5
Әдеби KZ
Қарашаға, ендеше, қарашаға,
Кисе киім жарасар аласаға.
Бас қосыппыз бұл тойда, жақсы жігіт,
Өлең айтсақ болмай ма тамашаға.
Бірақ жігіт жағы алғашқы екпінінен танбай ынтық көңілін ұсына беріпті:
Мыңбұлақтың сулары сылдырайды,
Сұлу қыздың бұрышы бұлдырайды.
Құдаша деп сыртыңнан құмартушы ем,
Ескергейсің ендігі біздің жайды.
«Құдашасына сонша өзеуреп отырған кім екен», — деп әжем есіктен сығалап қараса:
Қара батыр, құдаша, қара батыр,
Жау қайырар жасқанбай дара батыр.
Тәңір айдап өзіңмен бас қосыппыз
Осы
кесе сіз жаққа бара жатыр, — деп өлеңмен бір бойжеткен қара қызға аяқты бұрып
тұрған өз Момышы екен. Әжем сонда ұлына айғай салып:
— Өзің қазанның түп күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса — не болмақ, құдайым-ау! — деп
баласын үйден қуып шығыпты. Анасының айтқанын ішінен ұнатпаса да, әкем оның
ырқына көнеді екен.
Баласына қанша ұрсып, қатал болса да, әжем менің әкемді жақсы көріп, мақтан тұтып:
— Бұл қара құлдың түрі маған тартпаса да, ақылдылығы тартты, соған да құдайға шүкір, —
деп отырар еді.Әкем
содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана
руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш