Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет25/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Көкемнің көкпар десе арқасы қозып тұратын және сол көкпардан бір жерін жараламай 
қайтқан кезі жоқ шығар. Бір рет бұғанасы шығып келді, енді бірде — аяғы сынып қайтты, 
ал есінен танып, ел жігіттері көтеріп келгенде, зәре-құтымыз қалмаған кезі де болған. 
Бірақ басын көтерісімен сол баяғы аласапыран тірлігіне сүңгіп жүре беруші еді. Толғақ 
азабын тез ұмытқан әйел сияқты, көкем көрген тауқыметін елеу дегенді білмейтін. 
Сақтанып жүру санасына да кірген емес. 
Жаны ауырып, жамбасы төсекке тигенде кейде тістеніп жатып қатты ыңырситын. Сонда 
бәйек болған әжем шыжгөбектеніп көзіне жас алатын: 
— Сен тентек, мені ажалымнан бұрын өлтіретін болдың ғой. Әр жарақатың мені жегідей 
жеп, белім бүкірейіп бара жатқанын, аясаң етті тым болмаса! Қандай жын екен сендегі 
алып-ұшып тұрған. Қайтейін, шырағым, аман бол әйтеуір.Сонан соң лезде ренішін 
ұмытып, әжем баяғы қамқор пейіліне көшуші еді. 
— Қай жерің ауырады, құлыным? Сусын берейін бе? Жастығың жайсыз емес пе? 
Расында да, көкемнің әрбір аңғал қадамы әжемді қатты қайғыртатын. Ұлының қасынан 
бір елі кетпей, тілеуін тілеп қалтырап отырғаны. Мұндайда өзге дүние түгілі біз сияқты 
немерелері де шет қалатын. Бар ықыласы көкеме ауып, өзге дүниені көзге ілмеуші еді. 
Мұндайда біз әжемізді көкемізден қызғанып, кәдімгідей қынжылатынбыз. 
Әкем тулап тұрған жігітке байсалдылық қонар деп, оқуға отырғызды. Алайда көкеме 
кітаптың да септігі тие қойған жоқ. Бұдан нәтиже шықпаған соң, әкем оған қолөнер 
шеберлігін, зергерлік өнерін үйретуге кірісті. 
Үйде жүріп мұның да үдесінен шықпайтынын білген соң, көкемді нағашыларымызға, 
әжемнің інісі — қатал мінезді Серкебайдың қолына бермек боп шешіпті. 
Серкебай нағашымның сонда ауылға келгені әлі есімде. Ол кезде нағашым алпысқа 
таяған кісі еді. Бүкіл ауыл боп аяғынан тік тұрып қарсы алғаны бүгінгідей көз алдымнан 
кетпейді. Сонау алыс көкжиектен қатар түзген төрт салт атты көрінгеннен-ақ ауыл 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет