Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет12/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
* * * 
Әкем базардан келе жатқан. Үлкен әпкем мені әкемнің алдынан алып шықты. Әкем 
қоржынды түзулеп, ерге мені отырғызды. Жалма-жан ердің қасынан шап беріп ұстай 
алдым. Әкем ат тізгінін жетектеп келеді. 
Үйге дейін отыз шақты қадам болса да, мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын 
ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып қайтадан ерге отырғызады. Әпкем 
болса қатарласа жүріп: «Қорықпа, қорықпа! Берік отыр!» — дейді. 
Бұл менің ат жалына алғашқы қол артуым еді. 
* * * 
Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай 
жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол 
мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім 
қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз 
тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам 
алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. 
Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан 
соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің 
тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде 
әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін. 
* * * 
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. 
— Кімнің баласысың? — деп сұрайтын ол. 


22 
Әдеби KZ 
— Мен Момыштың ұлымын. 
— Момыш кімнің баласы? 
— Момыш — Имаштың баласы. 
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен 
атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың 
басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген. 
* * * 
Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді. — «Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын 
кісінейді, бота көзі мөлдіреп ақсайды, қодық ақырады...» 
Әжем маған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл сұңқар 
жайлы ертегілер айтатын... 
* * * 
Кавказды аралаған кезімде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегенім бар. Сонда 
ұзақ уақыт ұйқым келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездерім көп 
болды. 
Сол өткелдердің көбіне аялдамай, балалық шағым мен әскери өмірімнің белестеріне 
қайта-қайта көтеріле бергенімді өзім де аңғармай жаттым. Қасымдағы серіктерім ұйқыда 
жатқанда, мен ұшып тұрып әлгі елестерімді, ойға түскен оқиғаларымды қағазға түртіп 
алғым да келді. Алайда оған жарық қайда. Мен тек аспанға қарай бердім. Менің шарасыз 
күйімді түсінгендей жамыраған жұлдыздар жан-жақтан жымыңдап көз қысады. 
Әлдеқайда алыс тоғай ішінен, тау жынысының тыныштығын қорғағандай, үкінің үні 
құлаққа келеді. 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет