Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
жабуымен қоя қояйық. Ахмет болса жұртқа айтпай-ақ қолымыздан келетін нәрсе ғой. 
Қане, мұнда не бар?" деп, хатты оқып, осынша түсіндірмейін-ақ десе де, манағы манағы 
ма, аспанға шалқыды. Қасен тағы бірнеше қайтара: "Мен сіздерден замандастық ақым 
үшін сұраймын, даурықпай тараңыздар, үлкендердің құлағына тисе ұят болар" деп, 
өлгенше жалынып-жалпайса да: "Ойбай, сүйексіз шіркін-ау, бәрі өзіңнен екен ғой. Қара 
жүрек, шоқынды болмасаң, осыған жаны бар кісі шыдарлық па?.." деп бәрі жан-жағынан 
итше шулап төнісіп, Қасенді ашуланбаған ерікке қоймады. Қасен жігіттердің көлденең 
килігіп, сөзге түсінбей, осынша бүлініп, бүлік іздеп тұрғандықтарына күйіп кетіп: "Кет 
деген соң кетіңдер! Ахметтің сендер садағасына да жарамайсыңдар", "Теңіне тегін бер" 
деген, Қамар - Ахметке лайық, жұмыстарың болмасын..." деп, ұрсып-ұрсып әлгі 
мұрындықсыз өгіздерді де, у-шуға жиналған бала-шағаны да ыдыратып жіберді. Ұрынуға 
қара таба алмай, ермек қылуға жара таба алмай жүрген өңкей есектер солай екен деп қоя 
қою қайда? Қазір үйден-үйге қыдырып жүріп, әйгілетпесі бар ма: жай жатқызбады... сол 
түннің өзінде-ақ әр жерден у-шу, гүріл шыға бастады. Бұл әңгіме Омардың туған ағасы 
Қалтан қажы, Оспан бидің құлақтарына түсіп, Ахметтің түгін қоймай қопарып: "Қап бәлем, 
саған қылмасам, өлген әкемнің көріне кірейін" деп тістене-тістене үйіне сыймай көпірісіп 
жатып еді. Ахмет секілді қортықтау атаның баласы шынжыр балақ, шұбар төс Омарларға 
қол созды деген хабар қазақ ішінде таңырқанбайтын әңгіме емес. "Көтерген сайын көкке 
шығып, тым дәндейіп кетіп еді. Шоқ! Бола түссін, құдай тобасын есіне түсірсін бір 
бәлемнің!" деп табалаушылар да болды. "Жәукені құдай жеткізді. Баласының арқасында 
пәлен етіп, түген етіп кетті деп ауызға тым ілігіп еді. Міне, ондай нәрсенің түбінде апаты 
болады ғой. Тіл, сұқ шыдата ма? Менің жылында тіл кестіріп қояйық дей беретінім не 
дейсің?.." деп, үлгі көрсеткендері де болды. Қысқасы, азуы алты қарыс Оспан бидің тізесі 
өтіп қалған момындар болсын, жай сыртқы теңбе-тең ағайындары болсын, енді Ахметке 
таң атырады деп ойлаған жоқ. Ертең ел-жұртты жинап алып, Жәукенің малын талатып, 
Ахметті абақтыға берер деп ойласты. Бірақ мал иесі Омар болмағанда, бұл ойларының 
тезден-ақ қате кетпеулері анық еді. Омар турашыл, сәулелі кісі болғандықтан, бірінші: 
Қамар сияқты баласының абыройын сақтап, екінші, жазықсыз, нақақ біреуді бас салып 
талата қою оңай ма? Және жалғыз баласы Қасеннің бұрмалауымен түзушілікке шапты. 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет