Еңбекті қорғау


еңбекті қорғауды ұйымдастыру



бет59/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
treatise36891

еңбекті қорғауды ұйымдастыру
21-бап. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау қызметі
1. Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады.
2. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
22-бап. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу
1. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi.
2. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласында салалық нормативтердi әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жұмыс берушi жүзеге асырады.
23-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптар
1. Мемлекеттiк стандарттардың еңбектi қорғау жөнiндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берiлмейдi.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.
3. Өндірістік объектілер уәкілетті орган белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс.
4. Өндiрiстік мақсатта салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.
5. Мыналарға:
1) мемлекеттiк сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткiзiлмеген, бекiтiлген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын қолдануға;
2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.
6-тарау. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет