Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет11/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   144
Әдеби KZ 
Қызыл алма қолында 
Қыз-бозбала соңында, — деуші еді-ау. 
Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсем, алдына алып отырып: 
Жылама бөпем, жылама, 
Жілік шағып берейін, 
Жілігінің майы жоқ 
Жіпке тағып берейін. 
Көк сиырдың сүтінен 
Көже жасап берейін. 
Оның тұзын кім татар 
Жыламайтын ұл татар, — деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап 
ұйықтап кетер едім.Қайран сол балалық, қайта келермісің, сен! Кей кезде сол бір алаңсыз 
балалығыңды аңсап, еріксіз сағынасың. Әлдеқайдан асыр салып, жол шаңын бұрқыратып, 
тұлымын жалбыратып, екі бетін албыратып, дүниені даңғыратып сол балалығым шыға 
келетіндей, айналаңа жалтақтай беретін кездерің жиі болады. Алайда бал балалық 
қайдан келсін. 
Ойыңа сол шақтардың өрнектері ғана, үзік-үзік бөлшектері ғана, сапырылысқан ретсіз 
саздары ғана оралады. Сен соны тұшынасың да тамсанасың. Тамсанасың да еріксіз 
жымиясың. Осы сәтте бір шеттен балалық дәуірдің бір елесі де жымиып тұрғандай 
сезіледі. 
Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек- 
кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын 
кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, 
алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып 


20 
Әдеби KZ 
алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп 
жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз 
алдыма да сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырып
жанымды жай таптырмай отыр. Көзге ыстық көне суреттерді қайта қарағандай, соның бір-
екеуін келтіре кетейін. 
...Міне Үбиан әпкем үлкен үйден шықты да, қазан басына бет алды. Мен оны көре сала 
борсаңдап, сүріне-қабына еркелей жүгірем. Әпкем аяғымды жерге тигізбей қағып алып, 
аспанға көтереді. Мен сықылықтай берем. Әпкем биікке мені бой создырып мәз болады. 
Сонан соң ол кенет ет бауыры елжіреп мені қамзолының омырауын ашып, қойнына 
жасырып алады да, жүгіре жөнеледі. Бауыр құшағы қаңдай ыстық еді, шіркін... 
Енді бірде ортаншы әпкем Әлиман мені ойнатып жүріп, үйдің ескі-құсқысынан дөңгелек 
қора жасады. Сол қораға еліктіріп әкеп қамап, аузын ермен бекіткені бар. Өзі көрші 
қыздармен кетіпті. Содан қоршаудан шыға алмай, жалғыз өзім бақыра беріппін, бақыра 
беріппін. Бұл «азаптан» жеңгем келіп құтқарып, «әй, жаман қыз-ай!» — деп әпкемді 
жазғырып, мені әлдилеп еді. Көпке дейін ортаншы әпкемді жек көріп жүрдім... 
* * * 
Әлі есімде... Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің 
ортасында арлы-берлі жүріп алды. Мен болсам зәре құтым қалмай қорықсам да, тіземді 
бүкпей қаздиып тұра беріппін. Көкем «Қаз! қаз!», — деп өзімен-өзі. Атамның ескі түлкі 
тұмағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем ғой. Өзі киізге жайғасып 
алып ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. «Ал, кәне, балапаным? Қанаттанып қашан 
ұшасың?..» деп қояды. Мен қыңқылдап жылай бастағанымда, «дуана келіп қалады» деп 
қорқытқан... Содан бастап көкемнің көзіне түспеуге тырысатынмын... 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет