Әдеби KZ Түнімен жан терге түсіп, ағаларымен талай қызыл кеңірдектесіп, әзер-мәзер, әйтеуір,
ертеңінде еш нәрсе жоқ, тым-тырыс қылды да қойды.
Ал енді, жылпылдақтардың індеріне су құйылды. Дос сүйінді, дұшпан күйінді. "Түрт,
шайтан, түрт!" деп, түнімен аунақшып ұйықтамаған жауыздардың діңкесі құрыды. Тағы
ушықтырмай қоя қоятын біздің қазақ па?.. "Қай жерден құдай ермек береді" деп, ұрынуға
қара таба алмай, жұлынып бара жатқан сыпыра желбуаздар көрінген елге, басқан жерге
әйгілеп қана қоймады: түрткілей-түрткілей Омар мен Оспанның арасына от тұтатты. "Бәрі
таздың салдары" деп, Ахметке еркін коя бергендіктің ушыққан ушығы еді. Сөйтіп, біраз
уақыт өтіп дүрдараз болысып жүрген кезінде, Оспан Қасеннің Ахметпен тағы бірге
жүргендігін көрді. Көзі шатынап кетіп сілейтейін-ақ деп ұмтылса да, Ахмет қолына түспеді.
Арасына түсіп, арашашы болған Қасеннің өзін көк ала қойдай қылып басын жарды.
Тұтанып өршуге бет алып тұрған араздық ал енді дауламасы бар ма? Дүрілдеген өсектер,
гүрілдеген өсектер судай ағылды. Әй, не сұрайсың?.. Жылпылдақтардың күні туды,
пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс, қоңыс аңдып қанша қысып астын үстіне
айналдырса да, Омардың бит шаққандай хабарына бармады. Шашылмады. Жыпылдақ-
тықылдақ өсек-мөсек тасушы сұмдарды есігінен де қаратпады. Діңкесін құртты. Міне, сол
жазаынан ағайындарының бірін де ұстай алмай жалғыз үй шошайып қалды. Қарап тұрсын
ба? Омардың намыскер ағалары ел қолына еркін тиген соң, топ жиып барып Жәукенің
үйіне түсіп, ойындағысын орнына келтіреді. Ахметтің айыбына екі жүз теңге, он сегіз ай
абақты бұйырып, Оспан бидің кенегесіне тіркесті. "Қанды ат" деп, Жәукенің атын
аудартып, болысқа берді.. Ахметтің көз көрген ескі достары абақтысын сұраған болып
өшіртті де, "Екі жүз теңгені осы боқырауда тауып бере алмаса, айтқаныңыз болсын" деп
басын ұстасты.
Елдің осынша Жәукені жұлмалаудағы мақсаты: Омарды айтаққа еліртіп алып, Оспанға
салу еді, өзді-өзі шабысса, жемсаулары тоятыны белгілі жөне бұл Омарлар ежелден
қанды ауыз атанып, арасына жік түспегендіктен маңдайына дақ тимей, қағусыз кеткен:
әркімнің мұнда ескі кектері бар. Әсіресе солар осындай реті келіп тұрғанда атыстырып-
атыстырып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузына тоздырып, өш алып қалғысы келіп