институттарды анықтау қажет. Әлеуметтену процесінің сатыларын
негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбекке дейінгі,
еңбек тану кезеңіндегі, еңбектен кейінгі (Аңдреенкова, 1970,
Гилинский, 1971).
Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезең-
ді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі де екі кезеңге бөлінеді: а) ерте кездегі
әлеуметтену — баланьщ туған кезінен бастап, мектепке дейінгі
уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны - ерте
балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).
э)
оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды,
оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнында оқу
кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (окудың еңбекпен
ұштастырылуьша) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де,
бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте
маңызды: студенттік кезең - қоғамның өте маңызды әлеуметтік
топтарының бірі, сондықтан да бүл топтың әлеуметтену
проблемалары өте өзекті.
Әлеуметтенудің еңбек кезеңі — адамньщ ер жету, кемеліне
келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамньщ бүкіл еңбектік іс-эрекет
кезеңі. Осы кезеңде элеумётгік тэжірибені игерумен қатар, оны қайта
қүруы- кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім
беру көзқарастарына байланысты, бүл кезеңдегі элеуметтену
проблемасының маңызы арта түсуде. Осы түрғьщан қарастырғанда
бүл проблеманы шешуде, педагогика ғьшымымен (еңбекке тэрбиелеу
бөлімі) тығыз байланыста зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері бар.
Кейінгі
кезде
акмеология,
кемелденген
жас
кезеңін
қарастьфатьга ғылымның зерттеулері өзекті болып отьф. Еңбектен
кейінгі кезең өте күрделі мэселе, себебі әлеуметтік психология үшін
Бүл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда элі жаңа.
Бүл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік
психологияға қойылған объективті талаптармен байланысты. Мосқал
адамдар кезеңінің проблемасы қазіргі қоғамдағы көптеген ғьшымдар
үшін өзекті болып отыр. Өмір сүру үзақтығын ұзарту, бір жағынан
39
мемлекеттің элеуметтік саясаты болса, екінші жағынан (зейнеткерлік
жүйесі) халық санының есуінде мосқалдық кезең айтулы орын алуда,
себебі, біріншіден, оның өзіндік салмағы артуда. Сонымен бірге,
зейнеткерлердің әлеуметтік тобьшың көбінде, мүшелерінің еңбекке
жарамдылығы сақталуда.
Әлеуметгік психологияда бүл проблема әлеуметтенудің
еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрІнде көрінеді. Э.Эриксонның
түжьфымдауы бойышпа, 65 жастан кейінгі (жас кезеңдегі: сәбилік,
балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас,
мосқалдық кезең) "мосқалдық" кезең ғана " даналық" кезең больш,
адамның элеуметтенуін тамамдайды.
Еңбектік іс-әрекет түрғысынан элеуметтену сатыларын бөліп
қарастырудың үлкен маңызы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуында,
оның қандай элеуметтік топтарда болатьшы өте маңызды.
Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның жеке түлғаға әсері не
тікелей, не топ арқылы, Ж Пиаже көрсеткеніндей, белгілі эсер
қүралдарының жиынтығы: нормалар, қүндьшықтар және белгі-
таңбалар арқылы іске асырынады. Яғни, қоғам мен топ жеке тұлғаға
нормалар мен қүндылықтар жүйесін белгілер арқылы береді.
Осындай жүйені өткізуші топтар, әлеуметтік тэжірибені беруші
(транслятор) топтар - элеуметтену институттары деп аталынады.
Еңбекке дейінгі кезеңдегі әлеуметгік институттар: ерте балалық
шақта — отбасы жэне мектепке дейінгі балалар мекемелері.
Отбасында бала қарым-қатынастың алғашқы дағдыларын қабылдап,
алғашқы әлеуметтік рөлдерді игереді, бастапқы нормалар мен
құндылықтарды түсіне бастайды. Ата-анасының қылықтарының типі
(әкімшіл немесе либералды) баланың "Мен" бейнесінің қалыптасуына
эсер етеді. (Бернс, 1986).
Мектепке дейінгі балалар мекемелері кейінгі кезге дейін тек жас
ерекшеліктері психологиясьшың зерттеу объектісі болып келді.
Әлеуметтік — психологиялық ерекшеліктер әлі күнге дейін толық
зерттелінбеген, бірақ мұндай талдаудың қажетгілігі қазірде айқын
болып отыр.
Әлеуметтенудің ерте сатысындағы екінші элеуметтік институт-
мектеп. Жас ерекшелікгері және педагогикалық психология
ғылымдарымен қатар, элеуметтік психология да бүл зерттеу
объектісіне аса үлкен назар аударады. Мектеп оқушыларды жүйелі
біліммен қамтамасыз етеді, оның өзі элеуметтенудің маңызды
элементі, сонымен қатар мектеп адамды қоғамда өмір сүруге, жалпы
40
өмірге дайындауы қажет. Мектеп оқушыда азаматтық туралы ұғымды
қалыптастырып, қарым-қатынас жасаудағы мүмкіндігін: молайтады:
сресектермен қарым-қатынаспен қатар, өз қүрдастарымен қарым-
қатынасьшың ерекше сферасы құрылады, ал оның өзі де
әлеуметтенудің маңызды ннституты болып табылады. Құрдастар
ортасының тартымдьшығы - оның ересектер бақылауынан тәуелсіз,
кейде оған қарама-қарсы да болуында. Әр типтегі қоғамда құрдастар
тобыньщ маңыздылық мөлшері мен деңгейі түрліше болады
(Бронфенбреннер, 1976).
Әлеуметтік психолог үшін оқушылық өмірдің жастық шақтық
кезеңінің (аға сыныптар) проблемаларьш зерттеу өте маңызды.
Әлеуметгену түрғысынан, жеке тұлғаның қальгатасуьгадағы аса
маңызды осы кезең, себебі ол кең мағьшада таңдау жасау кезеңі -
мамандықты, өмірлік серікті, қүндьшықтар жүйелерін, т.с.с.
Эксперименттік түрғыдан, зерттеулерде негізгі назар аударылатыы
мәселе -шешім қабыдцау. Жастық кезең элеумепік психолог үшін
шын мәніндегі жақсы табиғи лаборатория, себебі, ол -емірлік
маңызды шешімдер қабылдау кезеңі. Және де мектептің -
элеуметгену институты ретінде ондай шешімдерді қабылдауда
қаншалықты комектесетінін, жеңілдететінін, қамтамасыз ететінін,
үйрететінін зерттеу, әрине, маңызды.
Әлеуметтену проңесіне жоғары білім беру кезеңі кірістіріледі ме
деген мэселе, жоғары оқу орындарын әлеуметтік ннституттар ретінде
қарастырумен байланысты, бірақ ондай зерттеулер элі жүргізіле
қойған жоқ.
Еңбектік кезеңдегі
элеуметтену ннститутының ішіндегі
маңыздысы - еңбек үжымы. Әлеуметтік психологиядағы көптеген
зерттеулер еңбек үжымдарының материалдарында жасалынған,
дегенмен олардьщ элеуметтену институты ретіндегі ролін анықтау элі
жеткіліксіз. Кез келген еңбек ұжымын зерттеу материалдарын
талдауды осы түргыдан қарастыруға болады, мэселен жетекшілік
стилін немесе топтық шешім қабыдцау, бүлар да еңбек үжымьшьга
кейбір жақтарьга әлеуметтену институты ретінде сипаттайды.
Дегенмен, бүл жағдайда проблеманың барлық жақтары қарастырыл-
майды, мысалға, жеке тұлғаның үжымынан қол үзуі, басқа
антиәлеуметтік тотарға (қылмыстық топтар, ішкіпггер, т.с.с.) кетуі.
Әлеуметтену институты түрғысынан қарастырғанда референтті
топтар мэселесі жаңа мазмүнға ие болуда, бүл топтардың күші
41
мен әлсіздігі, әлеуметтік оң тэжірнбені бере білудегі мүмкіндіктері
айтарлықтай.
Еңбектен кейінгі кезеңдегі элеуметтену проблемасыньщ
шешілмеуіне байланысты бұл кезеңдегі элеуметтену институттары
туралы пікір де айқындалмаған. Дегенмен осы кезеңде көбіне
зейнеткерлерден тұратын қоғамдық ұйымдарды ғана атауга болады.
Мосқап адамдар проблемаларьш қарастыру бағытыңда зертгеулер
жүргізу, элеуметтену институттарын аньщтау апдағы күн мәселесі
*деп айтуға болады.
Жеке тұлға үшін, оның қандай әлеуметгену эсерінде
қальштасқаны өте маңызды. Үлкен әлеуметтік топ ретінде көрінетін:
эдет-ғүрып, дэстүрлер, дағдылар, өмір сүру бейнесі де өзінің эсерін
тигізеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық
айырмашылығы, эртүрлі елдердің тарихи-мәдениеттік ерекшеліктері,
т.с.с.
факторларды есепке алу қажет.
Қорыта айтқанда,
элеуметтенудің нақты нәтюкесі осылардың барлыгының тең әсерлі
күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мэселесі өз
ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратьш көпір іспетті
зерттелуі қажет.
3. Әлеуметтік бағдар
Әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны зертгегенде элеуметтік
бағдар проблемасы маңызды орын алады. Егер де элеуметтену
процесі - жеке адам элеуметтік тэжірибені қалай игереді, оны
белсенді түрде қалай қайта жаңғыртатынын ғана түсіндірсе, жеке
тұлғаның элеуметтік бағдарьга қалыптастыру - осы игерілген
элеуметтік тэжірибе жеке тұлға қалай пайдаланады, оның нақты іс-
эрекеттері мен қылықтарында ол қалай көрінеді деген сұрақтарға
жауап береді.
Тек осы механизмді зерттеу нэтижесінде ғана адамның мінез-
құлқы мен іс-эрекеті нақты түрде қалай реттелініп отыратынын
түсіндіруге болады. Алдымен жеке тұлғаны іс-әрекетке итермелейтін
қажеттіліктер мен мотивтерді талдау қажет. Жеке тұлғаның жалпы
теориясында, нақ осы қимыл-эрекетке итермелейтін қажеттіліктер
мен мотнвтердің арақатынасьгаың ішкі механизмдері қарастырылады.
Дегенмен осы жағдайда мотивті таңдаудың өзі немен анықталатыны
белгісіз болып қалады. Бұл сұрақ екі жақты: 1) белгілі бір
жағдайларда адамдар неге бұлай, немесе солай істейді; 2) жэне де
нақты мотивті таңдағанда нені басшылыққа алады? Мотивті
42
таңцауды белгілі деңгейде анықтайтын ұғым - әлеуметтік багдар
ұғымы.
Әйгілі грузин психологы Д.Н.Узнадзе мектебінде "бағдар"
(установка) арнаулы зерттеу мэселесі ретінде қарастырылады. Бірақ
Узнадзенің "багдары" әлеуметтік бағдардан басқаша ұғым. Негізінен,
бағдар ұғымы - адамның карапайым физиологиялық қажеттіліктерін
өтеумен байланысты. Әлеуметтік бағдар ұғымына жақьгаырақ тұрған
ұғымдар: адамның кез келген нәрсеге өзіндік көзқарасы
(И.Н.Мясищев),
адамның
элеуметтік
ортаға
позициясы
(Л.И.Божович), бағыттылығы, "жеке адамдьщ мәні"(А.И.Леонтьев).
Сондықтан әлеуметтік бағдарды түсіну үшін осы ұғымның әлеуметтік
психологияда қальштасу дәстүрін қарастырған дұрыс болады.
Әлеуметтік бағдарды зерттеу батыс психологиясы мен
социологиясында қальгатасқан (Дэвис, 1972). Бұл проблеманы
қарастырғанда әлеуметтік-психологиялық мәселелерге баса назар
аударылады. Шет елдік зерттеушілер "әлеуметтік бағдар терминін
көбіне "аттитюд" ұғымымен атайды. Француз тілінен аударганда,
аттитюд - элеуметтік бағдар дегенді білдіреді. Аттитюд ұғымын
әлеуметтік психологияға енгізгендер У.Томас пен Ф.Знанецкий (1918
ж.) Американ зерттеушісі Г.Олпорттың айтуынша әлеуметтік
бағдарды зерттеудің негізін қалаушы Г.Спенсер (1862 ж. "Первые
принципы" еңбегінде). 1935ж. Г.Олпорт бұл ұғымның 17 түсінігін
береді. Осы кезден бастап, аттитюдті зерттеу жан-жақты қолға
алынды. Зерттеулерде, негізінен, аттитюдтің функциясын анықтау
жэне құрылымын талдау бағыттары басым. Аттитюдтің 4
функциясын қарастыруға болады: 1) бейімделінушілік (аттитюд
субъектіні, мақсатгарына жеткізуге жетектейтін объектілерге
бағыттайды); 2) білу функциясы (аттитюд нақгы объектіге деген
көзқарас тэсіліне қарапайым нүсқаулар береді); 3) көріну (кейде
құндылық, өзін-өзі реттеу функциясы деп аталынады) - аттитюд
субъектінің ішкі күйзелістен арылуы, өзін жеке тұлға ретінде көрсету
қүралы болады; 4) коргану функциясы (аттитюд жеке тұлғаның ішкі
дау-дамайларын шешуге мүмкіндік береді).
Аттитюд күрделі құрылымды болғандықтан аталған барлық
функцияларын іске асыра алады. 1942 ж. М.Смит аттитюдтің үш
компонентті құрылымын анықтады: а) когнитивті компоненті
(элеуметтік бағдар объектісін саналы түрде ұғьгау); э) аффективті
компоненті (объектіні эмоциялық бағалау, оған дұрыс не теріс
43
сезімнің анықталуы); б) мінез-құлықтық (конатнвті) компоненті
(обьектіге бір сарынды көзқарас). Ендігі жерде әлеуметтік бағдар -
ұғыну, бағалау, іс-әрекетке дайын болу деп анықтала бастады.
Көптеген эксперименттік зерттеулерде (К.Ховланд "Йель
зерттеулері") аттитюдтің үш компоненті анықталады. Зерттеулерден
қызықты нәтижелер алынғанымен, көптеген проблемалар шешусіз
қалды. Алдымен, шкалалар нені өлшейді, аттитюді ме, элде бір
компонентін ғана ма (негізінде обьектіні тек эмоциялық бағалауды
ғана өлшейтіндей әсер қалыптасады) Эксперименттерде бір объектіге
бағытталған аттитюд қана қарастырылды. Сонымен бірге аттитюдің
адамның нақты жағдайда өзін ұстауымен (мінез-қүлқы) байланысты
қиындықтар туындады. Бұл қиьщдық РЛапьердің 1934 ж.
экспериментінен кейін көрінді. Лапьер экспериментінде екі қытайлық
студентпен АҚШ — тың 252 мейманханасына барған, біреуінен басқа
мейманханалардың бәрі де оларды жақсы қарсы алған. Лапьерге де,
қытайлықтарға да көрсетілген қызмет бірдей болады. Екі жыл өткен
соң Лапьер 251 мейманханаға сол екі қытайлықпен (енді оның
қызметкерлері) тағы да келсек, қалай болар екен, - деғен хат
жолдайды. 128 мейманханадан келғен жауаптардың біреуінде ғана
келісім берілген, 52 % - де қарсы болған, қалғандарынан жалтарма
жауаптар алынған. Лапьердің айтуышпа аттитюд (қытайльщтарға
деген көзқарас) пен қожайынның нақты жағдайда өзін ұстауының
арасында алшақтық бар. Хаттарда теріс аттитюд бар екені
көрінгенімен, нақгы жағдайда ол көрінбейді, керісінше оң аттитюд
бар сияқты эсер қалады. Бұл тұжырым "Лапьер парадоксі" деп
аталады.
Мұндай құбылысты түсіндіру үшін М.Рокич адамда екі түрлі
аттитюд болады деген идея ұсынды: объектіге және жағдайға. Д.Кац,
пен Э.Стотлендтің пікірінше, әртүрлі жағдайларда аттитюдтің әртүрлі
жақтары көрініс береді. Аттитюд проблемасына басқа да көптеген
көзқарастар болғанымен, берін түгелдей түсіндіретін модельдер әлі
жасалынганжоқ. Атгитюдтік құбылысіы тереңірек түсіну үшін
В.А.Ядовтың "Саморегуляция и прогнозирование социального
поведения личности" деген еңбегін қарауға болады. Ол еңбекте
"Жеке түлғаның әлеуметтік мінез-қүлқын реттеудің диспозициялық
қағидасы (концепция) берілген. Әлеуметтік бағдарды қарастырғанда
маңызды мәселелердің біреуі- аттитюдтің өзгеруі.
44
Аттитюд адамның белгілі іс-әрекетінде көрініс бергендіктен,
оның өзгеруін де, іс-эреқеттің өзіндегі өзгерістерді талдау арқылы
түсінуге болады. Біз үшін, маңыздысы - мотив (түрткі) пен іс-әрекет
мақсаты арасындағы арақатынастың өзгеруі, себебі тек осындай
жагдайда гана іс-эрекеттің жеке түлгалық мэні өзгереді, демек
элеуметтік бағдар да өзгереді.
Кейбір ғалымдардың (әлеуметтік психолог) көзқарасы бойынша,
бағдар, әлеуметтік бағдар, қүндылық бағдар, өлеуметтік таптауырын
(стереотип), жеке түлғаның элеуметтік бағдарлануы деген үғымдар
неарархиялы түрде былай байланысады:
а)
әлеуметтік бағдар - қажеттілік, орта және әлеуметтік
күтінулердің бірлестігінің негізінде қальгатасатын элеуметтік
объектілерге деген бекітілген багдар. Әлеуметтік бағдардың
негізінде
қоғамның
(топтың)
бүрынғы
тәжірибесі
жэне
индивидтің жеке тэжірибесі жатады. Әлеуметтік бағдар объектіге
деген көзқарасты да қамтиды. Көзқарас эрқашанда бағалау
ретіңде көрінеді: қолдау - қолдамау — екі үпггылық;
э)
қүндылық бағдар - субъекті мен қоғам үшін маңызды
қүндылыққа бағытталған әлеуметтік бағдар - қрғамның материалды
объектісі немесе рухани мэдениеті;
б)
қүндылық бағыттылық - жеке тұлғаның қүндылық
бағдарларының жүйесі, жеке түлғаның қүндылықтарға деген
таңдамалылық көзқарасын сипаттайды. Ол иеарархиялы түрде ( 4
сурет) үйымдасқан белгілі қүрылым ретінде болады жэне де
адамның бағыттылығын анықтайды;
в)
әлеуметтік таптауырын - қандай да болмасьга міндетті
түрде эмоциялық көріністер бар кез келген бір әлеуметтік объектіге
(қүбылысқа) бағытталған бағдарлар кешені;
Әлеуметтік таптауырын (жүйе) —|
Жеке тұиғаның элеуметтік
бағдарлануы
Құндылық бағдарлану жүйесі — |
Т
Қүндыл ық бағдар
Әлеуметтік бағдар
4 сурет. Жеке адамның әлеуметтік бағдарлану жүйесі
45
г)
әлеуметтік бағдарлар мен әлеуметтік таптауырындар жүйесі -
жеке тұлғаның әлеуметтік бағытгылығын құрайды. Бұл өте кең ұғым
(құбылыс), оны адамның дүниетанымымен сәйкестендіруге болады.
Әлеуметтік ба^дарлану индивидке элеуметтік болмыста бағьпталуына
мүмкіндік береді.
Әлеуметтік бағдарланудың иерархиялы жүйесі жоғарыдағы
схема түрінде қарастыруға болады (4 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |