Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет29/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Қоса ма қу ағашқа өрім талды? 
Молда: 
Тәуекел, бекем байла беліңізді! 
Түсірме бүлгіндікке еліңізді! 
Пәленшенің баласы солай демей, 
Сөкпеңіз құдай қосқан еріңізді! 
Қамар: 
Қызыл жібек тәнімді жүн қылмаймын, 
Жарқыраған күнімді түн қылмаймын. 
Неке қияр ала алмай қаласың деп, 
Шалға барып басымды күң қылмаймын. 
Батады деп қорықпаймын елім дауға 
Тым болмаса бермеді дені сауға. 
Мені аяса, мал үшін жылатпасын, 
Бермесін опсырайған обыр жауға. 
Созім сол - мейлің жандыр, мейлің өлтір! 
Қисық десең, қанеки, дәлел келтір! 
Не шариғат, не низам айтты ма екен, 


51 
Әдеби KZ 
Елудегі шалға бар деп жемтір-жемтір. 
Молда: 
Не дейді ұялмастан мына арсыз? 
Кәпірдің көрмейсің бе беті қансыз! 
Ахмет жас, Нұрым шал ғой деп ұйтқытып, 
Аздырып жүретіндер бар ғой жансыз. 
Айтайын шариғатты, низамды қой! 
Разы шариғатқа боласың ғой! 
Ажамға* ажам күпу, арабқа араб
Басқалардың бәрі де жаңылыс ой. 
Қамар: 
Кім шыдар шариғатқа, жалаңызға? 
Бояма қара көңіл қараңызға. 
Дұрыс-ақ, ажамға күпу болса, 
Кемпір тең бе он бестегі ер балаңызға? 
*Ажам (арабша)- араб жұртынан өзге елдер. 


52 
Әдеби KZ 
Молда (ашуланып): 
Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын, 
Аятыл күрсі, алхамды жеті оқимын, 
"Бысымылла" деп, ішіне ақ күміс сал! 
Бір-бірін сүйгендей ғып жеке оқимын. 
Қамар: 
Бола ма ризасыз неке дұрыс? 
Ұялмастан айтасың неге бұрыс? 
Дуала, мейлің үшкір, мейлің түкір! 
Бақыр, шақыр болмасқа кеткен бұл іс. 
Молда: 
Үндеме, дұрыс-дұрыс, дұрыс-дұрыс. 
Өз мойныма обалы болса бұрыс. 
Бұзылған бадбақыттың бұзық сөзін 
Біздерге жарамайды тыңдап тұрыс. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет