Әдеби KZ ғана тарттың екен? — дейтін өзіне-өзі. — Әкең жуас еді... Құдды нағашы көкеңе, менің
Серкебай ініме тартқансың ғой сен. Серкебай да төңірегін шаңдатпаса жүре алмайды.
Әжемнің ашуы одан әрі аспайтын. Мұнысы кейде ашудан гөрі сүйсінуге ұқсап тұрушы еді.
Ерке баланың жөні бөлек қой, шіркін! Анасының еркесі болғанға не жетсін!
Жас кезінде көкем шынында да шектен шыққан ерке, қолды-аяққа тұрмайтын мазасыз
еді.
Жаяу жүрсе, екі иығын жұлып жеп, сермеген қолы айналасын адақтап жүретін. Атқа мінсе,
жау шапқандай құйындатып, ай-шайға қарамай, ой-шұқырды елемей еліріп алатын.
Атқа қарғып мініп, шауып келе жатқанда қарғып түсетін. Атқа да, аяққа да батыр еді.
Жаз айының мамыражай кеші еді. Алтын күн құлан тауына иек артып, төңірекпен
қоштасқысы келмей қызара қиналып тұрғандай сезілді. Батыс жақ қарттанып күлгін
шапаққа шомылып тұрған кез. Шақпақ, Жабағылы, Бұралдай жондарында сол шапақ
бұлаң қаққандай сезіледі. Алатаудың құзар басынан күннің соңғы сәулелері қуат алғандай
көзді ұрады. Жайлауды мамық түн баяу көмкеріп, даланың бояуын біресе
қошқылдандырып, біресе бозғылдандырып жібереді. Ақ самал аңқып тұр. Ауыл іші азан-
қазан. Әркім іңір қараңғылығы алдындағы қарбалас тірлігін тамамдауға тырманып жатқан
кез. Әйелдер сиыр сауып болып, бұзауларын қазыққа байлап жатыр. Бір шетте қозы
көгендеп жүргендері де көп. Беткейде үйір жылқы шүйгіннен бас көтермей жайылып жүр.
Осы кеште жігіттер асау қуып, аласарсаңға түсіп еді-ау. Құрық тимеген ту қашаған желмен
жарысып жеткізбей-ақ бағады. Ат құлағында ойнайтын айлакер жылқышы құрығын
ептейлеп соңынан қалар емес. Танауынан шыққан дем тас ұшырардай жүйткиді.
Құрық тиер-тиместе шұрқыраған дауысы жайлауды басына көтергендей еді. Жылқышы
сонда да ізінен қалмай жүр. Құрық қашағанның жалына жақындамай жатып асау жалт
береді. Содан жігіттің екі аяғы ат бүйірін далақтай соғып, қайтып қайырылғанша, әлгі
қашаған қара жердің апшысын қуырып құрықтан алыстап үлгереді. Ауыл адамдары
мынау тосыннан басталған тамашаға түгелдей көз тігіп, өздерінше дабырласып тұр.