Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
қалмаса керек еді. Жоқ, аман-есен он күн, он бес күн өтті. Омар онан сайын қатайып
бойына ие болып алды. Шабысты қалаға, жаудырысты арызды, бұтты-шатты дегендей 
ұшы-қиыры жоқ сасық даудың ішіне кіріп кетіп шатасты да жүрді... Мұнан бұрын Омар 
"Әне, келіп қалды... Міне, әкетеді Қамарды" деп көлеңкесінен қорқып дегендейін елегізіп 
бөтен үйге қоюға өзінен басқаға жөне сене алмай қару-жарағын даярлап, үйінің ішімен 
түн бойынша үрпиісіп, көрер таңды көзімен атқызушы еді... Міне, бүгін елінің 
"жақсылары" жиналып, жаз жайлауға барысымен, Омарды беруге көндіріп, Нұрымды 
алуға көндіріп, қай уәдені бұзған жағыңнан беземіз деп, жайғастырған болып қойып еді. 
Соның үшін Омар үйіне келіп: 

Оған шейін бір қара қалай көрмеспіз? Құдай жеткізсе Қасен ағаң да келер, 
қарағым!- деп көптен көңілдері тыныш тапқандай болып, бұрынғылары ұмытқа 
айналғандай есін жиып, етегін жапқандай Омардың да, Қамардың да әлдеқалай бір 
балбырап, алаңсыз тәтті ұйқыға кіріскен түні бүгін-ақ еді. Аһ! Не шара?! Таң алдында 
күндізгі бітімнің құр алдап, бейғам қылу екендігі көріне бастады. Алаңсыз тәтті ұйқыда 
жатқан Қамар әкесінің: 

Ойбай! Кісі! Қарағым, Қамар!- деген асығып шыққан жан дауысын есітіп, төбесіне 
мұзды су құя салғандай атып тұра келсе, бейбақ, бейшара не көзімен көрсін: көз алды 
самсаған сары қол: қолдарында белсенген білектей-білектей қамшы, әке-шешесінің басы-
көзі қып-қызыл қан, үсті-басы далба-дұлба, әрбіреуінің қолында жүр құр: "Ойбай! Ойбай! 
Өлдім!.. деп қырылдаған даусы ғана шығады, жабыла ашаға байласып жатыр. Нұрымның: 

Бәлем, бермейтін мықты неме ғой! Көрейін мұның сотын! Әйтеуір, сүйегін 
сындырып, көзін шығармай, өлмесе де өлімші қылыңдар! Дәндейін деген екен!.. Әлгі 
мені сүймеймін дейтін дүзіқара қаншығы қайда? Тигіз менің қолыма...- деп, төбет иттей 
гүрілдескен ашулы суық дауысы үйді басына көтеріп барады. Жүрегі төбесіне шығып 
қорыққаннан қалш-қалш етіп дірілдеп, діңкесі құрып тұрған Қамар сорлыда ненің есі 
болсын, үш-төрт жігіт ақырып: 


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет