосады. Хром қоспасын қақпағы бар форфор стақанында немесе эмальды немесе керамикалы табаққа орнатылған шыны эксикаторда сақтайды. Жұқа және қақпақсыз ыдыстарда хром қоспасын сақтауға болмайды.
Хром қоспасымен жумас бұрын, ыдысты ерш және ыстық су көмегімен тазалайды. Ұсақ ыдыстарды хром қоспасына салып, 20-30 минутқа қалдырады. Ыдыстарды тигельді қышқашпен абайлап эмальды кастрюльге салып, ыстық су астына қояды. Хром қоспасы толығымен кеткеннен кейін әрбір ыдысты жекелеп қайта шайқайды. Хром қоспасымен пипеткаларды жуу үшін резеңке грушаны пайдаланады. Үлкен колбалар мен стакандарды жууда оларға аз мөлшерде ыстық (60-70˚) хром қоспасын құйып, ішін айналдыра қоспамен шайқайды да, ерітіндіні қайтадан сақтайтын ыдысына құйып қояды. Ал ыдыстарды біршама уақыттан кейін сумен шайқайды. 70˚С-тан жоғары температурада хром қоспасын қыздыру тек қауіпті ғана емес, сонымен қатар оның тотықтырғыш қасиеті жоғалатындықтан пайдасыз да болады.
Жаңа дайындалған хром қоспасы күңгірт қызғылт-сары болады. Пайдаланылған хром қоспасы күңгірт-жасыл түске айналып, өзінің тотықтырғыш қасиетін жоғалтқанда, жаңа қоспа дайындау қажет. Пайдаланылған хром қоспасын ешқашан су құбырына төгуге болмайды. Оларды қышқылды қалдықтарға арналған ыдысқа құйып, арнайы орындарға апарады.
Химиялық ыдыстардағы смолалы органикалық былғаныштарды еріту үшін сұйытылған азот және күкірт қышқылдарының қоспаларын еш уақытта қолдануға болмайды. Бұл кезде жарылыс болу ықтималдығы тұрақсыз фульминаттар немесе полинитроқосылыстар түзілуі салдарынан болады.
Аз мөлшердегі этил спирті мен артық мөлшердегі сұйытылған азот қышқылының қоспасымен ыдыстарды жуу, жекелеген жағдайда, бюреткаларды жуу – ыдыс жуу практиаксының қауіпсіздік техникасы талаптарына жатпайды. Мұнда ауыр металдар бар болғанда, детонацияға қабілетті фульминаттар түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет