Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет38/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
аламын. Оған болмаса...- деп, ал емдеуге кірісті. Қақты-соқты, сойледі жоқты, үшкірді, 
түкірді - бәрін де қылды. Ақ шыны аяққа ішірткі қып, мынаны жазып ішкізді: Егер біркім 
ерсе бұ бұғаны бітіп ішсе бәс, кішіге жын зәхмәти тидагай, межіреп дірки дұға бодыр. 
Ағузи белләхи мен әл-шайтан алраким биссимилла и 
Имлақа Мәкселмана Мырнош дыбырос 
Шазноп Кіпішттыйош Қытмыр Сакыр ағыр ғымыр рып йо-ян 
Мойнына һәм киімінің сау жерін қоймай, шоқпардай-шоқпардай ғып зияндаш дұғасы деп 
тақтырды: 
Зияндаш дұғасы бодыр 
ааа ғғ һһ арсым мм 
ддд бб ааа ғғ һаа 
Тұсындағы шымылдықтың бауына ілген Исым ағзам* ба керек, әлде не мазарат етектей-
етектей дұғалықтан Қамардың беті-жүзі көрінбейді. Жан-жағын Меккеден... деп, қажылар 
әкелген алтынды құран, түрлі мешіттің планын (формын) салған қағаздарменен қоршап 
қойған. Тіпті, адам сұрар емес тілдей-тілдей ұзыншақ дұға жазулы қағаздардан аяқ алып 
жүргісіз. 
Әншейін-ақ қасына сүре* танитын сопысымақ сұмырайларды жиып алған, қырық мәртебе 
ясин** шулатып 

Исым ағзам (арабша)- құдай аттары тізіліп жазылған дұғалық. 

Сүре (арабша)- құранның бөлімдері. 
** 
Ясин (арабша)- құранның бір бөлімі, аят аты. 


66 
Әдеби KZ 
шыққызып, әр шыққан сайын түрегеліп азан, тәкбір*** айтып, "онынзыл мен алқуран ма 
һо.. лақол ола қот... ақыры... жақыры... шаң-шаң! Ан... ын..., қойшы, ыс-с-с суп, күп-п! Тіпу-
түп-тің!" астына алып, баспалатып-ақ жатыр-ау... Бірақ бұл емдердің қай-қайсысына болса 
да Қамар разы емес, аза бойы тік тұрып бір нәрсе дейін десе: 

Әне, дертінің иесі ерегістірді,- деп онан жаман екіленіп кетіп, былш-былш үшкіруші 
еді. Міне, бүгінгі кеш зікір сала бастамақшы. Нұрымның кең зал үйіне "таһаратсыз бір жан 
отырмасын, соғып кетеді" деп қожа-молда, алхам құлһуалланы**** сындыра біледі-мыс 
деген заттардан қырық-елу жанды алқа-қотан отырғызып, бәрінің нақ ортасына Қамарды 
ұстатып қойып, ал ишекең зікір бастап, жағалай отырған кісілер өкіріп кеп, тулап 
шуласпасын ба? Көзің жамандық көрмесін! Жұлынып алды кетті, алды кетті... 
Біраздан соң: 
Қайсысы қылжалақтап, маған "зікір түсті" дегендей қылып жығылып жатыр... 
Қайсысының ауыздары көпіріп қиқылдап шиқылдаған болып... қайсысының бөріктері 
ұшып кетіп, бастары бір-біріне соғылысып... 
Әне біреуі ишанның қолынан ұстап, шыр айнала жүгіріп, бұрқылдап... 
Міне біреуі мырс етіп күліп жіберіп, кейін шегініп, аузын басып қырқылдап... 
Онан-мұнан сығалап қараған балалар мен қатын-қыздардың шек-сілесі қатып, 
жырқылдап... 
Кейбір есті қатындар күлгендерге ашуланып: 

"Кетіңдер, не бар онда? Қызық көремісіңдер",- деп бырқылдап... 
*** Тәкбір (арабша)-құлшылық ретінде құдайды ұлықтау. 
**** Құлһуалла (арабша)-дұғаның бір түрі. 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет