Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

түйектер''  санының  үлғайып  кетуi.  Осындай  жинақталып  келген ''ұсақ-түйектер''  адамның  өз 
болмысын анықтамай, сырттай ''бет əлпетiн'' айқындайтыны бар. Мұғалiм санасында қалыптасқан 
оқушы  бейнесi ''жалпыланған''  күйде  болып,  нақты  тəрбиелiк  ықпалға  үйлеспей  қалады. 
Сондықтан  да  əрбiр  отбасы  өз  перзентiнiң  дарындылық  тарапын  баса  айтып,  мұғалiмдерден 
баланың ұнамды тараптарына ыңғайласа жұмыс жүргiзуiн талап еткенi жөн.
 
15.  Мүмкiндiгi  болса,  үйде  баланың  оқу  жұмыс-тарын  орындайтын  дөңгелек  формалы
стол  пайдаланыңыз.  Дөңгелек  стол  төңiрегiндегi  адамдардың  əрқашан  ерiксiз  қайрымды 
болатыны ғылымда дəлелденген.
 
16.  Ата-ана  əлпешi  мен  оның  ғажайып  ұнамды  ықпалға  ие  болатыны  баршаға  аян.  Осы 
киелi ықпалды жалықпай пайдалануға күш салыңыз. 
 
17.  Отбасыда  өшпендiлiкке  бiрде-бiр  орын  қалмауы  тиiс. ''өшпендiлiк  жолын  қалаған 
адам  екi  табыт  арқалайды,  бiрi - өзiнiкi''   (О.  Уайльд).  Бала  қылығына  егесiп,  оны  қандайда 
жақсылықтан  айырған  əке  мен  шеше  оған  өшпендiлiк  жасағаны.  Мұндай  жағдайда  балаға  ық-
палды  қатынасыңызды  ашу-ызаға  бұрмай,  экономикалық  жолмен  шешкенiңiз  дұрыс: iстемеген 
екенсiң - еш нəрсе алмайсың, ештеңе саған берiлмейдi. 
 
18.  Еш  бiр  пендеге  де  өз  өмiрiн  қате,  кемшiлiксiз,  ''басын  жарға  ұрмай''  жүрiп  өту 
бұйырмаған. өмiр күрде-лiлiгi мен таңданарлығы да осынысында. Көбiрек өмiр тұрмысы жайында 
баламен  сұхбаттасыңыз.  Құрғақ  уағыз-дан  гөрi  балаңызға  үлгi-өнеге  көрсетiңiз,  өз  тəжiрибеңiздi 
əңгiмелеңiз, отбасылық, бабалар тарихын қозғаңыз, өсиет, хадис сөздерiн пайдаланыңыз.

19.  Бос  əрекеттен  қашыңыз,  адами  намысын  оятып,  баланы  өз  бойында  мақтаныш 
көздерiн табуға үйретiңiз. өз қадiр-қауметiн сезiп, бағалай бiлген адам қандай қиыншылық кезiксе 
де ұяттан үстем болуға, ел көзiнде аяқ асты болмауға тырысады, бар күшiн салып бағады.
 
20.  Əр  қандай  жүйе  тұрақты  да  берiк  болуы  үшiн  оны  уақытылы-уақытымен  ''сiлкiлеп''
тұрған  жөн.  өз  бала-ларың  бен  шəкiрттерiңiздi  осылайша  берiк,  белсендiлiк  тексерiсiне  салып 
тұрсаңыз, тəрбиелiк iсiңiздiң қанша-лықты жемiстi болғанына не боларына көзiңiз жетедi.
 
21. Алдымен көздеген əрбiр iсiңiздi ой сарабынан өткiзудi ұмытпаңыз, əрекет кейiн бола 
бередi. 
 
22.  Баланың  қандай  да  келеңсiз  iстелген  əрекетiне  қатынасыңыздың  алғашқыда  сезiмдiк 
(эмоционалды) болатынын, ол екiншi əрекетiңiз – насихат айту көңiл шарпуыңызбен бiрге жүредi. 
Осы байланысты өз мүддеңiзге бiрлiктi қолдана бiлiңiз.
 
23.  Ғылым  дəлелдегенiндей,  уақыт  қорының 20 пайыздық  алғашқы  мезетiнде  көздеген 
нəтиженiң 80 пайызы  қолға  тиедi,  ал  қалған 80 пайыз  уақытында 20 пайыз  нəтиже  орындалады. 
Сондықтан ''қуалай'' тəрбие-леудi үрдiс етпеңiз, пайдасы шамалы.
 
24. Бiркелкiлiк пен бiрiздiлiк – тəрбиедегi маңызды принциптер.
 
            25. Балалардың ересектермен қатынасында теңдiк болмайды, бұлар арасындағы қатынас 
тəуелдiлiк  пен  бағыныштылыққа  негiзделген.  Мұндай  теңсiздiк  арадағы  көңiл  жақындығы  не 
алшақтығымен  өлшенедi.  Балаларға  қойылатын  шектеулер  осы  қатынасқа  тəуелдi.  Бала-
ларыңызбен қатынастың қандай да қаншалықты болары - өз шешiмiңiзге орайлас.
 
             26.  Басқалар  көзiнше  берiлген  ескертудi  бала  əрдайым  жазғыру,  кiнə  қою  ретiнде 
қабылдайтыны белгiлi. Балалар-мен тiлдесудi мұны ешқандай ұмытуға болмайды.
 
             27.  Талаптар  əрқашан  əдiл  де  анық  қойылып,  нақты  орындалуы  тиiс.  өз  педагогикалық 
талаптырыңызды  орынсыз,  қажетсiз  түсiндiрме,  құрғақ  сөздi,  екi  ұшты  насихаттармен 
күрделендiрмеңiз.
 
            28. Тiл алмайтын балаларды күтiлмеген, ''тосын жағдайға'' салып тəрбиелеңiз.
 
             29.  Балаға  болған  қадағалау  неғұрлым  жақын  болса,  оның  арқасында  орындалатын 
бағындыру қызметi тиiмiдiлеу келедi. өз қалауыңызға орайластыра қадағалау дəрежесiн белгiлеп 
алыңыз.
 
            30. өзiңiз таңдаған тəрбие ықпалы нəтиже бермей жатса, əрекетiңiздiң бағдарын шұғыл 
өзгерткенiңiз жөн.
 
             31.  Балалар  саналы  парасаттылықтан  гөрi  тұрақтылықты  сезiнгiш.  өте  дұрыс,  бiрақ ''бiр 
мезеттiк''  ықпалға  қарағанда,  оншама  ойланылмаған,  бiрақ  ұзаққа  созылған  əсер  пайдалылау 
келедi.
 
             32.  Тар  шеңбердегi  адамдармен  болған  қатынас  өзара,  қызығушылықты  кемiтедi.  Егер 
мұндай  байланысты  кемiте  алмайтыныңызға  көзiңiз  жетсе,  ата-аналар  назарын,  мiндетiн  өзiңiзге 
аударудың  жолын   қарастырыңыз.  Сонда  əке  мен  шеше  мiндетi  қандай  да  уақытқа  ауысып  –
балалар сiзден тартынатын болады.
 
             33.  Əр  адамның  өз  келеңсiз  тəжiрибесiнiң  күшi  əсерлiлеу  келедi,  яғни ''балық  басын 
жарға  ұрмай  қайт-пайды''.  Сөзбен  қайталай  үйрете  бергенше,  кейде  балаға  ыстық  үтiкке  қолын 
басып күйдiруге, мұрнын қанатуға, тiзесiн жарақаттап алуға ''рұқсат'' бергеннiң кемiстiгi болмайды.
 
             Айтылғандардың  бəрi – отбасылық  тəрбиеде  қажет  болар  тəуелдiлiктердiң  шет-шеңберi 
ғана.  өз  тəжiрибе,  қорытуларыңызбен  бұларды  толықтырып  бару  ата-аналар  мен  педагогтар
тəрбиесiнiң ықпалын көтерудiң мiндеттерi де қажеттi шарттары.
 
              
 
 4. Отбасына педагогикалық қолдау беру
 
             Мөлтек  ауданындағы  отбасы  мен  қоғамдық  тəрбие  iстерiн  ұйымдастырудағы  жетекшiлiк 
мектепке жүктелген.                 Тəрбиелiк ықпал көздерiн орайластыруда бүгiнде ол өз жұмыстарын 
қайта  қарастырып,  өткен  дəуiрлердегi  ата-аналар  мен  қоғамдық  мекемелер  арасында
қалыптасқан  бiр  тарапты  формальды  iстерден  бас  тартып,  педагогикалық  ағарту  –
сауаттандырудың гуманистiк бағдарына өткенi қажет. 
 
             Балаларды  тəрбиелеуге  байланысты  осы  заман  тəжiрибесiнде  мектеп,  отбасы  жəне 
қоғамдық  iс-əрекет-тердi  бiрлестiре  орындаудың  келесiдей  ұйымдастыру  формалары 
қабылданған:
 
1.  Педагогикалық  ұжым,  ата-аналар  комитетi,  жер-  жердегi  қоғамдық  кеңестер,  клубтар, 
кiтапханалар,  стадиондар,  тəртiп  сақтау  жəне  денсаулық  мекемелерiнiң  жоспарларын  бiрiктiре 
түзу, сонымен тəрбие процесiне қатысушылардың нақты мiндеттерiн айқын бөлiстiрiп беру.
 
2.  Мектеп  күшiмен  ата-аналар  жəне  қоғам  өкiлдерiн   балалармен  жұмыс  жүргiзудiң  тиiмдi 
тəсiлдерiмен  таныс-тырып, жүйелi оқыту.

3.  Тəрбие  жұмыстарының  барысын  тыңғылықты  зерттей  отырып,  олардың  нəтижесiн  бiрлiктi 
талдауға  салу,  сонымен  кезiккен  кемшiлiктердiң  алдын  алып,  оларды  болдырмауға  бiрлiктi  ат 
салысу.
 
         Ата-аналарға арналған негiзгi жұмыстарды мектеп ата-аналар бiрлестiктерi (комитеттер, 
кеңестер, конгрестер, қолдау қоғамдары, кешеңдер, клубтар, т.б.) арқылы орындап барады. 
Мұндай бiрлестiктердiң əрбiрi өз жарғы-сына (ереже, регламент, жоспар) ие болып, олар 
негiзiнде өз iс-əрекетiнiң  басты бағыт-бағдарын белгiлейдi, тəрбие процесiне қатысушылардың 
мiндеттерiн айқындайды. Көп жағдайларда отбасы, мектеп жəне қоғамдық мекемелердiң 
бiрлiктi ортақ жоспары түзiледi.
 
             Бiлiм  жүйесiндегi  жаңа  қатынастарға  орай  ата-аналар  көптеген  мүмкiндiктерге  ие  болып 
отыр:  оқу  пəндерiн  таңдау,  олардың  меңгеру  көлемiн  анықтау,  оқу  жоспар-ларын  түзу,  оқу 
тоқсандары  мен  демалыс  мерзiмдерiн  белгiлеу  жəне  өзгерту,  мектептiң  оқу,  бiлiм  бағдарын 
таңдау,  мектепiшiлiк  жарғылар  қабылдау,  тəртiп,  оқу  еңбегi,  тыныс  алу,  тамақтану,  оқушыларға 
дəрiгерлiк көмек шараларын қарастыру, мадақтау жəне жазалау жобаларын ұсыну т.б. Бiр сөзбен 
келiсiмдi  ұйымдастырылған  бiрлiктi  тəрбие  iстерi  нəтижесiнде  мектеп  пен  отбасы  балалар 
тəрбиесiнде  өзара  шынайы  үйлесiмдi  жолдас  болып,  өздерiне  жүктелген  мiндеттердi  бiрiгiп 
атқарары сөзсiз.
 
             Ата-аналар  бiрлестiгiнiң  басты  қызметтерiнiң  бiрi - əрқашанда  педагогикалық  жалпы 
сауаттылықты 
көтеру. 
                      
Педагогикалық 
дəрiсбаян 
сағаттары, 
ата-аналар 
университеттерi,  дөңгелек  үстелдер,  конференциялар,  ата-аналар  мектебi  мен  басқа  да  үздiксiз 
жүргiзiлетiн ағымды не бiр сəттiк педагогикалық ағарту iстерiнiң өз баласын жете түсiнем деген ата 
мен  анаға  олармен  дұрыс  қатынас  жасап,  қиын  мəселелердi  оңтайлы  шешуде,  дау-дамайлы 
жағдайларды үйлестiруде тигiзер көмегi орасан. Осы мақсатпен көптеген ата-аналар комитеттерi 
өз  мүшелерi  үшiн  педагогикалық  əдебиеттер  сатып  алуға  қаржы  бөлiп,  жағымды  педагогикалық
газеттер мен журналдар шығарып, талдатуға себiн тигiзуде.
 
             Жалпы  əдептiлiк,  эстетикалық,  адамгершiлiк,  ерiк  пен  сана-сезiмдiк  құндылықтар  қорын 
түзу  ата-аналар  мектебiн  ұйымдастырудан  басталады.  Қарым-қатынасқа  шебер  оның  белсендi 
мүшелерi  барша  ата-аналарды  гуманистiк  педагогика  негiздерiн  үйренiп,  меңгеруге  насихаттап, 
қызметтестiк педагогика мен iс-əрекеттiк тəрбие бағыттарын игеруде үлкен табыстарға жетуде. өз 
бiлiмдерiн  толықтыруға  ынталандыру  нəтижесiнде  ата-аналар  отбасындағы  балалар  тəрбиесiн 
ұйымдастыруда көп нəрсенi үйренуде. 
 
            Ата-аналардың көпшiлiгi өз балаларының дарынды да талантты, мəдениеттi де талапшаң 
болғанына  мүдделi.                       Мектеп  пен  отбасы  арасындағы  қатынас  осы  секiлдi  табиғи 
ұмтылыс негiзiнде құрылғаны жөн. Мектеп пен отбасы арасындағы қатынаста ешқандай қайшылық
болмағаны абзал. Екi тəрбие көзiнiң де ортадағы келiспеу-шiлiк сəттерiн жойып, бiртектi тəрбиелiк 
əрi дамыту арна-сына түскенi əбден қажет. 
 
             Мектеп  пен  отбасының  бiрлiктi iсiнiң  бағыты - бала-лардың  адамгершiлiк – имандылық 
сапаларын  дамыту,  денсаулығын  нығайту,  сана-сезiмдiк  қажеттерiн  өрбiтiп,  қоршаған  дүние 
əсемдiгiн қабылдауға баулу.
 
             Қазiргi  заман  отбасы  тəрбиесi  гуманистiк  педагогика      принциптерiне  негiзделедi.  Ол 
принциптердiң бастылары:   - креативтiк (еркiндiк) – бала қабiлетiнiң кедергiсiз өз бетiнше дамуы;
 
-  гуманизм – тұлға  болмысын  тану  əрi  оның  беделiн  мойындап,  ең  жоғары  құндылық  ретiнде 
бағалау;
 
демократизм – ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар тендiгiн қалыптастыру;
 
азаматтық - қоғам мен мемлекеттiк жүйеде тұлғаның өз ''Менiн'' танып, қастерлей бiлуi;
 
ретроспективтiк – халықтық педагогика дəртүрлерi негiзiнде жүргiзiлетiн тəрбиеге арқа сүйеу;
 
-  жалпы  адамзаттық  адамгершiлiк - инабаттылық қалыптар  мен  құндылықтар  басымдылығын 
ардақтай бiлу.
 
             Отбасындағы  баланың  дамуы  мен  тəрбиесi  тұлғаны  көздеген  бағытта  қалыптастыруға 
арналған  көптеген  iс-əрекеттiк  ситуацияларды  қажет  етедi.  Солардың  бiрi  əрi  аса  маңыздысы 
отбасы  мен  сынып  жетекшiсiнiң  өзара  байланыс  қызметi.  Сынып  жетекшiсi  бұл  орайдағы, iс-
əрекетiн  сыныптық  ата-аналар  комитетi,  ата-аналар  жиналысы,  сондай-ақ,  сол  сыныпта  оқу 
жүргiзетiн  мұғалiмдер  арқылы  iске  асырып  барады.  Отбасымен  байланыс  жасауда  сынып 
жетекшiсiнiң  атқаруы  тиiс  аса  қажеттi  мiндеттерi:  оқушылар  үйiне  жеке  өзiнiң  барып,  хабар  алып 
тұруы;  баланың  үй-тұрмыстық  өмiр  жағдай-ларымен  танысуы;  ата-аналарымен  тəрбиелiк  ықпал 

тиiм-дiлiгiн  көтерiп  бару  мақсатында  бiрлiктi iс-қимылдарды  орайластыру;  келеңсiз  нəтижелердi 
болдырмау жолдарын ата-аналармен бiрге кеңесе отырып, шешу. Сынып жетек-шiсiнiң бұрыннан 
қалыптасқан  дəстүрлi  қызметi  ретiнде  отбасы  педагогикалық - ағарту  iстерiн  белсендi  ұйым-
дастыра  бiлу,  себебi  көптеген  отбасыдағы  əке  мен  шеше,  ата  мен  əже  тəрбие  тақырыбындағы 
кеңестер  мен  кəсiптiк  қолдауға  өте  зəру.  Оларды  аса  қызықтыратын  проблемалар - отбасы 
тəрбиесi  мiндеттерi,  формалары  мен  əдiстерi,  нақты  жастағы  оқушылардың  психологиялық  -
физио-логиялық  даму  ерекшелiктерi;  əрқилы  жастағы  балаларды  тəрбиелеудiң  көптүрлiлiгi; 
жекеленген  тəрбие  бағыттары - инабаттылық - имандылық,  адамгершiлiк,  тəн-дене,  еңбек,  сана-
сезiм,  нарықтық  заманға  орай  жаңа  көзқарас - ұғым  (экономикалық,  экологиялық,  шаруашылық, 
құқықтық  тəрбие)  қалыптастыру  мəселелерi.  Сонымен  бiрге  ата-аналар  лекторийлерiнде  бала 
денсаулығын  нығайту,  салауатты  өмiр  салттарына  баулу,  азаматтық,  ұлтжандылық  пен  Отан
сүйгiштiк  сезiмдерiн  ерте  бастан  ояту,  баланы  жас  шағынан  тəртiпке  бағынуға,  борышын 
мойындау мен жауапкершiлiктi сезiнуге үйрету мəселелерiне үлкен мəн беру - сынып жетекшiсiнiң 
мiндетi.  Отбасы  тəрбиесiнiң  кейбiр  мəселелерiн  оқшау  қарастырған  жөн.  Олар:  ата-аналар  мен 
балалар  арасындағы  алшақтық,  отбасы  тəрбиесiндегi  дау-дамай  мен  жанжал;  қоғам,  ел,  Алла 
алдындағы жауапкершiлiк. 
 
Ата-аналар  жиналысында  балалардың  үлгерiмi  мен  сабаққа  қатынасы,  тəртiпсiздiктерi, 
оқудағы  үлгермеуi  жөнiнде  ақпарат  берiп  шектелместен,  келеңсiз  құбылыс-тардың  алдын  алу 
жағдайдарына  орай  нақты  шаралар  жолын  сөз  еткен  пайдалы.  Ата-аналар  жиналысын  құрғақ 
уағыз бен кейiп-сөгу, оқушымен оның отбасын əшкере ету де сынып жетекшiсiне жараспайды.
 
Ата-аналар  мен  мектеп  арасындағы  байланысты  жақындатудың  бiр  жолы  баланың  əке-
шешесiн  мектепке  шақырып,  сабаққа  қатыстырып,  оқушы  үлгерiмi  мен  тəртiбiнен  хабардар  етiп 
тұру. Бiрақ, мұндайға себеп болатын бiр келеңсiз жағдайдан гуманист сынып жетек-шiсiнiң аулақ 
болғаны жөн. Мысалы, əмiршiл-əкiмшiл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке 
шақырудың  себебi  бiреу-ақ:  оқушы  тəртiбi  мен  үлгерiмi-нен  қанағаттанбаушылық,  ал  сылтауы  -
нақты  факт.  Ал  осындай  ата-аналардың  көңiлiне  тиiп,  ашу-ызаға  булық-тыратын  мұндай 
шақырулар оларды мектептен бездiредi, мектеп баладан безiнедi. 
 
Қызметтестiк педагогикасын ұстанған мектепте келесiдей ереже қалыптасқан: əрбiр əке не 
шеше мiндеттi түрде аптасына бiр рет мектептен хабар алып тұруы. Мұн-дай да кезектi мектепке 
келу  алдынан  болған  оқушының  қандай  да  болымсыз  əрекетi  қалыпты  қабылданып,  жалпы 
ұнамды  фонда  аса  қатерлiдей,  ата-ана  жанына  батқандай  сезiлмейдi  осындай  формада 
жүргiзiлген жұмыспен мектеп, сынып жетекшiсi ата-аналарға өз балаларының тəрбиесiмен жүйелi 
айналысуға  көп  себiн  тигiзедi,  əрi  осындай  тəрбие-лiк  iспен  тұрақты  шұғылдануға  үйретедi. 
Əлбетте,  мұндайда  сынып  жетекшiсiнiң  жүктемесi  ауырлайды:  əр  күнi  ол 3-4 ата  не  анамен 
қатынас  жасауына  тура  келедi,  дегенмен  бұдан  түсер  пайда  отбасы  үшiн  де,  мектеп  үшiн  де 
орасан.  Уақыт  озуымен  ата-аналардың  мектептен  хабар  алып  тұруының  тұрақты ''кестесi'' 
қалыптасады,  ал  бұл  барша  оқушылардың - үздiктердiң  де,  үлгермейтiндердiң  де,  тəртiпсiз  не 
тəртiптiлердiң де жалпы оқуы мен қылық-тарының жақсара түсуiне ұнамды ықпал жасайды.
 
             Сынып  жетекшiсi  өз  тəрбиеленушiлерiнiң  үй  тұр-мыстық  жағдайларымен,  үйдегi  тəрбие 
жөнiмен  жақыннан  танысуы  үшiн  отбасынан  хабар  алып  тұруы - мiндеттi iстердiң  бiрi.  Үйдегi 
жалпы  ахуал,  отбасы  мүшелерi  арасындағы  үлкендi-кiшiлi  қатынастар  тəжiрибелi  ұстазға  көп 
нəрседен  ақпарат   бередi.  Оқушы  отбасының  босағасын  аттауда  сынып  жетекшiсi  аса  əдептiлiк 
сақтап, келесi ережелерге бағынғаны өте қажеттi: 
 
      -     шақырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұқсатын алуға тырысыңыз;
 
      -     отбасының ересек мүшелерiмен əңгiмелесуде аса жоғары əдептiлiк мəдениетiн сақтаңыз, 
əрқашан əңгiменi көңiлге жылу беретiндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;
 
       -      оқушыңыз  үлгерiмi  не  тəртiбi  жөнiнде  арыз  айтуды  тiптi  де  естен  шығарыңыз,  ойыңызда 
болса,  ондай  жағдайларды  үлкен,  маңызды  проблемалармен  жанама-ластырып,  шешу 
жолдарынан кеңес айтыңыз;
 
       -      əңгiмелесу  кезiнде  оқушыларыңыз  қастарыңызда  болғаны  жөн,  ата-анамен  көзбе  көз 
сөйлесулердi аса қажеттi жағдайда ғана қолданыңыз;
 
      -     ата не анаға мiн тағудан сақтаныңыз;
 
      -     оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпiнiңiздi бiлдiруге тырысыңыз;
 
       -      кеңестерiңiз  бен  ұсыныстарыңызды  ата-ана  мойнына  таға  салуға  тырыспаңыз,  өз 
талаптарыңыз бен отбасы мүмкiндiктерi сай келетiн болсын;
 
      -     бiрлiктi атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екi талап-тың бiрдей қатысып, орындалу мүмкiн 
iстер жөнiнде келiсiңiз;
 
       -      негiзсiз  уəде  беруден  тартыныңыз,  қандай  да  күрделi  жағдайларда  ұстамды  болыңыз, 

бəрiде жақсы болып кетерiне сенiм, ниет бiлдiрiңiз.
             өкiнiштiсi,  ата-аналармен  жұмыс  алып  баруда  сынып  жетекшiсiнiң,  жалпы  педагогтардың 
кəсiби  деңгейiнiң  төмендiгi  мұғалiмдер  мен  мектептiң  абырой-беделiне  нұқсан  келтiредi. 
Отбасының  ересек  мүшелерiн  бiрлiктi iстер  мен  бұдан  былайғы  байланыс-қатынастарға  қызық-
тырып  тартатын  бiрден-бiр  себеп – сынып  жетекшiсiнiң  отбасы  балаларының  тағдырына  етене 
жақындығы жəне ол үшiн жанпидалыққа баратыны.
 
 
 
  Бақылау сұрақтары 
 
1. Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiнiң өзiндiк фун-цияларын айырыңыз?
 
2. Осы заманға педагогикадағы  əлеуметтiк жұмыстардың теоремалық дамуы. 
 
3. Қоғамдағы арнайы ұйымдастырылған əлеуметтiк жұмыстың мазмұнын ашып берiңiз. 
 
4. Отбасы тəрбиесiнiң қоғамдық рөлi қандай?
 
5. Ата-ана тəрбиесiнiң мəнiн айқындайтын шарттары қандай?
 
6. Отбасы тəрбие ережелерiнiң мəнiн тұрмыстық  тəжрибемен байланыстыра ашыңыз. 
 
7. Отбасын педагогикалық қолдау үйрету дегендi қалай түсiнесiз? 

ДИДАКТИКА - БIЛIМ БЕРУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
 
 
 
 1. Дидактика пəнi жəне категориялары
 
            Дидактика - педагогиканың маңызды саласы.  Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko -
оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
 
                Бұл  ұғымды  ғылыми  айналымға  алғаш  енгiзген  немiс  педагогы  Вольфганг  Ратке (1571-
1635).  Сол  мағынада  бұл  ұғымды  чех  педагогы  Я.  А.  Коменский  пайдаланып, 1657 жылы  өзiнiң 
''Ұлы  дидактика''  еңбегiн  жарыққа  шығарды.  Оның  ойы  бойынша,  дидактика  ''ненi  оқыту''  жəне 
''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары: 
кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту.
 
             Қазiргi  түсiнiк  бойынша,  дидактика - бiлiм  беру  мен  оқыту  мəселелерiн  зерттейтiн 
ғылым  саласы.  Ол  оқыту  теориясы  деп  те  аталады.  Дидактиканың  зерттеу  пəнi – оқыту  мен 
оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi. 
 
             Зерттеу  пəнi  аясына  байланысты  жалпы  жəне  жеке  дидактикалар  айқындалады.  Жалпы 
дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу
пəнiнiң  мазмұнын,  барысын,  түрi  мен  əдiстерiн  зерттеуiне  қарап  оқыту  əдiстемесi  деп  аталады. 
Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi. 
 
             Дидактика  əрi  теориялық,  əрi  қолданбалы  ғылым  болғандықтан  ғылыми-теориялық  жəне 
қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен 
оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары 
мен  əдiстерiн  зерттеу.  Дидактиканың  қолдан-балы  қызметi:  бiлiм  мазмұнын  оқыту  мақсатына 
сəйкес-тендiру,  оқыту  принциптерiн  белгiлеу,  оқытудың  тиiмдi  əдiстерi  мен  ұйымдастыру 
формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.      
 
            Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) 
пайдаланады.  Сонымен  қатар  дидактиканың  өз  категориялары  да  бар:  бiлiм  беру,  оқыту,  оқу, 
оқыту  принциптерi,  оқыту  процесi,  мақсаты,  мiндеттерi,  мазмұны,  түрлерi,  əдiстерi,  құрал-дары, 
оқытудың нəтижесi. Кейбiр категорияларға анық-тама берейiк.
 
Оқыту -  оқушыны  бiлiмдендiру,  тəрбиелеу,  дамыту  мақсатына  бағытталған  алдын-ала 
жоспарланған iс -əрекет. 
 
             Оқыту  мазмұны  -  өкiмет  арнайы  таңдап  анықтаған  белгiлi  салада   жұмыс  iстеу  үшiн 
қажеттi  адамзат  тəжiрибесiнiң  бөлшегi.  Ол - оқытудың  нəтижесi  болатын  бiлiм,  бiлiк,  дағды, 
тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
 
             
 
2. Оқыту процесiнiң мəнi, оның ерекшелiктерi мен қызметi
 
             Оқыту  процесi - бiлiмдi,  бiлiктiлiк  пен  дағдыны  меңгертетiн,  оқушылардың 
дүниетанымын,  күш-қайратын,  қабiлеттерiн  тəрбиелеп  дамытатын  iс-əрекет  барысы.  Оқу 
барысында  оқушының  сана-сезiмi,  адамгер-шiлiк  қасиеттерi,  эстетикалық  талғамы,  тұлғалық 
қасиеттерi қалыптасып дамиды.
 
            Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекше-лiктерiне назар аударайық. 
 
             Оқыту - мақсатты  процесс.  Оқытудың  басты  мақсаты,  əдiс  тəсiлдерi  мазмұны  мен 
мiндеттерi қоғам  талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.
 
             Оқыту - таным  процесi.  Танымның  ерекшелiгi  оқушыда  бiлiмге  деген  қызығушылығы 
ұдайы өсiп арта түседi.
 
            Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi 
заңдылық-тарымен  қаруландыру.  Оқушы  дүние  тануда  бұрын  ғылымда  белгiлi  болған,  зерттелiп 
дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi.
 
            Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу, 
ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.
 
             Оқыту – даму  негiзi.  Педагогикалық  процесс   өзiне  тəн  негiзгi  екi  белгiнi:  организмнiң 
өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.
 
            Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактор-дың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау 
iс-əрекетi.  Сөйтiп,  оқыту  процесi – мұғалiмнiң  баламен  үнемi  рухани  қарым-қатынаста, 
ынтымақтастық  жағдайда  болуын  қажет  етедi.  Оқыту  процесiнде  бала  тек  мұғалiмнiң  əсерiн 
қабылдаушы  ғана  емес,  оның  оқу  iс-қимылы  мен  өзiнiң  психикалық  процестерiн  басқару, 
ұйымдастыра  бiлуi (iс-əрекетiн  бiлуi,  бағалауы,  өзiн-өзi  басқаруы)  оқытудағы  субъектi  екенiн 
айқындайды.  Оқыту  процесiнде  бала  логикалық  ойлау  болмысының  жалпы  тəсiлдерiн  қолдануға 
жəне  дербес  шығармашылық  əрекет  жасауға  дағдыланады.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  оқыту  –
баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек, 
оқыту  мен  дамудың  арасында  тығыз  байланыс  туындап  отырады.  Л.  С.  Выготскийдiң  баланың 
дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына 

емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы'' 
болатынын  айтады. ''Бiрiншi  зона'' – бала  дамуының  қазiргi  қол  жеткен  сатысы,  осыған 
қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi 
зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.
 
              Оқушының  жалпы  психикалық  дамуы - мектептегi  оқу  мен  оның  өздiгiнен  оқуына  тығыз 
байланысты.  Оқушының  ойлау  қабiлетiнiң  дамуына  оқу  процесiнде  қолайлы  жағдай  туады.  Бiлiм 
мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет