Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 122
Тəйірі, еркектің соры сөзінде, əйелдің соры көзінде емес пе? Еркек неме
айтқаныма жетіп тынам деп тыраш-танса, əйел неме көзіме көрінгенді
иемденіп тынам деп əуре болмай ма? Сондықтан да, көңілі сөзден азатын
еркек кіндікті келденең сөзден сақтандырған ата-баба əйелді көлденең
көзден қорғаштап баққан ғой. Ақ некелі қосағының құшағынан табылатын
төсектен басқа жердің бəрінде де ұрғашының көзін қара түндей қара
пердемен қымтап ұстаған ата-баба соның бəрін білмей істеді дейсің бе? Ол
неменің көзін ашып қойғаннан гөрі етегін біржолата шашып қойғанның
өзі дұрыс. Көзі көргенде құмартпай тұрар ұрғашы ма? Құмартса болды, ол
пақырлар құмарына жетпей сірə, тынар ма?
Бұған енді бəрі де түсінікті болды. Ханым əуелі мынау күлімдеген көркем
мұнараға қайран қалды. Сосын адамның ақылы жетпейтіндей сиқыр
мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің
іші бауырына кіріп жата жатқан əдемі жанарына арбалды да қалды...
Сонда оны əзəзіл жолдан ақ некелі қосақ еткен бұның абыройы, тəжі
мен тағы, ата-ананың батасы, көлденең жұрттың көзі мен сөзі – ештеңе
кідірте алмағаны ма? Ең болмағанда, ай астындағыларды түгел дерлік
тітіркендіретін айбарының да бегет бола алмағаны ма? Соның бəрі
ашқарақ нəпсі мен адасқақ көңілді айқара бүркеп тұратын жылқының
құйрығынан өрілген алақандай қыл перденің орнына жүре алмағаны
ғой! Жарайды, сайтан иектегіш ұрғашының қомағай көрсе қызар
нəпсісіне сенбей-ақ қоялық, бірақ сонда хан сарайына сырттан көлденең
жігіт түгілі тірі шыбын кіргізуге тиісті емес сақшылар не бітірген?
Ханымның соңынан бір қадам қалмауға тиіс некері мен оны көзінен бір
елі таса қылмайтын күтуші кемпір қайда жүрген?
Əмірші сол түні төңбекшумен шықты. Таң атқанын асыға күтті. Күтуші
кемпірмен сөйлесіп көруге бел буды. Көңілін егеу құйрықтардай жабыла
кеміріп жатқан көп күмəннің басын бір қайырса сол күтуші кемпірдің
жауабы қайырады.
Ертеңіне таңертең даяшы əйелден күтуші кемпірді шақыртты. Күтүшінің
бəз-баяғы қалпы. Суда жүзіп келе жатқандай ұзын көйлегінің етегі дір-
дір етіп, қалқи басады. Қашан қасына жетіп болғанша Əмірінінің ішін
пыстырды. Ақ төсегінің қырағы күзетшісі еңбегі өтіп кеткен жанша тым
шалқалап қапты. Ұйқылы-ояу жүзінде қысылу-қымтырылудан атымен
нышан жоқ. Əміршінің зығырданы қайнап отыр. Алдымен осы малғұнның
кезін құрту керек екен. Жалпақ жаһан құрақ ұшқанда осы-ақ батпансиды
да жүреді. Ұлы əміршінің тəжсіз баратын жерінде қызмет ететінін
бұлдай ма, тіпті айылын жиса не дейсің! Бұрынғы мардамсығанын бір
жен дейік. Ал мына қазіргі кергуіне жол болсын! Бұл өзі жоқта не болып,
не қойғанынан əлі бейхабар деп ойлайды ғой, шамасы.
Күтуші кемпір қасына келді. Кеудесін басып тағзым етті. Сосын
манаураған маңғаз кейпі, не айтайын деп едіңіз, құлағым сізде деген
кісіше бұған назарын тіктеді.
Əмірші мынау алдында түк болмағандай салғырт тұрған кемпірге