Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет6/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
42 
бөліп-бөліп салды да, тағзым етіп шығып кетті. 
Қолдарына сырлы ағаш тегене ұстаған бір топ жігіт шықты. Олар əуелі 
сорпа толы тегенелерін жерге қойып, оған дəрі-дəрмек қосып түздық 
əзірледі. Сосын оны сырлы ожаумен табақтарға құйды да, əрқайсысының 
үстіне ортасынан төрт бүктеп, жұп-жұқа шелпек салды. 
Табақ əбден əзірленіп болғанда, олар да орындарын босатты. Сарай 
əкімдері əр табақты екеулеп көтеріп, Əміршінің, елшілердің, уəзірлердің 
алдарына апарып қойды. Төменгі жақтағыларға табақты жай қызметші 
жігіттер тартты. 
Еттен кейін жеміс берілді. Ең соңында бал қосып ашытылған тəтті қымыз 
ішілді. Қонақасы біткен соң манадан бері есік жақта тұрып қалған сыйлық 
көтергендер шеруі ортаға озды. Елшілер əкелген меруерт балдақ ал-мас 
қылыштар, зер төгіп тіккен құндыз тондар, ираны кілемдер, жеке-жеке 
табақтарға салып көтерген бас алтын, інжу-маржан, лағыл тастар, 
қымбат аң терілерін жұрт қапысыз көріп алсын дегендей-ақ, аяқтарын 
маң-маң басып, Əміршінің алдына жақындады, тізе бүгіп, тағзым еткен 
мезірет жасады. Сəл кідірді, Əмірші сыйлықты қабыл алғанын білдіріп, 
елшілер жаққа басын изеді. Елшілер тағы да əлденеше рет бастарын иіп 
тағзым етті. 
Сыйлық көтергендер шеруі орындарынан қайтадан қозғалып, қымбат 
бұйымдарды сарайға қарай алып жүрді. Əмірші орнынан тұрды. 
Былайғы жұрт та дүркірей көтерілді. 
Қабылдаудан қайтып келе жатқандарға алпамса алты піл құлаш
Қақпа алдындағы сақшылар да найзаларын төмен түсіріп, бастарын иді. 
Көп ұзамай хан жаңа мешіттің құрметіне үлкен той өткізетін болды. 
Əмірші бағының ту сыртында қысы-жазы тусырап бос жататын ашық 
алаңға жұрт түн ішінде алаулатып от жағып, шатыр тікті. Ұлы тойдың 
бəрі де осы арада өтіп жүргендіктен қала тұрғындары кəсібіне, дəреже, 
дəу-летіне қарай көше-көшеге бөлініп қойылған-ды. Əр көшенің екі 
бетінде сылдырап арык, ағып жататын-ды. Əркім өз шатырын қай 
көшеге тігетінін алдын ала білетін. 
Ертеңіне таңертең құлазып бос жатқан тегістік қатар-қатар тігілген 
қызылды-жасылды көп шатырға толды. Ең шетте - етікші, тігінші, ұсақ 
кəсіпқорлардың шағын шатырлары; ортаға қарай озған сайын шатырлар-
дың көлемі де, көркі де өсе түседі. Əсіресе дəулеттілер мен 
дəрежелілердің бəсекемен тіккен шатырларының сəні мен салтанаты 
бірінен-бірі асады. 
Тойға тігілген шатырлар алыстан қарағанда, бірте-бірте сатылап биіктей 
түскен, аспан астын бір өзі толтырардай алабажақ алып орда секілді. 
Сол орданың күмбез шаңырағындай боп, қақ ортаға жан-жағын биіктігі 
кісі бойы қол созым шымқай көк жібек шымылдықпен, қоршалған кең 
ауланың ішіне əр қабырғасы ат шаптырардай ұзын төрт бұрышты Əмірші 
шатыры орнапты. Оның тас төбесіне жиырма кісі бойы он екі сырыққа 
тіреліп зəулім күмбез көтерілген. Он екі сырықтың басына шұбалтып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет