Әдеби KZ көмектесем. Ал жүзім толған күні аспанның ақ еркесіндей ашық кейіппен күлгенімде,
торғын сәулеме тояттамай бар әлем үнсіз рахатқа батады. Ай сәулесі түнгі ұйқыны күзетіп,
бақытқа бөлейді. Мен болсам, Күн сияқты шақырайып жалыныммен қарымаймын. Менің
нұрым жұмсақ, сәулем саумалдай татымды. Тіптен күндіздің өзінде дамыл көрмей, Күн
соңынан ілесіп жер бетіне қараумен болам. Бірақ менің бұл қимас қылығымды адамдар
байқамайды. Өйткені Күннің шақырайған сәулесі менің ұлпа нұрымды тұншықтырып
тастайды. Осы уақытқа дейік менің ұзақ жылғы адал да айнымас, жайлы да жағымды
еңбегімді бағалап бір тірі жан алғыс айтқан емес. Қайта адамдар жүзіндегі дағын,
маңдайындағы әжімін менен көріп, «ай бетіндей шұбарланып бітіпсің ғой» деп бір-бірін
келемеждейді. Ал әбден толысқан шағымда ең сүйкімді болармын деп дәмеленсем, ол
ау», — деп ойлапты жаратушы. Сөйтіп қайтадан жарлық береді:
— Күн мен Ай, Жел мен Су баяғыдай қызмет етсін. Сендерді тірлікке тірек болсын деп
жаратқам әуелі. Содан танбаңдар, — депті. Бұған қатты ашуланған Күн өзінің сәулесімен
жарқанаттың көзін ағызып жіберіпті.
— Енді көзіме түссең, күл етіп күйдіріп жіберемін, — депті Күн.
Жел бұрқана долданып:
— Маған тап болсаң, пәрше-пәршеңді шығарып, жүнше түтермін, — дейді.
— Мен сені тұншықтырып өлтіремін, — депті Су.
Ал Ай өзінің жарқын күлкісін төккен күйі үнсіз қалған екен.
— Енді қайттім мен сорлы. Жазығым жоқ бишара едім ғой. Өзім үшін емес, бүкіл тіршілік
үшін тілек білдірмедім бе, Тәңірім? — деп зарлапты жарқанат.
Сонда жаратушының жарқанатқа жаны ашып жарлық беріпті.
— Күн көкжиектен көрінбей, көз байлана бастағанда; Айдың жүзі әлі де шыға қоймаған
сәтте; Жел тынып, жекен жапырағы ұйыған сәтте ұшып шығасың. Ал күндіз Күн көзінен
жасырынып, қуыс-қуыс жырада, тастүнек сынада, үйдің жәрегінде жатасың.