20
Әдеби KZ
Көзсіз болса,
алды-артын болжау кайда,
Әркімнің жетегінде кетер еді".
Енді Ахмет өз ісінің қателігіне Қамардан кешу сұрап, атқан оқ секілді қиындыққа артқы ар-
ұятты болжап, қарсы тұрғандығына разы болғандығын білдіріп һәм ақыл айтып, ең соңғы
қоштасу хатын жазды:
"Қамаржан, мен күйемін сенің үшін,
Әрине, сен күйесің менің үшін.
Ғапу қыл, байқатпайды ғашық оты:
Азғана күн әурелен деген ісім.
Ғашықтық алды-артымды бірдей жаулап,
Іс түбін ойламаппын ақыл тауып.
Мен үшін өмір бойы қаралан деп,
Тұрған соң айта саппын көңілім ауып.
Ұялмай-ақ ағашқа күйе жағып,
Батылым барды соған әлде нағып?
Ұялам өз-өзімнен жерге кіріп,
Саған жазған сөздерді есіме алып.
Ғапу қыл, данышпаным, айып етпе,
Баспаңыз көрінгенде біздің бетке.