Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Ал, енді бір азырақ ақыл айтам
Есіңнен елеусіз ғып тастап кетпе. 
Елуге жасы жеткен шалға барма, 
Малды деп, маңызданған далға барма! 
Ел-жұртым обалыма қарайды деп, 
Түбінде соған сеніп қапы қалма! 
Шыдадым күймек тұрсын өлсем-дағы, 
Жанымды қырық буынға бөлсем-дағы. 
Аһ дүние, іш жанды ғой, іш жанды ғой, ... 
Амалсыз айтқаныңа көнсем-дағы. 
Қош енді, жанған жаным жана берсін. 
Басыма кетпес қайғы сала берсін. 
Құдая, сол Қамарды бақытты қыл деп, 
Ғашығың қолын жайып қала берсін". 
Ақырына: "Қош, қарағым, данышпаным, қош... ризамын" деп қол қойды. Сөйтіп, кешке 
таман араларына хат тасушы баланы шақырып алды да: "Ешкімге жымыңды білдірместен 
осы хатты Қамарға тапсыр",- деді. Сонан соң өзі үйге барып ас ішуге де шамасы келмей 
жатып қалды (белгілі қайғы...). 
Біз жоғарыда сөз басында: Ахметті күндеп, қолынан келсе аянбайын деп жүрген 
замандастары бар деген едік. Олар да қанша үзіліп-сүзілгенімен Қамарға сөздерін 
тыңдата алмай, ақ болған қойдай түңіліп, ендігі бар мақсаттары: Қамарды қаралау үшін, 


22 
Әдеби KZ 
сыныққа сылтау табу еді. Әсіресе, оларға Қамардың Ахметке іш тартып сөйлесіп, басқасьш 
кісі құрлы көрмегендігі-ақ батушы еді. Нақ осы уақытта Қамарды Ахметке таңған өсек 
дүрілдеп те тұрған кезі еді. Не қылса да әлгілер онан-мұнан тіміскелеп жүріп, бір нәрсе 
сезді ме, сезіктенді ме, өздерінен өздері елегізіп, түн бойы ұйықтамастан, итше шұбырып 
жүру жұмысына мықтап тұрып кірісіп алған еді. Міне, бүгін олардың көктен тілегені 
жерден табылып, Ахметтің әлгі жазған соңғы хатын қолдарына түсірді. (Сырттан біреу 
бағып тұрып, бала байғұстың жүйкесін құртып қойған екен). Өлгені тіріліп, өшкені 
жанғандай қуанып шуылдасты да қалды. "Соқыр тауыққа бәрі бидай", тек хат ішінде 
"Қамар - Ахмет" деген сөз болған соң-ақ, құдай берді, ақты-қарасын ақтару қайда... 
Шыдасын ба? Біреу айтты: 

Қарашы, асын ішіп, текеметін тіліп жүргенін, жүріңдер бәлемді үйінен суырып алып 
тепкілейік,- деп. 
Біреуі: 

Қой, онда нең бар? Омарға берейік... 

Ойбай, ол үлкен кісі, баласының жамандығын бетіне апарып басқандай боламыз 
ғой,- деп біреуі айтты. 

Өзгеден бұрын Қамардың өзіне көрсетіп, өз қылығын алдына келтірер едік, бірақ 
ол дүзқара біздің қасымызға маңайласпайды ғой,- деп, оны он түрлі күрілдесіп; келіп-
келіп Қасенге білдіруге байласты. Тұрсын ба, тез асығыс-үсігіс Қасенді оңашалап: 
"Досыңның ісі мынау" деп, хатты бере сала қамалады. 

"Кім дос, кім қас, байқамайсыңдар: күле кіріп, күңірене шығатындарды 
білмейсіңдер, аңқаусыңдар, жалқаусыңдар: оның тұқымының ежелден достығы бар ма 
еді?",_ деп үсті-үстіне баспалатып, хатты оқып шыққанша Қасеннің жанын қоярға жер 
таптырмады. Қасен хаты оқып, істің не екеніне түсінген соң: 

"Жігіттер, бұл хатта біздің жүрегімізді мұздататындай еш нәрсе көрінбейді. Қамар 
болса маған да, сіздерге де бірдей қарындас. Күнәсі болсын, болмасын, жабулы қазан 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет