Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет15/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін 
ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол 
кезде мені қызықтыратыны ертегі-аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, 
есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани 
берген екем ғой...Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға 
қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе-келе жүйелі оқып. есепті жүйрік шығаруға қол 
жетті... Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда; 
толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас 
болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан 
өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының 
бәрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен 
ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана. өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі 
ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», жаман», «мақұл», «иемақұл» деген сөздердің 
байыбына терең бойлата алды. 
Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына 
сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты... 
Міне, енді өзім де әке болып ұл өсіріп, қыз өсіріп отырғанда, немере сүйіп мейірленген 
сәттерде, олар да маған аңғал да адал, бірақ құштарлыққа толы шынайы сұрақтар береді. 
Тағы сол сәтте осы балаларымның дәл менікі сияқты ғұлама әжелері азайып бара 
жатқанына қайта өкінем, қабырғам қайысады. «Қаншаға келдің, қарағым»... — деп қай 
баладан сұрасаң да, өз жасын мақтанышпен айтатыны мәлім. Қазір жыл сайын баланың 
туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. 
Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы 
еді. Алғашқы мүшел — нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде елдің ауыл-
аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел — баланың жеті 
жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. 
Сол жетіге толған күні әрең аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар 
жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет