Әдеби KZ
қуаныш. Ендігі мүшел — 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оңды-
солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезең келді
деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып
мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың
мүшелі — жиырма бес жас.
Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын, жыл аттарын
жаттатты. «Тышқан жылы, сиыр жылы, жылан жылы, жылқы жылы, мешін жылы, тауық
жылы, доңыз жылы, қоян жылы, қой жылы, барыс жылы, ит жылы, ұлу жылы» деп
жаттаушы едім. Алайда әкем сол жылдардың мәнін, неліктен осылай аталатынын
түсіндірген емес. Бірде әкеме жаттағандарымды жаңылмай айтып бердім. Ол мені мақтап
арқамнан қақты. Осы мақтауға масаттанып, әжем отырған үйге жүгіре жөнелдім. Сондағы
ойым — білгенімді тақпақтап, олардан да құптау сөз есту еді...
Үй іші қоңыр салқын екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн
сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазын ойнағандай сезіледі. Екі
әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп
көмектесіп жүр... Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан
сілкілей беріппін:
— Әже, әже, тоқташы! Не үйренгенімді айтып берейінші.
— Құлыным-ау, сабыр етші. Мен жүнімді сабап алайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын
ғой, —дейді әжем еркелетіп.Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім
де, жүн шашып ойнай бастадым. Кіші әпкем түйдекті жұлып алып итеріп жіберді. Қатты
ызаланып мен оны «маймылсың» деп келемеждедім. Әпкем өкпелеп жағымнан тартып
жіберді.
— Неге маймыл дейсің?
— Өйткені сен маймыл — мешін жылы туғансың.
27
Әдеби KZ
— Ал онда сен доңызсың. Өйткені сен доңыз жылы туғансың! — деп әпкем маған тілін
шығарып келеке етті. Мен шыдап тұрайын ба, ызаға булығып әпкеммен жұлқыса кеттім.
Әжем мейірлене күліп, екеумізді арашалап жүр.
— Құрманкүл қай жылы туған? — деп сұрадық біз.
— Тауық жылы, — деді әжем.
Құрманкүл тұлымы желбіреген жіп-жіңішке нәзік қыз еді.
Бәріміз енді оны «жүнін жұлған тауық» деп мазақтадық.
Құрманкүл сөз таба алмай жылап жіберді...
Сонда ғой, әжемнің бәрімізді отырғызып ыстық күлше үлестіргені. Сөйтіп өзі ортаға
отырып алып әдемі аңыз айтып еді-ау.
— Балаларым, құлақ салып тыңдаңдар. Көңілге түйіп, ұғып алыңдар. Жаппар ием жарық
дүниені, Күн мен Айды, ж арық пен қараңғыны жаратарда күнге, аптаға, айға және жылға
ат қоюды ұмытып кетіпті... Жер бетіндегі тірі дүниенің бәрі, жан-жануар күн санауды,
уақыт өлшеуді білмей бейберекет жүре берген екен. Ақыры дүниенің сапырылысқаны
сонша, тіптен кімнің үлкен, кімнің жас екенін ажыратудан қалыпты.
Жасты бойға қарап өлшейтін болыпты. Кімнің бойы ұзын болса, үлкені сол деп есептеліпті.
Қытымыр қыс қашан түсіп, көгілдір көктем қай кезде келерін, жадыраған жаз мөлшерін,
берекелі күз кезеңін ешкім де ажырата алмайды екен. Сондықтан қой мен түйенің жүні
түлемей сабалақ боп жүріпті. Адамдар болса, қойдың өлі жүнін, күзем жүнін қырқуды да
білмепті. Жаратушы ием, осы сан-сапалақ сапырылысқан тірлікке зер сап тұрып, дүниеге
көңілі толмайды. Сондықтан да адамдарды саналы тірлікке үйретпек болады. Адамдар
уақытты өлшей білсін, уақытпен санаса білсін, уақытты қастерлей білсін, ол үшін айды
аптаға, аптаны күндерге, ал жылды он екі айға болу керек деп түйіпті тәңірі. Сонда
адамдар мал төлдеп, аққа ауызы жетер кезді біледі; жүн қырқып, киіз басатын уақытты
біледі; жаз жайлауға шығатын шақты сезетін болар депті. Сөйтіп тәңірі әр айды жыл
мезгілімен атайтын болыпты. Ал Айға адамдардың көмекшісі бол, жүзіңді ашып-жауып
|