Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
дәрі-дәрмектің басын қосып емдеу ме, не керек әйтеуір осылар секілді "қасиетті" қазақ 
емдерінен оллау ағлам қалғаны бар ма екен? "Қамардың басын айналдырып, сені 
сүйдіреміз",- деп жеті қара мейізге, тұзға, қантқа да дуа қойып, Нұрымды алдаушылар да 
толып жатыр. Нұрым тек ауылға басына шалма ораған біреу келсе: "Қырықтың бірі Қыдыр 
деп еді, лепесі қабыл болмас па екен?" деп, жанына мейіз, тағы сондай тәттілер алып 
жүгіріп, үшкіртіп жүруші еді. Садақаны кесек-кесегімен тастайды. Не қылса да ауруы 
күннен-күнге күшейіп, болмасқа айналды. Маңайына Нұрым жақындаса, яки ем 
қылдырса, тым төмендеп кетеді. Сонда Қамардың ішінен күбірлеп, ылғи аузынан 
тастамай айта беретіні жалғыз-ақ мынау еді. 
А, құдай, енді мені күйгізбей ал! 
Жауыздың суық тәнін тигізбей ал! 
Антым бұзбай алдыңа мен барайын, 
Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал! 
Мұны шала-шарпы естіп қалғандар: "Әне, дуа! Әне, дуа, көрдің бе?"- бір-бірін түртісіп, 
шулай қалушы еді. Қамардың жайы мұндай болған соң, "іштен шыққан шұбар жылан" 
шыдата ма, араздық пәленді қойып, Омар да күні-түні қасында болды... Мұның емі ылғи 
қожа-молда қоймай үшкірте беру десе де, Омардың жан ұшырған іждаһатымен қаладан 
доктор алып көрсетіп еді: 

Емдейтін уақыттан өтіпті. Апырым-ай! Чаходка болғанда да бір түрлі қуаттысы екен, 
болса бір-екі айлық қана өмірі болар. Шатасатыны қорқып, жүрегі ұшқандық, әлсіз болған 
соң есін жия алмай тұр. Емдетпей өз ықтиярына қойып күтсе, онысы басылады. Қаратам 
деп әуре болма, жай күте беріңдер,- деді. Мұны естіген жұрт: "Ойбай доктор 
былшылдайды, түкті де білмейді. Чаходка дейтін мұныкі жөтел емес қой. Қашан да болса, 
иелі дертке сенбейтін доктордың әдеті емес пе? Өзгесін қойшы, сөйлеп шатасатыны 


63 
Әдеби KZ 
қорыққандық деген көпірдің көпірлігі ғой. Мұныкі иелі дерт ғой. Әбділда ишанға бақтыру 
керек. Сол кісіге қаратып Иманбек, Жамантайлар жазылып кетті ғой.." дескен соң тез 
өзінің баласын қос атпен жіберіп, елінің жақсыларына қағаз жазып, екі күндік жердегі 
ишанды алдырды. Жарықтық екі-үш мүриді қасында бірге келді. Келісімен-ақ Нұрым 
асты-үстіне түсіп: 

Тақсыр, мынадай бір мүскіліміз болып тұр. Сәті болып жазылып қалса жанымнан 
өзге қалағаныңыз сіздікі,- деп, арғы көмейін білдірді. Мұны естіп ишан-екең де мұртынан 
күліп: 

Иншалла, қара кітапқа қарап, әруақ жар болса бірдеңе қылармыз. Анау бір күні 
ерте намазынан соң, таһаратпен жатып көрген түсім теріс емес еді. Біз тәжірибе қылмай 
келмейміз ғой,- деп, Нұрымның танауын күн бұрын шелектей ғып делдитіп қойды. 
Әйда-ай! Бүгін түнде әне жерде шарта жүгінген, жыбыр-жыбыр далайыл қайрат, мына 
жерде сарт-сұрт еткен таспиқ пен субхан алла су жағала дей ме, немене көзін жұмып
дамығып кеткен мүридтер. Жай етке бола жиылған кейбір шалдардың өзі еліктей алмай, 
солықтап, тіпті ишаныңнан асырып өлтіріп барады. Қазандай ақ сәлде, пұшпақтарына 
түскен ақ шапан төмен қарап тізіліп, үзіліп тұрған бір түрлі айбынды, құдайы жандар 
болғанға, ауылдың кіруге қорғанған жаман-жұман кісілері де: 

Жарықтық, әулиелер ғой!- деп, сырттан тұрып мүлгісуші еді. Босаға талып сығалап 
кеткен қатын-қалаш жабықтан сығалаймын деп таласып мүлдем киізді жыртып өлтіріп 
барады. Ишанның шатып-бұтып айтқан түпсіз өтірік ертегісі мен қиратып, сындырып 
айтқан азанын естігендер де: 

Ой, садағаң кетейін, жарықтық әулиелердің дауысын қарасайшы, бүркіттің 
дауысындай қалай саңқ-саңқ етеді. Осы күнгі ноғайша киінген қатыбас молдалардың 
қандай хатым-кәрдасына жолықсаң да ау-у-у деп, даусы к...нің астынан шығады ғой,- деп, 
арқасын қиқаңдатып қоюшы еді. Анау тамырымды ұстатамын, мынау кітап аштырамын, 
тағы тұмар алып үшкіртемін, қақтырам, соқтырам... деушілер де көп, күн бұрын беретін 
садақаларын даярлап, жоғы қарызданып жүгірісуде еді. Жарықтықтар тартатынын тартып, 


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет