Заңымен бап 2 екінші бөлікпен толықтырылды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторларының осы бапта тізіп көрсетілген міндеттерінен басқа:
1) уәкілетті органды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
2) уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және тоқсан сайын уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
29-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарын бұзушылықтың белгiлi болуына қарай, мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары мынадай актiлер шығарады:
1) нұсқама:
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы;
еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлерге аттестаттау жүргізу туралы;
өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде профилактикалық жұмыстар жүргiзу туралы;
жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды және тұтастай ұйымдарды қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата түру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
2. Актiлердiң нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн лауазымды, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
30-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Мемлекеттiк инспектордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органның жоғары тұрған лауазымды адамына немесе сотқа шағымдануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Шағымдану мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген актiлердiң орындалуын тоқтата тұрмайды.
31-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының жауапкершiлiгi
Мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
32-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылау
1. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсiподақ органы тағайындайтын, ал ол болмаған кезде - қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
2. Еңбектi қорғау жөнiндегі қоғамдық инспектордың:
ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын тексерудi жүзеге асыруға;
тексерудiң қорытындысы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдардың, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар ережелерiнiң анықталған бұзушылықтарын жою туралы лауазымды адамдардың атына ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды дер кезiнде жоймаған жағдайда материалдарды қарау және оларға ықпал ету шараларын қолдану үшiн уәкiлеттi органға беру туралы ұйымның кәсiподақ органына ұсыныс жасауға;
ұйымның лауазымды адамдарынан қоғамдық инспекторға жүктелген функцияларды орындауға қажеттi тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты алуға;
өндiрiсте болған жазатайым оқиғаларды тергеу жөнiндегі комиссияға және ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға құқығы бар.
33-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау жөнiндегi құқықтары
Қызметкерлер өкiлдерiнiң:
жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауына қоғамдық бақылау жасау арқылы қызметкерлердiң жұмыс берушiлер алдындағы еңбектi қорғауға арналған құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауiпсiздiгiн жасауы жөнiнде келiсiмдер, ұжымдық шарттар жасасуға;
өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн кешендi тексерулерге қатысуға;
жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы ақпарат пен түсiнiктеме алуға, соның iшiнде жазбаша түрде алуға;
жұмыс берушiлердiң келiсiмдерде, ұжымдық шарттарда көзделген еңбектi қорғау бөлiгiндегi мiндеттемелердi орындауын тексерудi жүзеге асыруға;
өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткiзу және пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға, өзiнiң ұсыныстарын енгiзуге;
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының, келiсiмдер мен ұжымдық шарттардың еңбектi қорғау бөлiгiндегі ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiсте болған жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлер мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаппен тиiстi мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға;
еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылуына, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар, сондай-ақ жеке еңбек шарттары мiндеттемелерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау бөлiгiнде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;
қызметкердiң өтiнiшi бойынша еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты қызметкерлердiң мертiккен немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрген зиянды өтеуге арналған құқықтарын қорғау үшiн және қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтары кемсiтiлген басқа да жағдайларда талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқығы бар.