Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
аузы-басын қисаңдатып делбе болған мал секілді бірсыпыра селкілдеп, шұлғысып болған 
соң, екі сағаттай күтіп отырған етті жеп лықсиып ұйықтады-ау... Ертеңінде бір мүриді: 

Аурудың иесі арамызға көк өгіз боп келіп жүр екен, әйтеуір қудым,- деп, түс те 
көріп шықгы. Нұрым соған нанып, едәуір көтерілді. Таңертеңгі шайды ішер-ішпесте-ақ 
жиылған кісілер ишанның қолын ұстаймын деп етік-метігімен періп кетіп, мүлдем үйді 
былғап бітірді. Жұрт жабырласып басылған соң, байға байша: бала-шаға асты-үстіне дейін 
қазып сұрап, кедейге кедейше: иегінің ұшымен жүргізіп, амандасып болды. Қазандай ақ 
сәлдесін қошитып шарта жүгінді; қозы құйрығындай аршын жарым таспиғын тізесінің 
үстіне қойды, көзілдірігін киді; белінен шүберекпен буған арасының көгерген иісі кеудені 
ататын, жалба-жалба шеттерін тышқан жеп кеткен, сандықтай атам заманғы бір кітапты 
ашып бұрқыратып отырды да, ең әуелі кітаптың жайын сөйлей бастады: 

Бұ кітаптың ең түбі бабам хазірет Ғалидан қалған Жағпар Садық әулиенің кітабы. 
Атам марқұм Бұхарадан жеті жыл іздеп, қолына әзер түсіріп алған екен. Жарықтық өзі 
өлерінде: "Күтпесең, таһаратсыз ұстасаң, соғып кетеді, болмаса өле-өлгенше азық 
болады" деп өсиет қылып еді: ақыры тегін кісі емес қой, айтқаны келді. Осы ғой біздің 
сүйенетініміз - деп ал кеп шулатты. Оған үй ішіндегі ақсақал, қарасақалдарының "ие, иә" 
деп жандары кіріп: 

Ой, жарықтық-ай, әулие кітап екен ғой. Бәсе жазуын қарашы таяқтай-таяқтай, 
қағазының қалыңдығынан-ақ белгілі боп тұр ғой,- десіп, жабылып жүзін сипап, сүйгені 
сүйіп, қолдан-қолға түсірмеуде еді... 
Ал енді ишекең қасиетті кітабына қарап жібере сала: 

Апырым-ай, дуа бойына әбден сіңісіп алған екен. Жүрегінің басына барып 
байлануға аз-ақ қалыпты. Мұны көптен неге қаратпаған? Сонда да әзір қатер деген сөз 
көрінбейді. Бойында қызылды-жасылды тіл-сұқ бола жабысқан көз секілді ұшығы да бар-
ау өзінің... Тап осы кезде екі-үш түрлі аурудың басы қосылып, ерегісіп тұр екен: мұның ең 
әуелі ұшығы кетсін үшін жеті жылғы ту қойдың өкпесімен қағып, сары ешкінің қарнын 
құшақтату керек. Сонан соң жеті күн ұдайымен оқып зікір салып, басындағы дуасын 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет