Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М


Оқыту - екi  жақты  процесс



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

             Оқыту - екi  жақты  процесс.  Оқыту  оқушы  мен  мұғалiм-нiң  өзара   бiрлесiп  жасайтын 
əрекетiнен   тұратын  күрделi  процесс.  өйткенi,  оқыту – мұғалiмнiң  бiлiм  берудегi  негiзгi iс-əрекетi 
болса,  оқу – баланың  өзiнiң  танымдық,  практикалық  əрекетi.  Сөйтiп,  оқушының   таным  əрекетi 
мұғалiмнiң басшылығы арқасында  ғана жүзеге асады.
 
             Оқыту – жоспарлы  процесс.  Мұғалiм  оқушылардың  жалпы  рухани  дамуын  жүйелi 
қамтамасыз  етуi  үшiн  оқыту  процесiн  жоспарланған,  ұйымдастырылған  түрде  жүзеге  асырады. 
Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы 
жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi.
 
             Сөйтiп,  оқыту  процесi  оқушылардың  жас  ерекшелiк-терiнiң  сəйкестiгiн  ескере  отырып, 
таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.
 
              Оқыту – бұл  күрделi  процесс.  Ол  тұлғаға  бiлiм  беру,  тəрбиелеу  жəне  ақыл-ойы  мен 
творчестволық  қабiлетiн,  демек  бiлiктiлiгi  мен  дағдысын  дамыту  негiзiнде  жүзеге  асырылады. 
Мұның  мəнiсi,  жеке  тұлғаға  бiртұтас  (комп-лекстi)  ықпал  жасауды  көздейдi.  Осы  негiзде,  оқыту 
процесiнiң бiрiншi қызметi – оқушыларға бiлiм беру.
 
            Бiлiм беру, бiрiншiден, ғылым негiздерiне сай оқушыларды нақты фактiлермен, қағида жəне 
түсiнiктер-мен,  заңдылықтармен  қаруландыруды қамтамасыз етсе,  екiншiден солардың негiзiнде, 
айналасындағы əртүрлi құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
 
             Екiншi  қызметi – тəрбиелеу.  Оқыту  барысында  оқушыларды  теориялық  бiлiмдер 
жүйесiмен  қарулан-дырып,  жеке  тұлғалық  қасиеттерiн  қалыптастырып  дамыту.  Сонымен  бiрге 
оқыту барысында тəрбиенiң мақсат, мiндеттерi жəне мазмұны мен тəсiлдерi анықталады. Оқытуда 
тəрбие  мен  оқытудың  байланысы  бiржақты  қарастырылмайды,  керiсiнше  бiртұтастық  принципке 
негiзделiп, бiрлiкте қолданылады. Демек, тұлғаға бiлiм бере отырып, оны тəрбиелеймiз, тəрбиелей 
отыра  бiлiм  беремiз.  Сөйтiп,  тəрбие  процесi  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  оқытудың
барысына  қолайлы  ықпал  етедi,  соның  негiзiнде  тұлғаның  танымдық  қызметi  мен  оқуға  деген 
қызығу-шылығы артады.
 
            Үшiншi қызметi – дамыту. Оқыту барысында оқушы-ларға бiлiм беру, оларды тəрбиелеу 
негiзiнде  тұлғаның  ақыл-ойы,  сана-сезiмi,  шығармашылық  қабiлетi  т.б.  көптеген  тұлғалық 
қасиеттерiнiң  дамуына,  бiлiктiлiктерi  шыңдалып,  қабiлеттерiнiң  артуына  оң  əсер  етедi.  Демек, 
тұлға  жан-жақты  қалыптасып  дамиды  (байқағыштығы,  ойы,  есi,  қиялы  секiлдi  психикалық 
процестерi де қарастырылады).
 
            Даму қызметiнiң ерекшелiгi сол, ол өз алдына жеке өмiр сүрмейдi, керiсiнше оқытудың бiлiм 
беру  мен  тəрбие-леу  қызметiнiң  жалғасы  боп  есептеледi.  Сондықтан,  даму-дың  қарқынды,  жан-
жақты əрi, терең болуы бiлiм беру мен тəрбиенiң қандай дəрежеде iске асырылуына байланысты. 
Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың бiлiм беру мен тəрбиелеу қызметiнiң негiзi болып саналса, 
даму өз алдына олардың қызметiнiң нəтижелi болуына қолайлы ықпал етедi.
 
             Дидактикада ''Жетiлдiре   оқыту''   процесi 1960 жылдар-дан  басталды.  Осы  негiзде  Л.  В. 
Занков,  Н.  А.  Менчин-ская,  Д.  Б.  Эльконин,  В.  В.  Давыдов,  М.  А.  Данилов,   М.  Н.  Скаткин 
еңбектерiнде, оның жолдарын шешу үшiн əртүрлi принциптердi ұсынды. Солардың iшiнде    Л. В. 
Занковтың оқу процесi арқылы бiлiм берудi қарқынды,  ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы 
меңгеруiн қамтамасыз ету ережесiн ұсынылды. 
 
            Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада  оңтайлы əсер 
етедi.
 
       
 
3. Педагогикалық процестiң құрылымы 
 
             Педагогикалық  процес - тəлiм-тəрбиелiк  қарым-қатынастарды  ұйымдастырудың  тəсiлi. 
Педагогикалық  процестi  ұйымдастыратын  педагог.  Педагогикалық  процес - бiрнеше  элементтен 
құрылатын  жүйе.  Педагогикалық  процестiң  үш  құрылымы  болады:  педагогикалық, 
əдiстемелiк, психологиялық. 
 
              Педагогикалық  процестiң  педагогикалық  құрылымы:  мақсат - принциптер - мазмұн  -
əдiстер - құралдар - түрлер. 
 
             Мақсат - ұстаз  бен  шəкiрт  арасындағы  педагоги-калық  қатынастардың  нəтижесi. 

Принциптер  мақсатқа  жету  жолдарын  анықтайды.  Мазмұн - мақсатқа  жету  жолында  оқушыларға 
берiлетiн  тұлғалар  тəжiрибесiнiң  бөлiгi.  Əдiстер - мұғалiм  мен  оқушының  мазмұнды  жетiлдiру-
қабылдауға  арналған  iс-əрекеттерi.  Құралдар - мазмұнмен  жұмыс  жасайтын  материалдық 
тəсiлдер мен əдiстер. 
 
             Педагогикалық  процестiң  əдiстемелiк  жүйесiн  жасау  үшiн  мақсат  бiрнеше  мiндеттерге 
бөлiнедi. Əрбiр мiндет ұстаз бен шəкiрт iс -əрекеттерiнiң кезеңдерiн анықтайды. Мысалы, сабақтың 
əдiстемелiк  құрылымы:  сабаққа  дайындалу,  сабақты  өткiзу,  сабақты  талдау;  экскурсияның 
əдiстемелiк құрылымы: дайындық, керектi жерге бару, бақылау, көргендi бекiту, нəтиженi талдау.
 
             Педагогикалық  процестiң  психологиялық  құрылымы:  танымдық  процестер  (қабылдау, 
ойлау,  есте  сақтау,  ақпарат  сiңiру),  оқуға  қызығушылық  (оқуға  қызығуды,  қабiлеттi,  ынтаны 
айқындау), қуат (көтерiңкi не түсiңкi дене мен жан күш-қуаты, белсендiлiк, еңбекқорлық не шаршау
динамикасы).
 
             Оқыту  адамның  қызметiнiң  бiр  ғана  түрi,  ол  екi  жақты  сипатта  болады.  Ол  мұғалiм  мен 
оқушылар  арасында оқудың мақсат - мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты бiр мезгiлде өзара 
қарым-қатынастары  мен  оқу  əрекеттерiнен  тұрады.  Оқу  əрекетi  дегенде:  мұғалiмдер  тарапынан 
бiлiм беру қызметiне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан бiлiмдердi белсендi түрде 
меңгеруi,  таным  əрекетi.  Мұғалiм  оқушыларға  бiлiм  беруде  қаншалықты  белсендiлiк 
танытқанымен,  егерде  ондай  белсендiлiк  оқушылар  тарапынан  қолдау  таппаса  оқыту  нəтижелi 
болмайды. Сондықтан, белгiлi бiр мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста бiржақты 
көзқарас  болмауы  тиiс.  Оқыту  процесi  тек  мұғалiм  мен  оқушылар  арасындағы  оқу  əрекетiнен 
құралмайды, сонымен бiрге оқытудың басқа да элементтерi бар. Олар мыналар:
 
1.  Оқытудың  мақсаттылығы.  Мұнда  мұғалiмнiң  оқылатын  тақырыптың  мақсат-мiндеттерiн  айқын 
қарастыруы көзделедi. 
 
2.  Оқытудың  мазмұны.  Жас  ұрпақты  ғылымның  жетiстiктерiн  меңгерудi,  бiлiмдерiн  дамытуды 
мiндеттейдi.
 
3.  Оқыту  формалары  мен  тəсiлдерi.  Оқыту  мазмұнын  қандай  амал-тəсiлдермен,  нақтылы 
практикалық жолдармен меңгерудi баяндайды.
 
4.  Оқыту  нəтижесiн  талдау  жəне  бағалау.  Мұғалiмнiң  жəне  оқушының  оқу  əрекетiнiң  құрылымын 
бiрлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргiзуi, оқушылардың  оқу əрекетiнiң сапасына көзқарасын 
бiлдiрiп, бағалап жəне бiлiм деңгейiн тексерiп отыруы. Оқушылардың өзiн-өзi қадағалап, тексерiп 
отыруы.  
 
             Мектеп  тарихының  бастапқы  кезеңiнен  оқыту,  бiлiмдер  жүйесiн  оқушылардың  меңгеруi 
белгiлi бiр дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
 
1.  Оқушыға  берiлетiн  бiлiм  мақсаты  мен  қажетiн  түсiндiру  жəне  оларды  əрекетке  бағыттайтын 
мотивтердi туғызу. Осыған орай оқу мiндеттерiн (тапсырмаларды) анықтау.
 
2. Оқушыға жаңа берiлетiн бiлiмдi баяндау жəне оны қабылдауға жағдай туғызу.
 
3. Оқушының бiлiмдi қабылдауы жəне оның санасында жаңа бiлiмнiң қорытылып, ғылыми ұғымдар 
мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкiндiк беру.
 
4. Берiлген бiлiмдi бекiтуге басшылық ету.
 
5. Бiлiмдi практикада қолдануға қаракет ету.
 
6. Оқушының бiлiмi мен дағдысының сапасы жəне деңгейiн есепке алу, тексеру жəне бағалау.
 
             Оқыту  процесiнде  мұндай  басқару  жүйесi  оқушы-лардың  бiлiм  алудағы  таным  əрекетiнiң 
ерекшелiктерiне байланысы, бiлiмдi жүйелi түрде ұғынуға мүмкiндiк туғызады. 
 
            Демек, бiлiмдi бекiту кезiнде жаңа бiлiмдi қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту 
процесiнiң элементтерi қолданылады.
 
            Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық əр кезеңнiң өзiне тəн ерекшелiгi болатынын 
ұмытпаған жөн.
 
             Бiлiм  алудың  мотивi  мен  мақсатын  анықтау  -белгiлi  бiр  мақсатқа  жетуге  бағытталады. 
Сөйтiп, ол оқушының бiлiм алудағы əрекетi де мотив пен мақсатқа сəйкес iске асады.
 
 
 
            Түрткi- əрекеттiң себебiн, оны неге жасау керектiгiн анықтайды.
 
            Мақсат - əрекеттiң нəтижесi қандай болуға тиiстi екенiн анықтайды.
 
            Баланың оқудағы негiзгi түрткiсiнiң бiрi - қызығу.
 
             Оқу  жұмысының  жемiстi  болуы,  ең  алдымен,  балада  бiлiмге  деген  қызығушылықтың 
нəтижесi болып табылады. Мүмкiн бала өзi оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкiн емес. 
Қызығуды туғызу үшiн оқушыларға берiлетiн бiлiмнiң мақсаты мен қажетiн түсiндiрiп, оларға нақты 
оқу мiндеттерiн үйрету керек.
 
            Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен мына төмендегiдей 3 
процестi атап көрсеткен пайдалы:
 
 1.  Оқу  материалының  мазмұны  /ондағы  жаңалық-тар,  қазiргi  ғылым  мен  техникадағы  жаңа 

табыстар, оның практика үшiн пайдасы т.б./
   2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесiнiң ерекшелiк-терi /оның əдiстерi мен формалары т.б./. 
Мысалы  оқытудың  проблемалық  сипаты,  оқушылардың  творчестволық  жəне  практикалық 
жұмыстарды өздiгiнен орындауы, көрнекi құралдар мен техникалық құралдар т.б.
 
 3.  Мұғалiм  мен  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынас-тың  ерекшелiктерi.  Мысалы,  сабақта 
мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркiн, 
жағымды  ерекше  жағдай,  мұғалiмнiң  көңiл-күйi,  ақжарқын  болуы,  оқушылардың  бiр-бiрiне  көмек 
беруi, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б. 
 
            Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау
 
             Оқушының  бiлiмдi  меңгеруi  жаңа  оқу  материалын  қабылдаудан  басталады.  Қабылдау  –
адамға  тiкелей  əсер  ететiн  заттардың  немесе  құбылыстардың  адам  санасында  бейнелену
процесi.  Сабақ  үстiнде  оқушылардың  жаңа  материалмен  танысуы  түйсiктен  жəне  қабылдаудан
баста-лады.  Ал  түйсiк  сананың  сыртқы  əлемiмен  байланысты.  Сезiм  мүшелерiмiзге  əсер  етiп, 
оның миымызда бейне-ленуiн түйсiк деп атайды.
 
             Бiлiмдi  жан-жақты  меңгеру  жəне  түсiну  үшiн  оқу  материалын  қабылдау - бақылау 
жеткiлiксiз.  Одан  əрi  оқушылар  қортындылар  жасауға  тиiс.  Бұл  оқушы-лардың  бiлiм  мазмұнын 
жете түсiнiп, ұғынуы жəне белсендi де терең ойлау əрекетiнiң нəтижесiнде ғана жүзеге асады.
 
             Ұғыну - бұл  саналы  түрде  ғылыми  бiлiмдi,  заңды-лықтарды  ұғу,  фактiлердi  жинақтау 
процесi,  қорытынды  шығару.  Ұғыну  процесiнде  оқылатын  материал  терең  ойластырылады, 
дəлелденiледi жəне бекiтiледi.
 
             Ұғым,  қарапайым  жəне  ғылыми  ұғым  болып  екiге  бөлiнедi.  Қарапайым  ұғым  дегенiмiз 
баланың оқудан емес, өмiрден көрiп – бiлгендерiнен туатын əртүрлi құбылыстар жөнiндегi түсiнiгi. 
Ғылыми  ұғымдар  тек  оқыту  процесiнде  жинақталатын  мəлiметтер,  қағидалар  мен  құбылыстар 
туралы бiлiм, түсiнiк.
 
             Ұғымның  қалыптасуы - өте  күрделi  процесс,  ол – оқушылардан  белгiлi  ойлау  амалдарын 
қолдануды талап етедi. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексiздендiру   /абстракция/, жалпылау 
сияқты операциялардан тұрады.
 
             Оқушыларда  ұғымды  қалыптастыру  үшiн  мұғалiм  оларды  осындай  ойлау  операцияларын 
қолдануға үйретедi.
 
            Абстракциялау деп заттардың негiзгi қасиеттерiн, оның екiншi дəрежелi қасиеттерiнен бөлiп 
алып, жалпылап қарауды айтады.
 
            Бiлiмдi бекiту
 
            Оқыту процесiнде оқушылардың алған бiлiмдерiн бекiтiп отырудың маңызы ерекше.
 
             Бекiту - бұл  оқушылардың  бiлiмдi  берiк  ұғынуының  тиiмдi  əдiс-тəсiлi.  Сабақта  жаңа 
материалды қабылдаудан кейiн, бекiту əр түрлi практикалық, лабораториялық жұмыстар негiзiнде 
жүзеге асады. 
 
             Бекiтудiң  бұдан  да  басқа  əдiс-тəсiлдерi  бар.  өтiлген  оқу  материалын  бөлiктерге  бөлiп 
қайталап  отыру:  күнделiктi  қайталау,  тақырыптық  қайталау,  есте  қалдырудың  тəсiлдерiн  үйрету 
т.с.с.  
 
            Бiлiм мен дағдыны практикада қолдану
 
            Бiлiмдi жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етедi.. Бiлiм мен дағдының 
сапасы мен нəтижесiнiң көрсеткiшi практика. Егер оқушы бiлiмдi практикада қолдана алмаса, бұл 
оның бiлiмдi үстiрт қабылдағандығынан, жете түсiнбегенiнен болады. Бiлiмдi практикада 
қолданудың оқу процесiнде екi түрi жиi кездеседi. Бiрiншi – бiлiмдi жаңа материалды ұғыну үстiнде 
қолдану, екiншiсi – жаңа оқу мiндеттерiн шешу үстiнде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған 
бiлiмiн жаңа мəселелердi шешуге байланыстырып, өздiгiнен əрекет жасай алады.
 
            Бiлiм мен дағды оқыту процесiнде түрлi практикалық жəне лабораториялық жұмыстарда 
кеңiнен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздiгiнен бақылау, тəжiрибе жасау, iздену 
əрекеттерiне негiзделген жұмыстарды орындайды.
 
             Оқушылардың  бiлiмi  мен  дағдысын  тексеру,  оны  талдау  жəне  бағалау.  Оқыту 
процесiнде  бұл  жұмыс  өз  алдына  дербес  практикалық  буын  болып  табылады  жəне  оқытудың
əрбiр кезеңiнiң құрамынан да орын алады.
 
             Оқытудың  бiлiм  алудағы  жетiстiктерiн,  табыстарын  жəне  мүмкiндiктерiн  талдап,  айтып 
берудiң  жəне  оны  бағалаудың  маңызы  ерекше.  Мұғалiм  мен  оқушы  үшiн  мұндай  жұмыс, 
кибернетикалық тiлмен айтқанда керi байланыс болып табылады. Мұны мұғалiм оқытудың əрбiр 
кезеңiнде: жаңа бiлiмдi қабылдау, оны ұғыну, бекiту, практикада қолдану кездерiнде iске асырады. 
Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесiнiң белгiлi кезеңiндегi  /тоқсан жəне жыл аяғында/ дербес 
буын ретiнде де қолданылады.
 
            Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшiн тəрбиелiк маңызы ерекше: ол – оқуға деген стимул, 

мотив функцияларын атқаруы мүмкiн.
 
             Оқыту  процесiнiң  жоғарыда  айтылған  жеке  буын-дарының  маңызы  мен  орнын  бiлумен 
қатар,  олардың  бiр-бiрiмен  өзара  тығыз  байланысты  болатынын,  бiртұтас  процесс  екенiн 
ұмытпау  керек.  Сондықтан  оқушының   бiлiм  мен  дағдыны  меңгеру  жолын  бiртұтас  процесс  деп 
қараған жөн. Ол - қабылдау, түсiну, бекiту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.
 
4. Оқытудың түрлерi
 
             Оқыту  теориясы  мен  тəжiрибесi  дамуының  жалпы  заңдылықтарының  бiрi - дидактикалық 
жүйелердiң  бiрiз-дiлiгi,  ұрпақтылығы.  Əрбiр  жаңа  жүйе  дəстүрлi  жүйелердiң  күштi  қасиеттерiн, 
идеяларын, тəжiрибесiн өзiне сiңiрiп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрi қалып-тасқан: 
түсiндiрмелi-иллюстрациялы  (дəстүрлi),  проблемалы,  бағдарламалы  (компьютерлiк).  Ендi 
осылардың жетiстiктерi мен кемшiлiктерiне тоқталайық:
 
            1. Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқыту дəстүрлi оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт 
бойы өмiршең  болғанына  байланысты.  Дəстүрлi  оқыту  жаңадан пайда  болған түсiндiру  жолдары 
мен  көрнекiлiктердi  өзiне  кiрiктiрiп  отырады.  Бұл  жүйедегi  негiзгi  оқыту  əдiс-тəсiлдерiне 
көрнекiлiктердi  пайдалана  отырып  түсiндiру  жатады.  Оқушылардың  негiзгi iс-əрекетi:  берiлген 
бiлiмнiң мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерiнде сақтау. Мұндай оқытудың  талабы: оқушылар есте 
сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесiз қайталап айтып беруi. 
 
            Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
 
- уақытты үнемдейдi;
 
- мұғалiм мен шəкiрттердiң күш-қайратын жетiлдiредi;
 
- күрделi бiлiмдердi қабылдауды жеңiлдетедi;
 
- оқыту процесiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз етедi.
 
            Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың кемшi-лiктерi:
 
- оқушылардың дайын бiлiмдi жаттап алуы, 
 
- шəкiрттердiң өз бетiнше ойлауына қажеттi көңiл бөлiнбеуi,
 
- дара жəне бөлiп оқыту мүмкiндiктерiнiң жетiмсiздiгi.
 
            2. Бағдарламалы (компьютерлiк)  оқыту 
 
            Бағдарламалы оқытудың негiзгi мақсаты - оқыту процесiн басқаруды жетiлдiру, тексеруден 
өзiн-өзi  тексеруге,  оқытудан  өзiн-өзi  оқытуға   көшу.  Бағдарламалы  оқытуда  жаңа  бағдарланған 
оқулықтар,  оқыту  құжаттары,  үйрету  (оқыту)  машиналалары  қолданылады.  Оқытудың  бұл  түрi 
1960  жылдан   бастап  Б.  Скиннер,  Н.  Краудер  бастамасынан  кейiн,  педагогика,  психология  жəне 
кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады. 
 
             Бағдарламалы  оқытудың  ерекшелiктерi:  оқу  материалы  жеке  логикалы  бөлшектерге 
бөлiнедi;  əр  бөлiмдi  меңгерген  соң,  оқушы  өздiгiнен  тест-сұрақтарға  жауап  бередi;  дұрыс  жауап 
берiлсе,  келесi  бөлiмге  өтедi;  жауап  қате  болса,  өзi  бөлiмдi  қайталап  өтiп,  сұрақтарға  тағы  да 
жауап бередi. 
 
             Оқытудың  бұл  түрiне  негiз  болған  оқу  бағдарламасы  оқу  материалын,  оны  меңгеру 
барысындағы оқушының iс-əрекетiн, тексеру түрлерiн бiр тəртiппен ретке келтiредi.
 
             Бағдарламалап  оқытудың  үш  принципi  бар:  сызықты,  тармақты  жəне  аралас.  Сызықты 
бағдарламада оқу материалы бiрiздiлiкпен берiледi. Тармақты бағдарламада əр оқушы мақсатқа 
өз  жолымен  келедi.  Қате  жауап  берген  кезде  оқушы  керектi  тармаққа  өтiп,  қайтадан  оқып, 
қосымша түсiнiктеме алып, қатенi жойып, негiзгi сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негiзгi 
сызықпен жүрсе, əлсiз оқушылар тармақтарға кiру арқылы нəтижеге жетедi. Аралас бағдарламада 
қиын тақырыптар тармақтарға бөлiнедi, басқалары сызық бойынша орналасады.
 
            Бұл оқыту машинасыз жəне машиналы болып екiге бөлiнедi. Машинасыз бағдарлама оқыту 
үшiн арнайы оқулықтар,  перфокарталар пайдаланылады,  негiзгi  деректер  көзi  қағаз болады.  Оқу 
нəтижесi  бiраз  уақыттан  соң  бағаланылады.  Соңғы  кезде  машиналы  бағдарламалап  оқыту  үшiн 
компьютер  кең  қолданылуда.  Тапсырмалар,  мəтiндер,  сұрақтар,  жауаптар  дисплей  дидарында 
жазылып, сол мезгiлде бағаланып тұрады.
 
              Оқу  бағдарламасы  оқыту  алгоритмiне  негiзделген.  Алгоритм - дұрыс  жауапқа  жетелейтiн 
бiрiздi ақыл-ой жəне оқу iс-əрекеттерiнiң жүйесi. Бiлiм мен бiлiктердi толық меңгеру үшiн алгоритм 
оқушыларға  оқу  əрекетiнiң  құрамы  мен  орындау  тəртiбiн  белгiлейдi.  Оқу  бағдар-ламасын  
құрастырудан  алдын-ала  оқу  барысын  басқару  үшiн  алгоритм  жасалынады.  Алгоритм  сапасы 
компьютерлiк   оқытудың  сапасына  тiкелей  ықпал  жасайды.  Сондықтан,  компьютерлiк  оқытудың 
сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тəуелдi. 
 
       Бағдарламалап оқытудың күштi жақтары:
 
- оқу материалының бөлшектенiлуi,
 
- оқушының белсендi өзiндiк жұмысы,

- тұрақты тексеру,
 
- оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемiнiң даралануы,
 
- техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
 
       Бағдарламалап оқытудың кемшiлiктерi:
 
- бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектiгiнен ол өте тиiмдi,
 
- мектептегi компьютерлердiң саны мен сапасы жеткiлiксiз.            
 
 3. Проблемалық оқыту
 
            Заманауи бiлiмдендiрудiң мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екенi даусыз. 
Шығарма-шылық дегенiмiз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа бiлiм, жаңа проблема, жаңа əдiс) ашу. 
Осыған  орай,  проблемалық  оқытудың  өзi  де  шығармашыл  процесс:  бейқалыпты  ғылыми-оқу 
мəселенi  бейқалыпты  əдiстермен  шешу.  Соңғы  кезде  кең  тараған  оқу  түрiнiң  мəнi:  мұғалiм  жаңа 
бiлiмдi  дайын  түрде  баяндамай,  оқушылардың  алдына  проблемалық  сұрақтарды  қойып,  оларды 
шешудiң жолдары мен тəсiлдерiн iздеуге бейiмдейдi.
 
             Аталмыш  оқыту  жаңадан  ғана  пайда  болған  жоқ.  Кезiнде  бұған  өз  үлесiн  қосқан  педагог-
ғалымдар  Сократ,  Руссо,  Дистервег,  Ушинский.  Мысалы,  Дистервегтiң  дəлелдеуiнше, ''жаман 
ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны iздеп табуды үйретедi''.
 
             Проблемалық  оқытуды  ойдағыдай  iске  асыру  үшiн  шəкiрттерге  ұсынатын  проблемалық 
сұрақтар жүйесiн жасап шығу қажет. Ескеретiн жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейдi. 
Проблемалы  сұрақтың  жауабы  дайын  болмайды,  оны  оқушы  мiндеттi  түрде  өзi iздеуi  шарт.  Ол 
сұрақ   баланың   сана-сезiмiнде  қиындық  туғызуы  қажет.  Оқушы  iштей  түйсiнген  ойлау 
қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бiр жағынан, қиын болуы, 
екiншi жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек.Осындай проблемалық жағдаят туғызу, 
проблемалық сұрақ қою -  проблемалық оқытудың алғашқы кезеңi.  
 
             Келесi  кезеңде  бала  iштей  өз  бiлiмiн  талдап,  таңдап,  олардың  жауап  алуға  жеткiлiксiз 
екенiн анықтайды да iзденiс жолына белсендiлiкпен түседi. Үшiншi кезеңде ол  сұрақтың жауабын 
дұрыс  шеше  бiлу  амалдарын,  жаңа  бiлiмдi  меңгередi. “Мен  бiлдiм!”  деген  қуанышты  жағдайға 
жетедi. Кейiнгi кезеңдерде дұрыс жауапты тексередi, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған 
бiлiм мен бiлiктi қорытындылайды, жинақтайды.
 
             Мұғалiм  проблемалы  оқытудың  барысында  оқушы  ойына,  пiкiр  қайшылықтарына  дұрыс 
бағдар  жасай  отыра,  жауап  табу  əдiстерiн  үйретедi.  Əдетте,  оқытудың  бұл  түрi  жаңа  оқу 
материалын  түсiндiру  кезеңiнде  қолданылады.  Сонымен,  проблемалы  оқытудың  ерекшелiгi: 
оқушыға дайын бiлiм берiлмей, одан проблемаларды iзденiс арқылы шешу талап етiледi. 
 
            Проблемалық оқытудың күштi жақтары:
 
- оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн арттырады;
 
- оқу еңбегiне қызығушылығын арттырады; 
 
- оларды өздiгiнен саналы жұмыс iстеуге үйретедi;
 
- берiк бiлiмге, оқытудың жоғары нəтижесiне жеткiзедi.
 
            Проблемалық оқытудың кемшiлiктерi:
 
- оқушылардың танымдық iс-əрекетiн басқаруға əлсiз ықпал ету;
 
- мақсатқа жету үшiн көп уақыт жұмсау.   
 
             Қазiргi  мектептерде  түсiндiрмелi  жəне  проблемалық  оқыту  түрлерi  бiрге  қатар 
қолданылады.
 
 
 
    Бақылау сұрақтары       
 
1. Педагогиканың қай саласы оқыту процесiне арналған?
 
2.  Дидактика қандай мəселелердi қарастырады?
 
3.  Оқыту мен оқудың қандай айырмашылығы бар?
 
4. Оқытудың ғылыми негiздерiн атап көрсетiңiз?
 
5. Оқытудың қызметiн атаңыз.
 
6. Оқыту процесiнiң құрылымын жəне оның буындарын сипаттаңыз.
 
7. Оқу түрлерiн, олардың жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн атаңыз.
 
8. Оқыту түрлерiнiң сипаттамасын жəне ерекшелiктерiн атаңыз.
 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет