Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

            С. В. Иванов бойынша:
 
1. Кiрiспе сабақтар.
 
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
 
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы.
 
4. Меңгерген бiлiмдi тəжiрибеде қолдану сабағы.
 
5. Дағдылану сабағы.
 
6. Қайталау, пысықтау жəне қорыту сабақтары.
 
7. Бақылау сабағы.
 
            Б. П. Есипов бойынша:
 
1. Аралас сабақтар.
 
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
 
3. Пысықтау сабағы.
 
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
 
5. Оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
 
6. Бiлiм сынау сабағы.
 
             Сол  секiлдi  шет  елдер  тəжiрибесiнен,  атап  айтсақ,  Чехословакия  мектептерiнен  мысал 
келтiрсек, ондағы сабақты жiктеуде бiздiң тəжiрибемiзге ұқсастығын байқаймыз.
 
1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
 
2. Жаттығу сабағы.
 
3. Қорыту сабағы.
 
4.  Қайталау, бiлiм сынау сабағы.
 
5. Аралас сабақ.
 
             Қорыта  айтқанда,  қазiргi  мектеп  тəжiрибесiнде  көптеп  қолданылатын  сабақ  түрлерiне 
мыналарды жат-қызуға болады:
 
1. Кiрiспе сабағы.
 
2. Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы.
 
3. Бiлiмдi, бiлiктi жəне дағдыны бекiту сабағы.
 
4. Жаттығу жəне тəжiрибе сабақтары.
 
5. Зертханалық сабақ.
 
6. Қайталау-қорыту сабағы.
 
7. Оқушылардың бiлiмдерiн, бiлiктiлiктерi мен дағдыларын тексеру жəне бақылау сабағы.
 
8. Аралас сабақ
 
9. өздiгiнен бiлiм алу сабағы. 
 
            Сабақты бұлай жiктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгiлi бiр заңдылықтар 
бар.  Атап  айтсақ,  сабақтың  мақсатына  байланысты  мұғалiм  оқушыларға  жаңа  бiлiм  берудi 
көздесе,  осыған  орай ''Жаңа  бiлiмдi  хабарлау  сабағы''  деп  аталса,  сабақта  оқушылардың 
қабылдаған  жаңа  бiлiмiн  iс  жүзiнде  пйдалана  бiлу  жолын  қарастырса,  онда  ол ''Жаттығу  немесе 
практикалық сабақ'' деп аталады.
 
             Сол  секiлдi  мұғалiм  өткен  оқу  материалын  оқушы-лардың  есiне  салу,  қайталау  мақсатын 
көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады.
 
            Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрi оның құрылымына байланысты болып келедi.  
 
             Мұғалiм  сабақтар  жүйесiнде  дидактикалық  бiрнеше  мақсаттарды  жүзеге  асырады.  Демек, 
оқушыларға  жаңа  бiлiм  бередi,  оны  өмiрде,  практикада  пайдалану  жолын  үйретедi,  өткен  оқу 
материалын  қайталап.  қорытады,  сонымен  бiрге  оқушылардың  бiлiм  көлемi  мен  сапасын  сынап, 
оны  бағалайды.  Мұндай  жағдайда  көпшiлiк  сабақ  оның  бiрнеше  элементтерi (кезеңдерi)  арқылы 
аралас өтедi. Мiне, осындай сабақ түрi ''Аралас сабақ'' деп аталады.
 
             Сонымен  сабақ  құрылымы  деп  сабақтың  барысында (45 минут)  оның  құрамды 
бөлiктерiнiң, кезеңдерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, белгiлi тəртiппен жүзеге асырылуын айтады. Олар 
мынандай болып келедi:
 
1.  Сабақты  ұйымдастыру  бөлiмi (сабақтың  тақырыбын  белгiлеп,  оның  мақсат,  мiндеттерiн 
тұжырымдау).
 
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
 
3. Жаңа бiлiмдi немесе оқу материалын баяндау, түсiндiру.
 
4.  Жаңа  бiлiмдi  пысықтау,  бекiту  (ауызша,  жазбаша  жат-тығулар  жасау,  тəжiрибелiк  жəне 
зертханалық жұмыстар жүргiзу).
 
5. Қорытындылау (оқушылар бiлiмiн бағалау), сабақтың аяқталуы.

6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру. 
 
             Сабақ құрылымын белгiлеу оқу жұмысын неғұрлым айқын жəне дұрыс ұйымдастыру үшiн 
маңызы ерекше. Мұның өзi мұғалiмнiң сабақ жоспарын құрудағы аса елеулi кезеңi болады.            
 Сөйтiп,  сабақ  түрiн  жiктеу  жəне  құрылымын  құру  өзара  байланысты,  бiрақ  əрқайсысының  өзiне 
тəн өзгешелiгi болады.
 
             Жоғарыда  баяндағанымыздай  сабақтарды  топтас-тыру,  оның  құрылымын  белгiлеу 
негiзiнен  дидактикалық  мақсат  пен  мiндеттерге  жəне  сабақтың  кезеңдерiне  байланысты  болып 
келетiндiгiнде. 
 
 
 
4. Кiрiспе сабағының құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу.
 
2. Жаңа оқу материалын ендiру.
 
3. Жаңа бiлiмдi пысықтау, бекiту.
 
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
 
            Кiрiспе сабағының ерекшелiгi, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын
оқып  үйренуде  қолданылады.  Мұғалiм  тараудың  немесе  тақырыптың  оқу-тəрбиелiк  мəнiн  ашып 
бередi,  алдағы  сабақтарда  оларды  өткiзу  тəртiбiн  оқушыларға  түсiндiредi,  ондағы  жаңа  оқу 
материалдарының мазмұнын оқып үйренудiң тəсiлдерiн көрсетедi. 
 
 5. Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағының құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу. 
 
2.  Жаңа оқу материалын ендiру.
 
3.  Жаңа оқу материалын пысықтау, бекiту.
 
4.  Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. 
 
            Алғашқы тарау немесе тақырыптық кiрiспе сабақ-тарына қатысты мəселелердi шешiп алған 
жағдайда,  ендiгi  жерде мұғалiм ағымдағы  əрбiр  оқу материалын  меңгеруге  сай сабақтар жүйесiн 
ұйымдастырады.  Сабақ  үстiнде  жаңа  бiлiмдердi  баяндау  немесе  түсiндiру  жұмыстары  оның  өн
бойында жүрiп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негiзгi бөлiмi болып есептеледi.
 
             Сабақта  қойылған  мақсатқа  сəйкес  жəне  оқушылардың  жас  ерекшелiктерi  мен  таным 
қабiлеттерiне орайластырып жаңа бiлiмдердiң баяндалуына тиiстi мөлшерде уақыт бөлiнедi. 
 
             Жаңа   сабақты  (бiлiмдi)  хабарлау  барысында  мұғалiм-нiң  оқу  материалын  түсiндiруi 
оқушылардың сабақ үстiндегi өздiгiнен iстейтiн жұмыстарымен ұласып отырады. 
 
 
 
6. Бiлiмдi, iскерлiктi жəне дағдыны бекiту 
 
сабағының құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оқушыларды сабаққа əзiрлеу.
 
2. Бұрын өтiлген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
 
3.  Оқушылардың  өз  бетiнше  жұмыс  iстеуi.  Түрлi  жаттығу-лар  мен  практикалық  жəне 
лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
 
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсiндiру.
 
Жаңа  бiлiмдi  оқушылардың  қабылдап,  меңгеруi  барысында  сабақтың  пысықтау жəне  бекiту 
кезеңдерi  де  белсендi  қызмет  атқарады.  Себебi  жаңадан  оқып  үйренген  бiлiмдердi  пысықтап 
отыру əр сабақтың елеулi элементi болып табылады. Алған бiлiмдi бекiтпейiнше, оны сапалы да 
берiк меңгеру мүмкiн емес. 
 
            Сондықтан бiлiмдi бекiту сабағы өзiнiң құрылысы жөнiнен əр алуан болып келедi. 
 
             Мұғалiмнiң  түсiндiруi  жағдайында  оның  сөзiмен  бiрге  оқушылардың  өз  бетiнше  жаттығу 
iстерi  жəне  тəжiрибелiк-зертханалық  жұмыстарында  тəжiрибелер  жүргiзiп,  көрнекi  құралдарын 
көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
 
   Оқу жұмысының мұндай алуан түрiне қарамастан мұғалiмнiң сөзi жетекшi рөл атқарады.          
 
            Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең
меңгергенiн, көлемiн, сапасын тексеру жұмыстары да кiредi.
 
 
 
7. Жаттығу жəне тəжiрибелiк сабақтың құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу.
 
2.  Оқушылардың  өз  бетiнше  жұмыс  iстеуi.  Түрлi  жаттығу-лар  мен  практикалық  жəне 

лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
 
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
 
 Практикалық  сабақ  оқушылардың  алған  теориялық  бiлiмдерiн  практикамен  байланыстыру, 
пысықтау жəне бекiту мақсатын көздейдi.
 
   Практикалық  сабақты  жүргiзу  үшiн  түрлi  жаттығу  жұмыстары  мен  тəжiрибелер  қолданылады. 
Олар  əр  пəннiң  ерекшелiктерiне  қарай  атқарылады.  Мысалы,  тiлден  граматикалық  түрлi 
ережелерге сəйкес жазбаша жəне ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргiзiлсе, сызу пəнiнен 
графикалық,  ал  физика  мен  химиядан  лабора-ториялық-эксперименттiк  тəжiрибелер  жасалады. 
Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың бiлiмiмен қатар олардың бiлiктiлiк жəне дағдыларын 
пысықтау да көзделедi.
 
 
 
               8. Қайталау сабағының құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу. 
 
2.  Бұрын  өткен  оқу  материалдарын  қайталау,  пысықтау,  еске  түсiру  арқылы  оларды  жүйеге 
келтiрiп, жинақтау жəне қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
 
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
 
            Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрi. 
 
            Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негiзгi түйiндi мəселелерiн қайталап 
пысықтауды  (қай-талау - оқытудың  анасы),  оқушыларды  өздiгiнен  қоры-тынды  жасауға  үйретудi 
көздейдi. Бұған мұғалiмнiң аса жауапкершiлiкпен ой жiберiп, тыңғылықты əзiрлiгiн қажет етедi.
 
             Қайталау  сабақтары  не  сабақ  үстiнде,  болмаса  арнайы  ұйымдастырылған  сабақ  арқылы
өткiзiледi.  Ол  оқу  бағдар-ламасы  бойынша  көлемi  жағынан  iрi  тақырыптар  немесе  тарауларды 
оқып  үйренуге  байланысты  соңында,  сол  сияқты  оқу  тоқсанының  жəне  оқу  жылының  аяғында
жүргiзiлiп отырады. 
 
             Қайталау  сабағына  оқушыларды  жақсы  ұйымдастыру  үшiн  оның  сұрақтары  мен 
пайдалануға  тиiстi  əдебиеттерiн  оқу  жəне  сабақ  барысында  қолданылатын  қажеттi  құрал-дарын 
əзiрлеу жұмыстарын алдын ала белгiлеу керек.
 
             Қайталау  сабағын  əр  түрлi  тəсiлдермен  (ауызша,  жазбаша,  графикалық,  лабораториялық 
жұмыстары жəне саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
 
             Сабақ  соңында  мұғалiм  оның  нəтижесiн  қорытын-дылап,  оқушыларға  қосымша 
тапсырмалар  беруi  мүмкiн.  Мұғалiм  оқушылар  бiлiмiндегi  басты  жетiстiктерi  мен  кемшiлiктердi 
басымырақ көрсетiп, келешекте қандай мəселелерге көбiрек көңiл бөлу қажеттiгiне оқушылардың 
назарын аударады.
 
 
 
9. Аралас сабақтың құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақтың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу.
 
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
 
3. Жаңа оқу материалын ендiру. 
 
4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекiту.
 
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
 
6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру.
 
             Аралас  сабақ - мектеп  тəжiрибесiнде  көптеп  қолданылатын  сабақ  түрi.  Мұндай  сабақ 
барысында  сабақтың  барлық  дидактикалық  кезеңдерi  немесе  буындары  алма  кезек  өзара 
ұштасып  жатады.                        Сабақ  үстiнде  өткендi  қайталау,  жаңа  материалды  мең-геру, 
пысықтау  жəне  тексеру,  бағалау  жұмыстары  оқушы-лардың  логикалық  ойлау  қабiлеттерiн 
арттырады,  назарын  тұрақты  етедi.  Сондықтан,  ол  мұғалiмнiң  оқу  iсiн  ұйымдастыруында  жəне 
оқушылардың оқу материалын жете түсiнуiне өте қолайлы. 
 
             Аралас  сабақ  əсiресе  бастауыш  жəне  орта  сыныптарда,  сонымен  қатар  тiлге  қатысты 
пəндерде көптеп қолданы-лады.
 
            Сондай сабақтың бiр вариантын профессор    Р. Г. Лемберг өзiнiң ''Дидактикалық очерктер'' 
деген еңбегiнде ұсынады. Оның ерекшелiгi, дəстүрлi сабақта ұйымдастыру кезеңiнен кейiнгi ретте 
мұғалiмдердiң  көпшiлiгi  сабақты  оқушылардың  үй  тапсырмасын  тексерiп,  бағалаудан  бастаса, 
мұнда оған керiсiнше жаңа оқу материалын енгiзiп, түсiндiру жұмыстарына айрықша мəн бередi.
 
            Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келедi:
 
1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсiндiру.
 
2. Үйге тапсырма беру.
 

3. Оқушылардың түсiнбеген сұрақтарына жауап беру.
4. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың бiлiмiн сынау жəне жаңа сабақты пысықтау.
 
             Р.  Г.  Лембергтiң  тұжырымдауы  бойынша,  егер  сабақты  өткен  оқу  материалын  ұзақ  уақыт
сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсiну белсендiлiгi төмендейдi. 
Сол  үшiн  жаңа  оқу  материалын  сабақтың  бастапқы  кезеңiнде,  демек,  оқушылардың  таным 
қабiлеттерiнiң  белсендiлiгi  жоғары  жағдайында,  шаршамай,  тың  отырған  уақытында  өту 
ұсынылады. 
 
             Бұл  құптарлық  ұсыныс.  Осы  үлгiнi  əсiресе,  жоғары  сыныптарда  кеңiрек  қолданған  дұрыс 
болар.  Себебi,  оқушылардың  оқу  жұмысы  жоғары  сыныптарда  күрделi  болып  келедi.  Сөйтiп, 
олардың оқу материалын тиянақты меңгеруiнде түсiндiру жəне оны пысықтау, бекiту жұмыстарына 
айрықша мəн берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы əрине үй
тапсырмасын дұрыс өз дəрежесiнде орындап келуiне  ешкiм-нiң де шүбəсi болмас деп ойлаймыз. 
Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкiн қажет емес болуы шарт, оны 
басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздерiне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. 
 
             Оқушылардың  бiлiмдерiн, iскерлiктерi  мен  дағды-ларын  тексеру,  бақылау  сабағының 
құрылымы
 
1.  Сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Оқушыларға  сабақ-тың  мақсат-мiндеттерiн  түсiндiру. 
Оларды сабаққа əзiрлеу.
 
2. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. 
 
3. Оқушылардың өзiндiк жұмыстары.
 
4. Оқушылар бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларын бағалау.
 
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
 
             Сабақтың  бұл  түрiнiң  көздейтiн  мақсаты – оқушы-лардың  алған  бiлiмдерi  мен  дағды 
көлемiнiң  қандай  дəрежеде  екендiгiн  байқап,  тексерумен  қатар,  оның  сапасын  бағалау;  олардың 
бiлетiндерi мен бiлмейтiн мəселелерiн анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.
 
             Бiлiмдi  тексеру  жəне  бағалау  жұмыстары  күнделiктi  сабақтар  барысында,  сонымен  қатар 
арнаулы  сабақтар  түрiнде  де  өткiзiледi.  Соның  барысында  оқушыларды  оқу  материалын  терең
ұғынуға жəне меңгеруiне мүмкiндiк бередi.
 
             Бұл  жұмыстың  бiлiмдiк  жəне  тəрбиелiк  қызметi  жағынан  маңызы  зор.  Бiрiншiден, 
оқушылардың  бiлiмiне  бақылау  жүргiзу,  олардың  бiлiмiн  толықтыру  болса,  екiн-шiден,  олардың 
жеке басын жан-жақты дамытып, тəрбиелеу жөнiнен ойдағыдай рөл атқарады.
 
             Тексеру  жəне  бағалау  жұмыстарын  жүйелi  атқару  оқушыларды  тегiс  қамтып,  олардағы 
бiлiм,  дағдыларындағы   кемшiлiктердi  дер  кезiнде  анықтап,  болдырмау  жолдарын  қарастыруға 
мүмкiндiк бередi.
 
 
 
10. Сабақта оқушылардың жеке дара, топтық
 
 жəне ұжымдық танымдық iс-əрекеттерi
 
            Мұғалiм сабақты пысықтау, бекiту жəне соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды
орындау  барысында  олардың  белсендiлiгiн  оятуы  тиiс.  Əсiресе,  оқушылардың  қабiлетiмен  қатаң 
санасып  отыруы  керек.  Сондықтан,  олармен  жеке  дара  немесе  топтық  жəне  ұжымдық  əрi 
фронталдық жұмыс түрлерiн ұйымдастырады.
 
   Оқыту процесi – мұғалiмнiң бiр мезгiлде барлық оқушыларды бiрыңғай оқытуы болғанымен де, 
негiзiнен ол оқушының жеке дара жұмысының түрi. Себебi, əрбiр оқушы оны өзiнiң шама-шарқысы, 
дайындық жағдайына байланысты өзiнше қабылдап, меңгередi.  
 
            Соған орай жеке дара жұмыс əр оқушының өз бетiмен жұмыс iстеуге, бiлiмдi саналықпен 
ұғынуға  дағдыландырады,  оларды  қоршаған  ортадағы  құбылыстар-дың  заңдылықтарын  оқып 
бiлуге ықыласын тудырады, ойлау белсендiлiгiн арттырады.
 
            Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерiне:
 
1. Оқулықпен жұмыс iстеу.
 
2. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру 
т.б.).
 
3. Мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша əр түрлi лаборатория-лық тəжiрибелердi орындау. 
 
            Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетiмен бiлiм алуға ынталандырады, тəртiбiн күшейтiп, 
оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным əрекетiн ұйымдастыруда жеке-дара 
жұмыс түрiнен басқа олардың топтық жəне ұжым болып жұмыс iстеуiнiң маңызы ерекше.
 
             Оқушылардың  топтық  танымдық  жұмыстары  сабақ  барысында  оқу  мiндеттерiн  шешуде,
өзара  көмекке  негiзделген  екi,  төрт,  алты  т.с.с  оқушылар  тобының  белгiлi  бiр  жұмыс  көлемiн 

атқаруын көздейдi.
 
            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            Жұмыстың бұл түрi негiзiнен екi бағытта iске асады: бiркелкi немесе бiрыңғай (однородный) 
жəне бiрнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
 
   Оқушылардың бiрыңғай, бiркелкi оқу жұмыстары мұғалiмнiң барлығына ортақ бiрыңғай 
тапсырмасын шағын топтарға бөлiп өзара əрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. 
 
       Ал бөлшекке бөлiп оқыту – бiр мезгiлде бiрнеше тапсырманы  əр түрлi тəсiлдермен 
оқушылардың бiрнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
 
             Жұмыстың  бұл  түрi  топ  iшiнде  оқушылардың  тап-сырманың  мақсатын , мазмұнын,  оны 
орындау  тəсiлдерiн  бiр-бiрiмен  өзара  ақылдасып  шешуi,  оның  нəтижесiн  талдауы,  бағалауымен 
ерекшелiнедi.  Оқушылардың  осын-дай  өзара  бiрлесiп  атқаратын  оқу-танымдық  жұмыстары 
олардың  жеке  дара  жұмыстарына  қарағанда  əлдеқандай  жемiстi  болып  келедi.  Əрi  уақытты  аз 
жəне тиiмдi пайда-лануға мүмкiндiк туғызады. 
 
             Сонымен  қатар  бiр  сыныптағы  оқушылардың  оқу  мiндеттерiн   топ  болып  шешуде  өзара 
əрекеттесуi немесе жарысы олардың ортақ iске деген жауапкершiлiк сезiмiн тудырады.
 
             Мұндай  жұмыс  барысында  оқушылардың  өз  тобының  нəтижесiне  өзара  əсерленуiнiң 
(переживание) маңызы ерекше.
 
       Мұғалiмнiң топтық жұмысты нəтижелi ұйымдастыру шартына:
 
- оқушыларды өздiгiнен жұмыс iстеуге үйрету;
 
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
 
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесiнiң нақты болуы;
 
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестiру iскерлiгiнiң болуы т.б.
 
       Оқытуды осындай тəртiппен ұйымдастыру оқушы-лардың тəрбиесiне, атап айтқанда 
өздiгiнен бiлiм алу белсендiлiгiн, олардың өзара тату-тəттi ұжымдық қарым-қатынасын, 
жауапкершiлiгiн, əсерленушiлдiгiн (күйiнiшiн, сүйiнiшiн) т.б. əлеуметтiк қасиеттерiн 
қалыптастырады.
 
            Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегенiмiз – ортақ мақсатты көздейтiн жұмыс. Алайда, бұл 
ортақ мақсатқа жету жолында оқу əрекетiнде белгiлi бiр өте күрделi еңбек бөлiнiсiне жол берiледi. 
Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара жəне топтық жұмыстарының элементтерi кiредi.
 
             Сондықтан  ұжымдық  жұмыстың  ерекшелiгi,  өз  бетiмен  iстейтiн  дара  жұмысқа  бөгет
болмайды,  керiсiнше  əрбiр  оқушыға  өзiнiң  алдына  қойылған  мiндеттерiн  жақсы  ұғынуға 
көмектеседi. 
 
            Фронталдық жұмыс ерекшелiгi – бiр сыныптағы барлық оқушылардың бiр бағытта бəрiне 
ортақ бiрыңғай тапсырманы мұғалiм басшылығымен бiркелкi жағдайда орындауы.
 
 
 
11. Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары. 
 
Тақырыптық жəне жеке сабақтардың жоспары
 
             Мектептiң  аса  жауапты  мiндетi – оқушыларды  ғылым  негiздерiмен  терең  жəне  берiк 
қаруландыру, табанды жəне жемiстi бiлiм алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерiнiң 
алған  бiлiмдерiн  практикада  қолдана  бiлуге  үйрету  жəне  дағдыландыру  болса,  осы  орайда 
мұғалiмнiң  жауапкершiлiгi,  оның  сабақтар  жүйесiне  даярлануы  оқу  жұмысын  ұйымдастыру  үшiн 
аса  зор  мəнi  бар.  Жақсы  жоспарланған,  мұғалiмнiң  нəтижелi  даярлығын  бейнелейтiн  сабақ 
сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткiзудiң ең жақсы кепiлi болады.
 
                Сабаққа  мұқият  дайындалу,  оның  мазмұны  мен  ұйымдастыру  əдiстемесiн  ойластыру 
жұмысын əрбiр мұғалiм өзiмнiң ең басты мiндетiм деп сезiнуi тиiс.
 
             Егер сабақ көңiлсiз өтсе, мұғалiмдер сабақты босаң жəне енжарлықпен өткiзсе, онда, сөз 
жоқ, бұл мұғалiм-дердiң сабаққа дайындалу iсiне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлiнген 
45 минут уақытты толық əрi жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендiгiнде деп 
қарауға  болады. (Осы  орайда  айта  кетуге  болады: 40 жыл  мұғалiм  болып  iстесең  де 45 минут 

сабағыңа əзiрленудi ұмыта!).
 
                Мұғалiмнiң  сабаққа  дайындалуы – аса  жауапты  iс.  Мұғалiм  өзi  оқытатын  пəндi  қанша 
жақсы бiлгенiмен, егер ол сабақтар жүйесi жөнiнде тыңғылықты жұмыс iстемесе жəне əр сабаққа
жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында iрi кемшiлiктерi болмақ. Бұл – педагогтiк стажы 
бар көп мұғалiмдерге де қатысты.
 
                Əрбiр  мұғалiмнiң  сабаққа  дайындалуы  жөнiндегi  талап,  педагогикалық  процестiң 
күрделiгiнен  туады.  Соған  сəйкес  мұғалiмнiң  сабаққа  əзiрленуi  барысында  төмендегiдей  сұраққа 
жауап беруi керек:
 
1. Сабақтың мақсаты қандай?
 
2. Оқушылар қандай жаңа бiлiмдер алуы қажет жəне олар практика жүзiнде ненi үйренедi ?
 
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
 
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
 
5. Олар қандай жолмен негiзделмек?
 
6. Қандай қорытындылар керек?
 
7. Сабақта қандай əдiстер жəне көрнектi құралдар пайдаланылмақ?
 
8. Оқушылардың бiлiмiн тексеру үшiн оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек ?
 
9. Оқушылар алған бiлiмдерiн пысықтау жəне практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар
беру керек ? 
 
10.Үй тапсырмасына ненi беруге болады жəне оны қалай тапсыру керек.
 
             Озық  тəжiрбелi  мұғалiмдер  сабаққа  белгiлi  бiр  тиянақты  жүйемен  даярланады  дедiк.  Ол 
төмендегiдей кезеңдерден құралады:
 
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
 
б) өтiлген сабақтың табыстары мен кемшiлiктерiн есепке ала отырып, келесi тақырыпты белгiлеу.
 
в) Кезектi сабақтың жоспарын жасау.
 
             Мұғалiм  жұмысындағы  мұндай  жүйелiк  оқу  процесiн  үздiксiз  жетiлдiре  беруге,  əрбiр  жеке 
алынған сабақты сабақтар жүйесiндегi буын ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi.
 
             Оқу  жұмысының  мазмұнын  ойластырып  алу - сыныпта  оқу  материалын  өтудiң  бiрiздiлiгi 
жөнiнде айқын да анық түсiнiк құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалiмнiң оқу бағдарламасымен
жүргiзетiн  жұмысы  оларға  оқу  тоқсанына  белгiленген  материалдың  өтiлуiн  қысқаша  жоспарлап
 алу  болып  табылады.  Бұлай  ету  оларға  əр  тақырып  не  болмаса  тақырыпша  шеңберiнде 
сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
 
             Мектепе  оқу  материалы  əрбiр  жарты  жыл  бойынша  жоспарланады.  Мұндай  жоспардың 
түрiн  күнтiзбелiк  (календарный)  жоспар  деп  атайды.  Күнтiзбелiк  жоспар  жүйесiне  белгiлi  бiр 
тоқсан iшiнде өтетiн тақырыптар  енгiзiледi.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет