Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет4/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
40 
шағылысып қырық құлпырған жалтырақ қанаттарында да меруерт төгіп 
қойғандай мөлдір тамшылар жылтырайды. 
Арқаларына, екі жағына екі ту байлаған алабажақ шатыр орнатып, 
қызғылт шəйіден малынтып жабу жапқан алты піл үйретушілерінің 
əміріне бірде түсініп, бірде түсінбей қап, бірі ілгері, бірі кейін, əрқайсысы 
əр уақытта тізе бүгеді де, орындарынан да үздік-создық кешігіп көтеріледі. 
Басына дағарадай қып сəлде орап, бір ұшын тас төбесіне шиыра түйіп, ал 
екінші ұшын тізесіне жеткенше салбыратып қоя берген алты едірек мұрт 
сыпты-ғыр қара, астарындағы алпамса жануарларға көздері шатынап, 
қолдарындағы жіп-жіңішке темір шыбықтарын үсті-үстіне сермелеп 
кіжініп қояды. Еңгезердей хайуандар құдды бір солардың əлгіндей 
əлдеқандай боп едірейгендерінен қаймығып, ерсі мол денелерін еркіне 
көндіре алмай, майда құмаққа əлденеше омақасып, орындарынан əзер 
тұрып кетеді. 
Соның бəріне анадайдағы ағаш арасынан қызықтай қарап тұрған орғылт 
еліктер, жол бойында саудырап көп адам көрінгенде бет-беттеріне 
бытырап қаша жөнелді. 
Олар əуелі бақ ішінде үлкен тұт ағашының түбіндегі парсының масаты 
кілемі төселген көлеңке бастырманың астында монтиып-монтиып отырған 
үш кішкене баланың алдарына барып, тізелерін бүгіп тағзым етті. Үш 
бала орындарынан тұрып, ту түпте, сарайдың алдындағы саяжайда зер 
төгіп тіккен шаршы бөстекте қос құс жастықты шынтақтап, қарсы 
алдындағы ішінде қан күрең қызыл алмалар жүзіп жүрген, жан-жағын 
тарғыл мəр-мəрмен көмкерген хауыздан көкке шапшып шығып, орта 
жолда қайтадан омырыла құлап түсіп жатқан ақ түтек суға қарап, үн-
түнсіз ойға шомып отырған Əміршіге бастады. Таққа жиырма адымдай 
жер қалғанда олар кілт кідіріп, жер тізерлеп, қол қусырып, қайта-қайта 
иіліп тағзым етті. 
Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыла салған Əмірші 
шұбатылған мол жеңінен қолын зорға қылтитып, анадай жерде бір 
қапталда қырын орналасқан жеті уəзіріне əлдене деп белгі берді. 
Төр жақтарында отырған бас уəзір екі қолын көкірегіне апарып, тағзым 
етіп, орнынан тұрды да, ту сырттарындағы көлеңке бастырманың 
тасасына қарай кетіп қалды. 
Көп ұзамай қайта көрінді. Соңында-қолына жерге шұбатылған жібек 
сүлгінің үстіне салып кішкене табақша көтерген бір топ жігіт. 
Бас уəзір жер тізерлеп отырғандардың алдарына келіп бірдеңе деді. 
Оны соңғы қатарда жан-жағына алақтай қарап отырған мойыл көз қара 
жігіт Жаппар естіген де жоқ, түсінген де жоқ. 
Қолдарына табақша көтерген жігіттер бұлардың əр-қайсысының қасына 
бір-бірден кеп тұра қалды да, бастарына алтын-күмісі аралас бір уыс 
теңгені саудыратып төге салды. Сосын иіліп алақандарындағы 
табақшадан аузын жібек шашақпен буған жұдырықтай кішкене қалтаны 
ұсынды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет