Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет8/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
тасыр өміріндегі бір парасатты сәт әлгі сол екеуі де аттан түсіп бір-бірінен кешірім сұраған 
кез екен. 
Текебай бидің тоқтап қалған қағазын «жүргізіп» жібергеннен кейін, Момыш әкеме талай 
рет болыстың писары бол деп қолқа салса керек. Бірақ әкем көнбепті. 
Ұлыққа писарь болған соң бас бостандық жоқ, басыбайлы, болыстан кіріптар боп қаламын 
дейді екен. Жалғыз атты кедей болса да, кісіден кіріптар болғанды қорлық санап, аз күн 
жарық дүниеде азаттық аңсап, қатықсыз қара су ішсе де, бай-манапқа алақанын 
жаймаған. 
Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп 
тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге 
берген екен. Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып 
кетті. Қанша жыл аз ауылдың кішігірім әкімі болса да, бүйірі томпайып, мал біткен емес. 
Бар байлығы жалғыз аттан артпапты. 
Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық. бақталастық дейтін қу мінезі 
жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмар боп 
тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Бір жолымен, ес білігі, етек жиған кезім, базар 
барып азын-аулақ ақшаны жаратып қойсам керек, өгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса 
берді: 
— Әлден ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?! 
Әкем сонда өгей шешеме жай ғана: 
— Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нәрсе де, — деп тастады. 
Бала кезімде алыстағы ауылымызға арбаменен бақалшылар келер еді. Өрік-мейіз, алма- 
алқоры, қант-науат, тәтті-мәмпәси деген соларда. Бала біткен әкемізден ақша сұрап 
қыңқылдаймыз келіп. Бақалшы да сұм-ақ: көзімізді қыздырып қызыл алмасын 


16 
Әдеби KZ 
көрсетіп,бірлі-жарымын топ баланың ортасына лақтырып жібереді. Әлгі алмаға сонда 
жатып кеп таласамыз-ай келіп. 
— Алма бар, өрік бар, Алмасаң да көріп қал, — деп бір жағынан саудагер де сұңқылдап 
жан қоймайды. Алма бізге таңсық. Қайран қазақ. 
Сөйтсек, алма дегенің біздің Мыңбұлақтың бойына өскенде де мәуелеп қалады екен. Ол 
кезде бағбандықты құнттамаған елміз. Ал, бақалшы айқайлап бара жатады. 
Айна бар, тарақ бар, Алмасаң да қарап қал! 
Біздің апаларымыз алма-алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна-тарақ, ине. жіп алғанды 
пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша 
бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға: 
— Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиден бір қадақ тарт,— дейді. 
Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. Тіпті сонда бала көтерген келіндері де келіп: 
— Ал, атаңа бар, атаңа бар, тәтті береді, — деп тұрар еді. 
Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның 
екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік-мейізге бір тойып қаламыз. Бала біткен 
сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір 
үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса — 
шын қуанады. Ал, ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, 
құдайға шүкір, көріп жүрміз. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Әкем менің сондай кісі 
еді, жарықтық. 
* * * 
Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар есімде. Күн шығып келе жатса керек. Ақ шоқылар 
алаулап көз қарығар алмастай жарқырап ала жөнелді. Күнде бұл уақытта киіз үйде 
пырылдап ұйықтап жататын бала, әлдеқалай оянып кетсем керек, әлгі күннің, тау шоқыға 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет