48
Әдеби KZ
Он беске жаңа келді менің жасым,
Келмейді түндегі ұйқы, батпайды асым.
Малды деп, мал секілді шалды көрдің,
Құрығандай өзім теңді замандасым.
Жүретін сойып сатып,
жасы-қарты,
Мал емес төрт аяқты әйел халқы.
Уау, молда, түзулікті айт құдай үшін:
Жоқ па еді күпу* деген неке шарты?
Молда:
Шырағым, ренжітпе атаңызды,
Бұзбаңыз құдай дескен батаңызды.
Сүннетін пайғамбардың қабыл қылмау -
Зор күнә; мен айтайын қатаңызды.
Қамар:
Күнә емес кемге бармау,
сауап шығар,
Қарның үшін қайтарған жауап шығар.
Қызықты қызыл гүлдей жас жүрегім
Сорлы боп қандай жалын қаулап шығар.