Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет35/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
71 
Апыр-ау, əлгі бір бал-бұл жанған шие еріндер мен нұр жайнаған қос 
жанарды бұл осы қайдан көріп ед 
Етене жақсы білетін тіпті таныс бір адамға ұқсайтын тəрізді. Кім еді сол... 
Тіпті жүріс екеш жүрісі де, күнде көріп жүргендей боп, көзіне оттай 
басыла кетті ғой. Бұның тас таситын құлдар мен бас шеберден, жатқан 
үйінің иелерінен басқа күнде көріп жүрген ешкімі жоқ-ты. Ендеше, 
бұның көзіне оттай басыла қалатын ол қайдағы таныс... Айтпақшы, əлгі 
əйел Зуһра емес пе? Оны да алғаш рет дəл осылай ойда жоқ жерде көріп 
еді ғой. Бетінен шарқаты түспей, малынған жібек көйлектің ар жағынан 
құрақтай майысқан талдырмаш денесін бұлт-бұлт ойнатып, қыбыр-
қыбыр қимылдайтын да жүретін бала қыздың, күн сайын бір үйден 
өргенмен, ешқашан жүзін көрген емес-ті. Қыз еркектер отыратын 
бөлмеге, сірə да, бас сұқпайды. Оқтын оқтын аула ішінде ғана көріп 
қалады. 
Бір күні ол үйге келсе, саудагер мен əйелі жоқ екен. Аула ішінде біреу 
ыңылдайды. Бұл кім болды екен деп, саяжайға шығып қарап еді, өрік 
ағашынан жеміс үзіп жатқан Зуһраны көрді. Биік ағаштың басына лақша 
қарғып, жеміс қағып жүрген бала қыздың бетіндегі шарқаты сусып иығына 
түсіп кетіпті. Бұның қарап тұрғанын сезіп қап, жалт бұрылып еді
жайнаңдаған қос жанар көкірегін шоқша қарып өтті, өкпелегені де, 
еркелегені де белгісіз, керме қасын оқыс серпіп, жəудірей қарады да, 
шарқатын түзеді. Аппақ жазық маңдайы мен қыр мұрынын, албыраған 
шие еріндерін алғаш рет сонда көзі шалғанды. Зуһра бұдан қымсынып 
үйге қарай тайып тұрды. Бұл оның бұлт-бұлт ойнап бара жатқан шəйі 
көйлегінен көзін ала алмай, ұзақ қарап тұрып қалғанды. 
Содан былай ол үйге келгенде көзімен Зуһраны іздейтін болды. 
Шешесінің қасында жыбыр-жыбыр қимылдап жүретін қыз көйлегінің 
естілер-естілмес болмашы сусылына ылғи құлағын тосады да отырады. 
Зуһра да əкесі үйде жоқта, мұның көзіне түскісі келгендей, аула ішінде 
күйбеңдеп жүрген шешесіне қолғабыс жасаған боп, үйге бір кіріп, бір 
шығып тыным таппайды. Оның бұлт-бұлт ойнаған көйлегі мен дəйім жел 
ұшырып əкетердей боп желбіреп жүретін желең шарқаты мұның 
көңіліне көктем еккендей, өн бойына жұмбақ сезім жүгіретін. 
Бірақ ол көкірегін шым-шым шымырлатып жатқан сол бір ұялшақ 
сезімнің қаншалықты қатерлі өртке айналғанын Зуһра қыздың шəйі 
көйлегінің сусылы Ахмет байдың үйінен атымен жоғалғанда барып бір-
ақ аңғарды. Өз жүрегінің іңкəршен көрер көзге айрылып қалған 
жігерсіздігіне осы кезге дейін іші өртенеді. Бүгінде ол дəмесінің келмеске 
кеткеніне əбден кендігіп, торығып болғанды. Сейткен Зуһра мынау ұшпа 
мұнараның басы-на қалай шығып жүр? Əлгі жүн қабақ күйеуі оны мұндай 
жерге қалай жібере қойды екен? Бəрінен бұрын жаңа оны көріп тұрып
бір ауыз тілге келмей, үн-түнсіз қала бергені қалай болды? Ол баяғы 
балалығын кешіргенмен, дəл осы жолғы ынжықтығын еш кешірмейді. 
Енді ол мұны бір кеудесінде қыжыл жоқ тірі өлексеге балап кетті. Күні 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет