Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата10.11.2022
өлшемі4,38 Mb.
#49114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
httpslibrary.tou.edu.kzfulltextbuukb1088.pdf

4


ТАРАУ
ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек гылымның- 
социология (әлеуметтану) және психологияньщ (жантану) жігінде 
пайда болып, XX гасырдың басынан өз бетінше дербес гылым ретінде 
қалыптасуда.
Сондықтан да, бір жағьгаан, социология ғылымы әлеуметтік 
психологияны өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан, ол - 
психология ғылымьшың бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше 
себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды 
зерттеу, екі гылымның да - психология мен социология 
ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. 
Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, 
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден 
адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысьгада ерекше 
байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда 
болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше 
мүмкін емес екені анық.
Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бүл пәннің осы екі 
ғылымның - психология мен социологияның қойнауынан дамып, 
жеке пәнге айналуымен байланысты.
Әлеуметтік психологияньщ жеке түлға психологиясымен де 
түйісетін жерлері бар.
Екеуінің де негізгі қарастыратьгаы — иңдивид, жеке түлғаны 
зерттейтін 
психологтар 
индивидтердің ішінара жекедаралық 
механизмдері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне көңіл 
аударса, әлеуметтік психология индивидтерден түратьга адамдар 
тобы түтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай 
әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік пснхологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 
1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы 
В.Макдугалдьщ (1871-1938) “Әлеуметтік психологияға кіріспе” 
еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың 
“Әлеуметтік психология” деген еңбегі де жарық көрді. Дегенмен де
5


1897 ж. Дж.Болдуиннің “Әлеуметтік психологиядан зерттеулер” атты 
еңбегі де осы пәннен бірінші жүйелі басшылық деп қарастыруға 
тұрарлықтай. 
Қазірдің 
өзінде 
әлеуметтік 
психологиялық 
құбылыстарға америкальщ және европалық дәстүрлер сақталынуда.
Өз дамуында элеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда 
көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде 
зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зертгеуге 
көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық 
тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын 
топтар, адамдардың әлеуметтік бағдгфы, топтарға әсер ету тэсілдері 
мен әртүрлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта 
адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясьш құру 
проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-қүлқы зерттеуге 
де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықган, элі де болса ондай 
теория жасалыну үстінде.
Қазіргі таңда толығымен мақүлданған элеуметтік психология 
пэнінің анықгамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, элеуметтік 
психологияның пэні эртүрлі элеуметтік топтарға кіріктірілген 
адамдардың қарым-қатынасьгаың заңдылықтарын, жэне де сол 
топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым 
деген көзқарас басым.
Американ психологы Д.Майерстің анықтауынша: “әлеуметтік 
психология - адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай 
әсер етеді жэне бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым!
2. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу 
тарихы
Әлеуметтік психологияның дамуъшың алғышарттары негізінен 
басқа кез-келген ғылыми пэннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, 
алдымен философия ғьшымыньщ қойнауында қалыптаса бастаған, 
бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, 
басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.
Американ зерттеушісі О.Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік 
психологияның 
көптеген 
проблемалары 
ежелгі 
философия 
жүйелерінде пайда болған.
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек 
еліндегі ғұлама ғалымдар Платонньщ “Республика” еңбегінде, 
Аристотельдің “Саясат” жэне “Этика” еңбектерінде қаланған.
6


Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл- 
Фараби бабамыз өзінің “Қайырымды қала тұрғындары” деген 
еңбегінде былай деп жазган: “Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір 
СҮРУІ> дамуы жэне жоғарғы дэрежеге жетуі үшін көптеген заттарды 
қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін 
адамдардың қауымдастығы қажет”.
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ.г.) Гоббс, Локк, 
Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету кажет.
XIX ғ. орта түсында, қоғамдьщ процестерге қатысты көптеген 
ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі 
қарқьшдап дамыды. Осы кезеңде Европада капнтализмнің дамуына 
байланысты, әр түрлі елдер арасьшдағы экономикальщ қатынастар 
көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы 
қарым-қатынас 
жасаудың, 
басқа 
халықтың 
психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бүл проблемаларды 
шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, 
археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды 
түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдьпс құрылыс 
мэдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог 
Л.Морган америка үндістерінің тұрмысьш зерттесе, француз ғальшы 
(социолог және этнограф) Леви-Брюлъ алғашқы қауымдық 
құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы 
тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде 
психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология гылымьша келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде 
XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы 
француз философ-позитивісі Опост Конт.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен 
екі ғылымның (психология мен социология) дамуьшда бір-біріне 
қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды 
қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік — психологиялық теориялар 
арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар 
психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметгік мінез- 
құлықтың инстинктер теориясы.
7


Халықтар психологиясы әлеуметтік-психологиялық теориялар- 
дың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда 
қалыптасты.
Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ 
М.Лацарус (1824-1893) жэне тіл маманы Т.Штейнталь (1823-1893), 
1859 жылы “Халықтар психологиясы жөне тіл білімі” журналы 
жарық 
көрді. 
“Халықгар 
психологиясы 
туралы 
кіріспе 
тұжырымдары” деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын — 
тарихтың негізгі күші — халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет
- ғұрыпта көрсетуі - деп түйіндеді.
Хальщтар психологиясы идеясьга ары қарай дамытқан В.Вундт 
(1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық “Халықтар 
психологиясы” еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, 
психология екі бөліктен: физиологияльщ психология жэне хальщтар 
психологиясынан қүрылуы керек. Физиологияльщ психология 
эксперименттік пән, бірақ эксперимент жогарғы психологияльщ 
процесстер — сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ 
осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оньщ әдістері де 
басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мэдениет өнімдерін тадцау.
Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым
А.А.Потебня зерттеулерінде қарастьфылды. Ладарус, Штейнталь, 
Вундт жэне Потебня проблеманы эртүрлі түрғыда қарастырғанымен, 
түжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид 
санасы емес, халык санасында қалыптасқан қүбылыстарға тап болды, 
сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатьга, өзіне тэн 
эдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.
Қазақстанда осьгадай көзқарастарды ары қарай дамытқан 
этникалық психология мэселелерімен айналысқан, осы ғылымның 
негізін қалаушылардың бірі саналатын М.Мүқанов.
Әлеуметтік — психологиялық теорияның екінші формасы 
бүқара, көпшілік психологиясы. Бүл теорияда жеке адам мен 
қоғамның өзара қатынасы қарастырылды.
Үшінші, әлеуметтік — психологиялық көзқарастар жүйесіне 
элеуметгік мінез-қүлықтың инстинктер теориясы жатады. Бүл 
теорияны үсьгаған агьшшын психологы В.Макдугалл (элеуметтік 
психологияньщ негізін қалаушылардың бірі), оның негізгі тезисі - 
әлеуметтік мінез-қүльщтың түпкілікті себебі адамдардағы туа біткен 
инстинктер дегенге саяды. Макдугалл жеті пар инстинктерді жэне 
олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бөліп көрсетть Оның
8


идеяларының өте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінез- 
құлықтың бір мақсатқа (“ гормэ” -ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана 
(санадан тыс) деген идеясы психология 
гылымының 
тарихында 
теріс әсерін тигізйі.
Инстинктер теориясьгаың бұл идеясы салдарларын жеңу 
гылыми элеуметтік психологияның қалыптасуьшың маңызды 
кезеңіне 
айналды. 
Аталмыш 
көзқарастардың 
бэрінде 
де 
экспериментгік зерттеулердің жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен 
де “әлеуметгік психология” дербес пән деген ұсьшыс жасалды, енді 
оньщ эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.
Әлеуметтік психологияньщ эксиерименггік кезеңіне өтпестен 
бұрьга, алдымен оның теориялық негіздерін қарастырған Маркстің 
дүниетанымына тоқтала кетейік. Бұл дүниетаным XIX ғасьфдьщ 
ортасьгада қальштаса бастады. К.Маркстің “Капитал” еңбегін 
Дж.Болдуин жеке-даралық жөне қоғамдьщ сананың арақатынасында 
түбегейлі өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, - деп атап көрсеткен.
Әлеуметтік психология белгілі деңгейде қоғамдьщ гылымдарға 
жататындықтан, 
марксизм 
теориясынмен 
іргелі 
теориялық 
қағидаларын (қоғамдык құбылыстар, адам табиғаты, қоғам) 
қабылдауына 
болады. 
Бұл 
тұрғыдан 
алғанда, 
қоғамдық 
құбылыстардың нақты әлеуметтік — психологияльш; феномендерді 
зерттеуде қандай көрініс беретінін қарастьфу. Сонымен бірге 
әлеуметік — психологияньщ эдіснамальщ құрал-жабдықтары 
марксизм теориясьгаың негізгі қағидаларьша сүйенеді. Әлеуметтік — 
психологияльщ білімнің маңызды теориялық негіздері ІСМаркс, 
Ф.Энгельс, В.И.Ленин жэне де Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский,
A.Грамшит, т.б. еңбектерінде керсетілген. Үзақ уақыт бойы кеңестік 
психолоттардьщ көзқарасьгада маркстік теориялар үстемдік етіп 
келді. Қазіргі кезде, эрбір ғалым-зергтеуішінің қандай теорияны 
негізге алуы, зерттеу мақсат — міндеттеріне сэйкес өзінің тізгінінде.
XIX ғасьфдьщ басы, эсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан 
кейінгі кезең, элеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға 
айналу кезеңі деп саналады. Ресми бастамасы ретінде Европада
B.Мид, АҚШ ғалымы Ф.Олпорт ұсынған, элеуметтік психологияны 
экспериментгік психологияга айналдыру қажет деген талаптары 
болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің қауырт дамуына 
байланысты, әлеуметтік психологтардың өзекті элеуметгік — саяси 
мэселелерге көңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу 
қажетгілігі туындады.
9


Бұл кезеңде теориялық тұрғыдан Мақдугалл тұжырымдамасын 
сынға алумен қатар, әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: 
психоанализ, бихевиоризм және гештальт-теория бағытгары анық 
көріне бастады. Әсіресе, эксперименттік пәнді тұрғызудың негізі 
болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді.
Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар - шағын топтарға 
бөліне бастады. Эксперименттік тэсілдерді пабдалану шағын 
топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АҚШ-та 
әлеуметтік психологияның бір жақты, экспериментгік турде дамуы 
басталды. Ғылымның теориялық жағы назардан тыс қалды.
Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, 
қолданбалы эдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін 
тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі:
1) көпшілікгік процестерді, олардың ерекшеліктерін зерттеу 
мэселеден тыс қалды; 2) экспериментгік бағдар қоғамдағы нақты 
проблемаларды түсіндіруге бағытгалғанымен, оның әлеуметтік 
мазмұнын түсіндіруде ғылыми негіздерсіз қалды.
Дегенмен осы кезеңде экспериментгік зерттеулер көптен 
жүргізіліп жатқанда кейбір теориялық мэселелерді зерттеулер қолға 
алымын отъфды. Бірақ, олар мардымсыз, танымал болмады.
Ал 5О-жылдардан бастап, осы бағытгағы зерттеулерге баса көңіл 
бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, 
когнитивтік жэне интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, 
Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).
Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың 
элеуметтік — психологиялық нұсқасы болса, ап төртінші бағъгг —
4 
интеракционизм әлеуметтік негізде еді.
Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиорстік бағытта дамуда. 
Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым- 
қатынастар зертгеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, 
Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек 
жануарларда жүгізілуі (А.Бандур зерттеулерінің көбісі адамдарда 
жүргізідці) бұл бағыттың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді 
талдаудың 
жеткіліксіздігінен, 
элеуметтік 
психологияның 
“элеуметгік” түрі аз керініс береді.
Психоанализ элеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең 
таралмаған. Мұнда да элеуметтіх - психологиялық теория тұрғызу 
талпыныстары бар.
10


Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен 
Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм 
ндеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да 
бар. Ондай теорияларға мысал ретінде топтық процестер 
теорияларьш: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Щутц атауға болады. 
Бихевнористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатьшастан гөрі 
көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы 
бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне 
әсерінің элеуметтік-психологиялық механизмдерін пайдалану тэн. 
Психоанализді әлеуметгік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, 
кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы 
тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке түлға" еңбегін атауға 
болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).
Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік 
психология (А.Маслоу, КРоджерс) туындауына себеп бодцы. 
Негізінен тренинг тобьшың теориясы мен практикасына сүйене 
отырьш, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі 
кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналым 
келеді.
Когнитивизм гештальтпсихология мен ЬСЛевиннің өрістер 
теориясынан бастау алады.
Бүл бағыттағы көптеген теориялардьщ (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, 
Д.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, 
Р.Крачфилд, С Аш) негізі - жеке гүлғаның элеуметтік мінез-құлқын 
түсіндіру. Адам санасында элемнің түтас, байланысқан идеалды 
көрінісін түрғызу (қоршаған нақты әлемдеті қарама-қайшылықтарға 
байланыссыз) — Бүл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бүл 
бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).
Интеракционизм элеуметтік бағытгағы жалғыз теория ретінде 
Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.
Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің 
теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы 
(Т.Сарбин), референтті топтар теорнясы (Г.Хаймен, Р.Мертон). 
Э.Гофманның элеуметтік драматургия теориясы . Бүл теорияда "өзара 
эсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, 
қогамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке эсер ететін 
элеуметтік себептерді қарастыру мэселелері шешілмеген.
Осы төрт, бағыттың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе 
бір-біріне араласып отырады.
11


Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық элеуметгік психология- 
дағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар 
аралас көрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік зерттеулерде 
теорияға бұрьгағыша көңіл бөлінбеуі Г.М.Аядрееваның пікірінше, 
элеуметтік психологиядағы терең дағдарысты көрсетеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияның дамуының үш түрлі 
әлемі бар деп саналады.
Біріншісі — Америка мен Канада психологтарыньщ зерттеулері 
жеке түлғалық бағьгг (Солтүстік Американың), екіншісі - Европалық 
(топ аралық, әлеуметтік деңгейлерге баса назар аудару), үшіншісі - 
дамып келе жатқан елдерде, экономикалық жағынан артга 
қал ушыл ықтың өздеріне тән проблемалары.
Бүл елдерде психологияны бірінші және екінші елдерден әкелу 
"импорт" қалыптасқан. Дегенмен де әлемдік интеграцияньщ 
дамуымен бірге, жер бетіндегі бар адамдарға ортақ әлеуметтік 
психологияның қадыптасуы мүмкін.
3. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның зерттеу эдістерін екі топқа бөліп 
қарастыруға болады: зерттеу эдістері және эсер ету эдістері. .
Зерттеу әдістерінің өзі - мэліметті (ақпаратгы) жннау және оны 
өвдеу болып екі топқа бөлінеді.
Мэліметті жинау әдістеріне: бақылау, қүжаттарды қарастыру, 
өндеу (оған контент-анализ де кіреді), эртүрлі сүрау әдістері 
(сауалдама, ннтервью), тестілер (сынақ), оның ішінде ең көп 
таралғаны социометриялық тест (элеуметтік өлшем) және де 
эксперимент (табнғи жэне лабораториялық). Осы әдістердің көбісі 
социологияда қолданылатьгадармен пара-пар (Ядов, 1993). Дегенмен 
кейбіреулеріне 
элеуметтік 
психологияның 
ерекшеліктеріне 
байланысты пайдалану түрғысынан қысқаша тоқталуға болады.
Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда нетізгі іздестірілетін 
сүрақтардың бірі - қалай бақылау керек? Бақылағанда не нэрсеге 
кеңіл бөлінеді?
Әлеуметгік — психологияльщ зерттеулердің әрбірінде бақылау 
бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір 
маңызды жағдай - бақыланатьга жағдайдың уақыт аралығы, бақылау 
бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары 
болғанымен, Бүл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Бүл эдіс
12


оншалықты 
қарапайым 
эдіс 
болмағандықтан 
әлеуметтік 
психологиялық зерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі 
мүмкін.
Құжаттарды қарастыру - өңдеу эдісі үлкен маңызы бар әдіс, 
себебі осы эдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнімдерін талдауға 
болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық 
қасиеттері) жеңу үшін ерекше "контент-анализ" тәсілі ("мазмүнды 
талдау") енгізіледі. Бүл тәсілде текетіде арнаулы "бірліктер" бөлініп 
алып, солардың пайдалану жиілігі саналады. Көбіне бүп эдіс 
әлеуметтік психологияда көпшіліктік коммуникаңиялық зерттеулерде 
қолданылады (теледидар, баспасөз, т.б.)
Сүрау эдістері (сүрақ - жауап) көптеген эдістердің ішінде 
әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен 
топтарды зерттегенде анкеталар (сауалдама) жэне интервью 
пайдаланылады. Осы эдісті қолданғанда негізгі эдіснамалық 
проблема-сүрақтарды дүрыс қүрастыра білу өнеріне байланысты . I 
шарт-сүрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетгі 
мэліметті алу жөне оның негұрлым сенімді болуы.
Әрбір сүрақгы құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру, 
бөлек блоктарға топтастыру жөне т.б. бойынша көптеген ережелер 
бар. Әдебиетте сұраунаманы құрастыруда кездесетін типтік 
қателіктер көрсетілген. Сұраунаманы құрастыру - өте қиын да 
маңызды жүмыс, себебі ол нашар құрастырылса алынатын нәтиже де 
дүрыс болмайды.
Ерекше үлкен проблема - интервьюді қолдану, бұл жерде 
интервью (сүрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші) арасында 
өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де әлеуметтік - 
психологиялық құбылыс. Интервью кезінде элеуметгік психологияда 
сипатталатын бір адамның екінші адамға әсері, адамдардьщ бір-бірін 
қабылдау зандьшықтары, қарым-қатынас нормалары - бэрі де көрініс 
береді. Осы айтылған сипаттамалардың қайсысы болса да алынатын 
мәліметтің сапасына эсерін тигізуі мүмкін. Ондай проблемаларды 
шешудің жолдары әлеуметтік психологияда қарастырьшған, тек сол 
әдістерді игеруге байыппен қарау қажет.
Әлеуметгік психологияда көбінесе топтьщ сынақтардан (тест) 
кері, жеке тұлгалық сьшақтар қолданылады. Психологияның Бұл 
саласында пайдалаяылатын тестілер, көмекші эдістерге жатады. 
Сондықган да олардың нәтижелері басқа әдістер арқьшы алынған 
деректермен сәйкестенуі керек, жөне де Бұл әдіс (тест) көбіне жеке
13


тұлға проблемасын зерттеуде көрінеді. Топтарга арналған тест ішінен 
кең таралганы элеуметтік өлшем, ол шағын топтарды зерттеуде 
қолданылады.
Эксперимент әдісі әлеуметгік психологияда негізгі зертгеу 
эдістерінің бірі. Экспериментгің негізгі екі түрі бар: табиғи және 
лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелерге:
1) Экспериментатордың тәуелсіз айнымалы амаларды енгізуі 
мен оны бақьшауы және тәуелді шамалардың өзгеруін бақылауы;
2) Экспериментгік және бақылау топтарьш бөліп қарастыру 
шарты жатады.
Барлық 
аталған 
эдістердің 
элеуметтік 
психологиялық 
зерттеулерде қолданылуындағы өзіндік ерекшелігі - зерттеленуші мен 
зерттеушінің өзара әсері. Бул эсер интервьюде айқынырақ 
көрінғенімен, шын мэнінде барлық әдістерде де орын алып отырады, 
Оны есепке алу қажеттігі эрқашан айтылып жүрсе де, Бұл 
проблеманы тұпкілікті қарастыру элі алда сияқты.
Әдістердің екінші тобы — материалды өңдеу эдістеріне барлық 
статистикалық тэсілдер (коррекциялық анапиз, факхорлық анализ), 
логикалық және теориялық өндеулер (типологиялар тұрғызу, 
түсіндірулерді тұрғызудьщ эртурлі тэсілдері, т.б.) жатады. 
Құндылықтар проблемасы осындай эдістерді пайдаланғанда аса 
маңызды мэселеғе айналадьі.
Аталған проблема сапалы зерттеу эдістері мэселесімен астарлас, 
элеуметтік психология да^ социологияда да кең талқьшануда (Ддов, 
1995).
Әлеуметтік — психологиялық зерттеу жургізу үшін, алдымен 
бағдарлама құрған дұрыс. Әрбір нақты зерттеуде шешілетін 
міндеттер, зерттеу обьектісі, зерттеу проблемасын тұжырымдау, 
қолданылатын ұғымдарды нақтылау жэне де пайдаланылатын барлық 
әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде 
ғана шын мэніндегі ғылыми нәтижелер алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет