Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
зияратқа барды... Бақсекең тағы бұрқылдап, жез қамшысын бір олай, бір бұлай бұлғап, 
Қамарды тізерлетіп зияратты айналдырып жүрген кезі еді. Анау жерден бұларға қарсы 
бұрылып жүрген бір-екі атты кісі көрінді. Бұ кім деп тұрса, Омар мен баяғы күйікке шыдай 
алмай, оқуға қашқан Ахмет сорлы болып шықты. (Қамардың мынадай жайын естіген онда 
жүріп тағы тынши алмай, көзі барда көріп қалайын деп, қалашымен бірге аңсап-сусап 
келіп жеткен екен). Нұрым "бұ кәпір қайдан жүр?",- деп таяқтың астына алып, қуайын 
десе де, қасындағы Омардан бата алмады. "Амансың ба?"- деген болып, алақандай шегір 
көзінің оғымен қарап, жақтырмаған ызғарын көрсетіңкіреп қойды. Ахметтің басқада ісі 
жоқ, есі-дерті Қамарды көруде. Сөйлесе ықтиярсыз жылап жібергендей көз жасы тамағын 
булықтырып, бақсыны ішіп-жеп қайнады да отырды. Бақсы зияратты жеті айналдырып, 
жұмысын жұмыстап болған соң Ахмет Қамарды көруге ыңғайланды. Нұрым: 

Қой, әлі үйге барсын, сендерді көрген соң тағы да далада сөйлеп, үйтіп-мүйтіп 
жүдеп қалады ғой...- деді. 
Бақсы: 

Ойбай, көшірген соң тоқтатып тұру жарамайды, ауруды артына қаратпастан тез 
алып жүру керек,- деп түндікке оралған қалпынша ду кеп ала жөнелісті. Омар мен Ахмет 
аттарына әрең мініп, әлгі кісілердің соңынан ақырын салбырап қана ілбуде еді. Анда-
санда іштерінен "уһ" деп шыққан ыстық деммен ытып-ытып кеткен көз жастары беттерін 
жуып отырды. Қастарындағы Нұрым-күйеудің әлдене мазарат әңгімелер сұрап: "Маһ-моһ" 
деп, маңқылдаған дауысы естілсе де, жауап беруге шамаларынан келе алмады, өз 
жұмыстарымен бола берді. Ақыр, Нұрым мырза бұлардың қасында шыдай алмай ешкім 
үндемеген соң жоқ бір нәрсені сылтау қылып ауылға қарай озды. Біраздан соң, бұлар да 
келіп түсіп Қамардың қасына барды. Омарды қойшы, ол неде болса істің басынан көріп 
көзі үйреніп жүр ғой, мінеки, тосыннан көрген Ахмет сорлыны айтсайшы! Оның көзіне 
Қамар қайдан Қамар болып көрінсін? Бір көрген кісінің елестеп, есінен кетпей неше 
күндей ішін жандырып, ұйқы-күлкісінен қалдыратын сұлу Қамар адам шошып кеткендей 
қияпатқа кіріп өзгерілген. Азырақ көз пернесі мен сыңсып шыққан нәзік қана дыбысы 


77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет