Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Жазбауға шыдатпады сорлы көңілім, 
Болған соң Қамаржанның халі жаман. 
Құдайым келтірген соң істі қырын, 
Кез келді сор маңдайға ақсақ Нұрым. 
Ашылмас тұман, айнымас бұлт жапты, 
Ал енді, кімге ұрынсаң, соған ұрын. 
Толып тұр кеуделері от пен жалын 
Есітіп тұра алмастай айтқан зарын. 
Көндірді ағанды да өңкей жұртқыш, 
Аянбай бұлқынса да қолда барын. 
Кәрі ағаң - Оспан, Қалтан құдай атқан! 
Қамарды зар жылатып ұстап сатқан. 
Болмасқа кетті Қамар ғазиз бауырың, 
Үміт жоқ қайта шығар күні батқан. 
Бұл күнде осы жайда қарашығың, 
Ауыл толған у да шу қара шыбын. 
Даярлап, даурығысып, қамданып тұр, 
Қамардың батыруға қарашығын... 
Шыдай алмай күйіп-жанып кеттім қашып, 
Қылмауға көзге күйік жан таласып. 


33 
Әдеби KZ 
Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан, 
Қамардың халін ойлап жаным ашып. 
Қош енді, бірге жүрген, құрдасым-ай! 
Тар жерде талай жолдас, сырласым-ай! 
Енді мені көрмессің, разы бол, 
Ғарасат майданының күні ашылмай". 
Тағы Қамар достының Жорға Нұрым секілді "сүйкімді жануарға" кез келіп зорлауына 
қарсы, бұрынғы қазақ қалпынша "жар-жар" орнына "зар-зар" айтып қалдырған хаты 
мынау еді: (Бұрын да сол елде күйеу мен қалыңдығының қалпына қарап "жар-жарды" 
Ахметке шығартып алып айтушы еді). 
"Жар-жар" орнына "зар-зар". 
Кетпес қына таулардың тасында дүр зар-зар, 
Кетпес қайғы Қамардың басында дүр зар-зар. 
Нұрым ақсақ жорғалап қасында дүр зар-зар, 
Алжымаса, кәрі емес, дәл елу-ақ жасында дүр зар-зар. 
Қошемет, мақтау Нұрымның сөзінде дүр зар-зар! 
Қарт бураның форымы өзінде дүр зар-зар! 
Ащы қайғы, қанды жас, тыңдаса оны жібір тас, 
Сорлы болған Қамардың көзінде дүр зар-зар. 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет