Əбіш Кекілбаев АҢыздың



Pdf көрінісі
бет83/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

 
 
II 
 
Ол есіктен именшектей кіріп, тағзым еткен-ді. Əміршінің алдына келген 
кісінің қай-қайсысы секілді оның да жүзінде абыржу барды. Бірақ бір 


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
119 
үлкен шаруаны бітіріп едім ғой деп, аяқты алшаң тастап кестеңдей 
жəнелмей де, не қай ісіммен жазып қалдым деп екі бүктетіліп елпен де 
қақпай, зерделі жас адамға тəн бір жарасымды əдемі ибамен алдына кеп, 
жер тізерлеп отыра кетті. Сосын бүгежектей бермей бойын тіктеп алды. 
Осы бір мөлдіреген əдемі жігіттің жүріс-тұрысы, кісіні ішпей-жемей 
тойғызатын сұп-сүйкімді ізеті Əміршінің жүрегін мұз боп қарып алғандай 
болды. Қарсы алдында отырған балауса жігіттің адам жүрегін оп-оңай 
баурап алатын бір сиқыры бар екенін ол бірден аңғарды. Бірақ қашан 
орнынан тұрып кеткенше оның дəл қандай сиқыр екенін біле алған жоқ. 
Жігіт өзінің неге шақырылғанын айтқызбай-ақ түсінген қалып танытты. 
Алайда ант-су ішіп ақталмады да, жалынып-жалбарынбады да, не салсаң 
де көндім дегендей, назарын төмен салып отыра берді. 
Бұл оның жүзінен ұзақ уақыт көзін айырмай, үнсіз тергеді. Жігіт бəзбаяғы 
бір қалпынан міз бақпады. Əмірші біраздан соң босағада тізерлеп отырған 
бас шеберге ымдады. Жас жігіт қасына бас шебер кеп, иығынан 
тартқанда барып, басын кетерді. Бұл оның кереқарыс жазық маңдайының 
астында айналасына жұмсақ шүғыла шашып тұрған алақандай-алақандай 
екі нұрлы көзді сонда керді. Сан қилы жұлдыздар жыпырлаған шілде 
аспанындай сан қилы сезімдердің сəулесін түгел жиған соң бір тұңғиық 
жанар бұның көкірегіне біржолата орнап қалды. Онда «апырай, аман-
есен жібергеніңіз рас па» деген үнсіз таңқалыс та, лып етіп түтана қалған 
қуаныш та, шексіз ризашылық та, бірақ өз күнəсін жасырмай түгел 
мойындап тұрған, ар жағына сыр бүкпейтін ақ көкірек адалдық та, 
монтаны мүлəйімді білмейтін шынайылық та, тіпті осының бəрі өң бе, түс 
пе дегендей дүдамал үрей де – бəрі-бəрі түгел барды. Жігіттің жана-рында 
ап-айқын сайрап жатқан əлгі сезімдер бұның көңілінде ешқандай күдік-
күмəн қалдырмай, Ұлы ханым ңызыл алма жіберіп, тұспалмен білдіріп 
жатқан, бұл жоқта болған оқиғаның шындық екеніне көзін біржолата 
жеткізгендей еді. Содан сол бір тостағандай-тостағандай қос жанар кеп 
уақытқа дейін бұның көкірегін қызыл шоқша қыз-қыз қарып тұрып 
алған-ды. 
Əмірші алдында отырған жас жігіттің анау ауыр есіктерден əрі асқан соң 
енді қайтып жарық дүниеге шықпайтынын, оған көр қараңғы тас зынданға 
жол түсіп тұрғанын біліп отырды. Бірақ осы бір іші-бауырына кіріп бара 
жатк,ан жаудыраған екі жанарды көре отыра, көңіліне ешқандай аяныш 
жүгірмеді. Жүрегіне сексеуілдің шоғындай боп қадала қалған əлгі екі от 
бұрынғыдан бетер тызылдатып барады. 
Əрине, адамды бір кергенде арбап алады дейтін сиқыр кез əлгіндей-ақ 
болар. Жаудырай қараған əдемі қос жанар əуелі көңіліне аяныш 
орнатады, ет-жүрегіңді елжіретеді. Еркектің шыдамсызының басын 
жұтып, əйелдің шыдамсызының абыройын төгіп тынатын қандай қара 
пəленің де басы əрқашан сол бір елжіреуік сезімнен басталатын-ды. 
Елжіреуік сезім де бір, ұстамайтын ышқыр да бір – екеуі де абыройыңды 
айрандай төгеді. Бұл ойлап тапқан жан баласы екі етіп көрген заң мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет