Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет14/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Сөйтіп мен бес жаста едім. Ауылымыз Алатаудың Ақсай және Көксай шатқалынан төмен 
ауып, жаз жайлаудан Мыңбұлақ ойпаңына келіп қонып жатқан. Бұл жер шөбі шүйгін, 
айналасы ашық, жалпақ жазық. Сол жазыққа ауылымыз жағалай үй тіге бастады. Ерте 
күздің еріншек күні қоңырқай жылуын себелейді. Ел іші көші-қоннан әлі басыла алмай 
абыр-сабыр. Көз жеткен жердің бәріне мал қаптап, жағалай жайылып жатыр. Үлкендер 
қамқор тірліктің қамымен жүргенде біз емін-еркін ен жазықта жалықпай ойнаушы едік-ау. 
Өстіп жүріп есейе бергенімізді де аңғармай қалыппыз. Даланың «дарқан 
балабақшасынан» қол үзер сәт жақындай беріпті. 
* * * 
Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп ойға 
бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-аналарымның бейнесі 
елестейді. 
Солардың уағызы басымырақ бола береді... 
Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай-талай тағылымға бой ұрғызғанымен, 
солардың бірде-бірі нақ өзімнің әжемдей, әке-шешем мен ауылдың қадірлі 
ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ 
десем, ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан 
немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен, әлде ата-анаға деген парызымның 
молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. 
Дүние тарихы. жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені 
әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты 
әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, 
адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан 
баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ 
жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең 
алдымен, ата-ана, ағайын- туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет