Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет21/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
екенін анықтап кайтасыңдар деп жарлық етіпті. Патша жарлығын бұлжытпай орындауға 
шабармандар ұша жөнеледі. 
Содан талай күндер өтеді. Шабармандар қан татып, қара біткеннің бәріне қонады. 
Кеудесінде жаны бардың бәрі тегіс келер хабарды қалтырап күткен екен. Бақытсыз күн 
қайсысының басына орнарын білмей, жандарын қоярға жер таппапты. Жылан тілінен, 
жылан уынан өлуді кім тілейді дейсің. 
Осындай үрейлі уақытта қарлығаш күн сайын қанаттының бәрінен бұрын аспанға ұшып 
шығып хабаршылардың алдын тосумен шолғын шолады. Бір күні ол салпақтап ұшып, 
самарқау ызыңдап келе жатқан хабаршы масаны көріпті. Хабаршы біткеннің алды осы 
маса еді. Қарлығаш оны көріпті де, алдынан қарсы шығыпты. Жай білуге асығып, жайдары 
амандасқан болыпты. 
— Аманбысың, масажан... Басыңнан бақ кетпесін. Сапарың оң болды ма? Сүлеймен 
патшаның қарауындағы аспан мен жерде, тау мен көлде, жазық пен жапанда қандай 
жаңалық бар екен? Не көріп, не білдің? Не тұшынып, не түйдің? 
Маса қарлығаштың сәлемін көңілді қабылдамай, әңгімеден тайқып, патша жарлығын 
орындап келе жатқанын, енді соны естіртуге асығыс екенін білдіріпті. 
— Онда мен сенің жолсерігің боп ұшайын. Әңгімеңді де жолай естірмін, — депті 
қарлығаш. 
Екеуі қатарласа ұшып келе жатқанда маса қарлығашқа әңгімесін айтыпты. Сүлеймен 
патшаның жарлығын қалай орындағанын мақтана баяндапты. 
— Сонда кімнің қаны бәрінен де тәтті екен? Есіткенше мен де құмартып барамын,— депті 
қарлығаш. 
— А-дам-ның қа-ны! — деп маңғаздана ызыңдайды маса. 
— Жо-жоқ... Сен алдап келесің! — деп шошып кетеді қарлығаш. 


33 
Әдеби KZ 
— Ант етемін! Өтірік айтсам, Алланың аспаны төбеме құлап түссін. Адамның қанынан 
тәттісі жоқ. Тілімнен дәмі әлі кетер емес... 
— Кәне, тіліңді көрсетші! 
Ақымақ маса тілін шығара бергенде, қарлығаш оның тілін көмейімен жұлып алыпты. — 
Өтірік айтқанның тілі осылай кесіледі! —деп қарлығаш қуаныштан сайрап жіберген екен. 
Мұнан кейін ол өзге шабармандардың да алдынан шығыпты өзгелердің де жауабы 
масаның жауабындай боп шығады. Адамға жаны ашыған қарлығаш сонаның да, араның 
да, көк шыбынның да тілін суырып алыпты. 
Хабаршылар түгел жиналып болғанда, Сүлеймен патша тағына келіп отырған екен. Ол 
алдымен масаға сұрақ қойыпты. 
— Ал, кәне, кімнің қаны тәтті екен. Соны айтшы?Маса тіл қатпақ екен, бірақ «вззз» деп 
ызыңдағаннан басқаға шамасы келмепті. 
— Немене, маспысың? Тілің жоқ па өзіңнің? Түсіндіріп айтшы. 
Тілі жұлынған маса «вззз» деуден аса алмаған екен. Масадан мардымды ешнәрсе шығара 
алмасын сезген патша әлгі сұрағын араға да, сонаға да, көк шыбынға да қойыпты. Алайда 
бірі «дззз», бірі «жжжжж», бірі «жжууу» деп төңіректі ызыңға толтырып жіберген екен. 
—Бұларға не болған. Мына ызыңнан бірдеме ұққандарың бар ма, сірә, — деп Сүлеймен 
патша ашу шақырады. Сол кезде қарлығаш топ алдына ұшып шығыпты да, патшаның 
аяғына бас иіп былай депті: 
— Мен түсіндім. Ұлы патшам, бұлардың бәрі де бірауыздан бақаның қаны тәтті деп тұр. 
Сүлеймен патша тағынан тұрыпты да, жарлығын бекітіпті. 
— Айтқаның болсын! Бақаны саған бұйырттым, жылан еке. 
Хан тағының етегінде жатқан жылан алас ұрып жынданғаны сонша, тіптен өз уына өзі 
шашалыпты. 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет