Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет42/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Отырғандар күлісіп, біз сияқты балалар мәз болып жатырмыз. Әрине, садақты маған 
берді. Содан бастап мен ауылдағы садақшы «Сұрмерген» атандым... 
Боран саябырси бастады. Үлкендер ауа райын болжалдап: 
— Әй, ертең жоқ, арғыкүні қойып қалар, — десіп отырды. 
Айтқандай-ақ боран да басылды,күн де ашылды.Бұғаудан босанған долы арыстанша 
қайраттанып, Момынқұл мен Құлжабай үйдің маңдайшасына дейін басып қалған үртік 
қарға күрек салды. Күреген жоқ, текшелеп ойып лақтырып, есік алдынан сыртқа жол 
ашты. Сай-жылғаның қайда екенін аңғара алмай аң-таңбыз. Айналаның бәрі күнге 
шағылысып көз қаратпайды. Аппақ дастарқандай теп-тегіс, тып-типыл төңірек шетсіз- 
шексіз ұлғайып кеткендей. Үш-төрт күніміз қар басқан үйді аршып, суатқа жол салумен 
өтті. Бұлақ басындағы бытырап жатқан ауылдың түтінін көргеніміз болмаса, әлі қарым- 
қатынас жоқ. 
* * * 
1921 жыл еді. Ел етек-жеңін жинап тойына бастаған кез. Жаздың бел ортасы болатын. 
Ауыл қара жол үстіндегі жайлауда. Үлкендер қыстау басында пішен шауып, егін суарып 
жүрген. Малшылар Ақсай бөктеріндегі жайлауда қоныс тепкен. 
Мен қозы баққан балалармен бірге жүремін. Шілік ойнаймыз. 
Осындай ойын қызған шақ еді. Кенет қара жолдың бұйра шаңын баяу түтіп торқасқа 
мінген жолаушы келеді екен. Бізге жақындағанда ат тізгінін тежеп, тіл қатты. 
— Әй, балақайлар, бері келіндер!Біз тобымызбен жүгіріп бардық. Бір байқағанымыз — 
жолаушының ат-тұрманы, киімі ел адамдарына қарағанда өзгешелеу екен. Ширатқан қара 
мұртты, қырынған көк иекті, қара көз, атжақты, қыр мұрын жігіт бізге қарап жымиып тұр. 
Жас шамасы отызды жағалап қалған сияқты. Ол кілем қоржынына қол салып бір-бір уыс 
өрік үлестірді. Сонан соң қамшысын шошайта сілтеп, бізге тіл қатты. 


66 
Әдеби KZ 
— Ана ауыл Үсен әулетінің тұрағы ма? 
— Иә, — деп шу ете түстік біз. 
— Дәуренбай тірі ме? 
— Иә, атам әлі өлген жоқ, — деді менен екі-үш жас кіші Мырзабай. 
Ат үстіндегі жігіт езуін жиып күліп алды. 
— Сен өзің кімнің баласысың? 
— Мырзабаймын ғой. 
Жігіт тағы да мейірлене жымиды. 
— Атаңның кімі боласың? 
— Атам мен апамның баласымын ғой. Егер сенбесеңіз, мына балалардан сұраңыз. 
Жігіт енді қарқ-қарқ күлді. 
— Неге сенбейін, айналайын. Сендім, қарағым, сендім. 
— Бұл — Дәуренбай атамның үлкен ұлы Ормантай көкемнің баласы, — дедім мен 
білгірсініп. 
— Ал, сен өзің кімнің баласысың? 
— Момыштың баласымын. 
— Әлгі молда Момыш па? 
— Иә, молда атамның баласы, — деп менен бұрын Мырзабай жауап қатты. 
Жолаушы бізге тағы да үш-төрт өріктен үлестіріп берді де, ауылға қарай тартты. Біз 
танымайтын кісінің берген базарлығына мәз болып қозымызға қарай жүгірдік... 
Әкем бір күміс білезікке мәймөңке шауып нақыстап отыр еді. Сырттан дауыс естілді. 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет