Еңбекті қорғау


Сурет 16. Вакуумды айдау қондырғы



бет51/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
treatise36891

Сурет 16. Вакуумды айдау қондырғы.
1- айдағыш колба, 2- Клайзен қондырмасы, 3- тамшылатқыш, 4-резіңке шлангасының бөліктері, 5- қабылдағыш түтікше, 6- тамшылатқыштағы ауа сорғышты реттейтін қысқыш (немесе инертті газды), 7-вакуум жүйесіндегі қақпаға бұрылғыш, 8-қондырғыны ұстайтын табандар, 9- шлифті тығыздайтын серппе, 10-вакуумды алонж, 11-жұмсақ резіңкеден жасалған түпқойма.













Сурет 17. Тоңазытқышты қиялап орнатқан вакуумды айдау қондырғысы.
1- айдағыш колба, 2-Вюрц қондырмасы, 3-тамшылатқыш, 4- екі мойынды өткел, 5- қабылдағыш түтікше, 6-шар тәрізді тоңазытқыш, 7- вакуум жүйесіндегі қақпаға бұрылғыш, 8-қондырғыны ұстайтын табандар,


Сурет 18. Айдау үшін колба.
1-шыршалы дефлегматор, 2-жылуөлшегіш қойылатын мойын, 3-тапшылатқыш қойылатын мойын.

Вакуумды айдау жүргізудің ерекшелігі қосымша алдын ала сақтықты шараларды қолдануды талап етеді.



  1. Вакуумды қондырғымен тек қорғаныш көз әйнекпен және бет пердемен жұмыс істейді.

  2. Вакуумды айдау кезінде әсіресе айдалатын сұйықтықты қатты қыздырмау керек. Колбаны жылыту үшін жылу өлшегіш қойылған сұйықтықы монша қолданылады. Өйткені булардың қызып кетпеуі үшін моншадағы сұйықтықтың деңгейі колбадағы сұйықтық деңгейінен аспау кере. Айдаудың жүру барысында деңгей қатынансын ұстау, қондырғыны жинау кезінде қарастырылған. Көтергіш орындықшаға моншаны орнатқан ыңайлы. (сурет 13)

  3. Қондырғыны жинар алдында вакуумды айдау үшін барлық шыны бөлшектері мұқият қарастырылған болуы тиіс. Ақаулар табылған жағдайда, мысалы ұсақ шытынаулар болса бөлшекті жинауға болмайды. Әсіресе шлифтің тазалығына көңіл бөлу керек. Ескі майлардың қалдығын тазалап шлифті вакуумды маймен майлайды.

  4. Айдау колбасы сияқты қабылдығыш ыдыс міндетті түрде домалақ табанды болу керек. Жалпақ табанды колбану вакуумды қондырғыға қолдану тиым салынады.

  5. Вакуумды айдау кезінде біртегіс қайнату мақсатында қайнатқыштар емес, айдалатын сұйықтықты қабатынан ауа немесе инертті газдарды сорып алатын тамшылатқыш қолданылады. Тамшылатқыштың сапасына айдаудың сәтті өтуі ғана емес жұмыстың қауіпсізділігі де байланысты. Айдау кезінде жақсы тартылған тамшылатқыш, резіңке груша көмегімен эфирді пробиркаға ол арқылы ауаны үрлегенде өте ұсақ көпіршіктер береді. Өте кең тамшылатқыш қатты қайнатады, нәтижесінде ыстық сұйықтық қабылдағышқа атқылауы мүмкін. Сұйықтықтың қатты қайнауы, егерде айдау уақытысында тамшылатқыштың ұшы сынуы немесе қатты бөлшектер толып қалуы мүмкін. Осының салдарынан ыстық будың мөлшері жұту жүйесіне түсуі мүмкін.

  6. Қондырғыны жинағаннан кейін сұйықтықпен колбаны толтырар алдын максималды сирету кезінде жүйенің герметикалығын міндетті түрде тексеру керек. Ұқыпты жиналған қондырғы насостан ажыратқаннан кейінде вакуум бірнеше минутқа дейін ұсталады.

  7. Егер қондырғы жұмысқа жарамды болса колбаға айдалатын затты араластырып вакуумды насосты қосады. Тамшылатқыш ұсақ көпіршіктер қатарын беру керек. Тек керекті сиретуге жеткенде ақырындап қыздырғыш моншаның температурасын көтере бастайды. Айдау колбасы ыстық сұйықтықпен толтырғанда вакуум жасауға болмайды- бұл сұйықтықтың қатты қайнауына алып еледі де қабылдағыш ыдысқа атқылайды.

  8. Вакуумды қосқаннан кейін қондырғыға қандайда бір өзгертулер енгізуге, қондырғыны, оның бөлшектерін көтеруге және түсіруге болмайды.

  9. Айдау келесі ретпен аяқталады: алдыменен моншаны түсіріп толтырылған колбаны суытады, сосын оны арнайы кран көмегімен атмосферамен байланыстыра отырып жүйедегі ауаны жібереді. Қондырғыны суытқаннан кейін айдалған сұйықтықтан қабылдағыш колбаны ажыратып бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет