Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 

Ісіміздің жайы мынадай болды. Әлгі жынды немее баласы жылаған соң қимай жүр. 
Қазір бірімізге пышақ салудан да тайынатын емес. Қамарға да кінә қойып болмайды: 
дуадан күшті болып па? Жәукенің шала қазақ баласы қыларын қылып болған соң, өз 
ұятын біліп, қашып кеткенін көрмеймісің? Қап! Құдай соны қолға беретін күн болса... 
көремін де, мырза. Бұл жолы ұят та болса қайтып, соңынан өзіңіз білсеңіз қайтер еді?- 
деп, тартып алу жағын сездірді. Нұрымның қасындағы төбеттер: 

Біз мұндай қорлықты қайда көріп едік?.. деп бұлқынайын десе, Нұрым әлгі 
Оспанның тартып ал деген сөзіне түсініп, баса берді. Нұрым енді ішкі пікірін ішінде сақтап 
қайтпақшы болды. Жүрерде ауыл ақсақалдары жиылып: 

Бұл жолы жердің үстімен келіп, астымен қайтқандай болдыңыз. Көптен бетіңіздің 
қайтқаны да осы шығар. Құдай құдіреті - дуаға амал нешік? Ендігі келгеніңізше Омарды, 
бәрін көндіріп даярлап қоямыз; болмаса, өзіміз болып тартып әперейік, көңіліңізге еш 
нәрсе алмай кетіңіз, мырза, мырзеке!- десті... Қайтсін, амалы бар ма, "Өлмегенге қара 
жер" солбырайып атына әзер мініп: 

Әй, бәлем-ай, сені ме?- деп, тістене-тістене Нұрым қайтты. 
Мұны естіген жұрт: 

Ойбай, Омардың соры қайнады, тәтті аузының дәмін кетірді ғой,- десті. 
Нұрым кетісімен-ақ: 

Ал, шоқынды, түбіме жеттің! Қане, мықты болсаң ұстап тұршы, көрейін. Қияметке 
дейін көрмеймін!- деп, Омардың жер-жебіріне жетіп, жан күйер ағалары Қалтан және 
Оспан да шықты. 

Құдайға тапсырдым. Көрмесең, көрге көміл жауыздар!- деп Омар қалды. 
Тағы да шуыл, тағы да дуыл, тағы өсек даулап ала кетті-дағы, онан басқа не дейсің? Жұрт 
аузындағы: "Пәлен-пәлен" етем деп айтыпты; анау шабам, мынау қабам деп айтыпты..." 
деп күн бұрын үрейін алып гуілдескен өсекке қарағанда, ертеңінде-ақ Омардың күлі де 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет