Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет26/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
адамдары күтіне бастаған. Алдыңғы жорға төбелдегісі Серкебай нағашым екенін бәріміз 
айнытпай таныдық. Ал желе жорытқан үшеуі қасындағы қосшылары болса керек. 
—Серкебай келе жатыр. Серкебай келе жатыр! —дегенде, әжемнің қуанғаны сонша, жас 
балаша елпектеп кетті. Киіздің жаңасын, көрпенің шәйісін, жастықтың жайлысын әзірлей 
бастап еді. 
Әкем мен көкем тысқа шығып, құрмет көрсеткен кейіппен қол қусырып тұрды. 
Бұл екеуін көргенде Серкебай нағашым үзеңгісін шіреніп, ат жүрісін аялдата бастады. 
Серіктері де тізгіндерін тартып баяу жүріске көшті. 
Үйге тақап келгенде әжем көкемді Серкебайдың атын ұстауға жұмсады. Көкем де ебелек 
қағып «Саламалайкүмін» жолай айтып ат шылауына жармасып жатыр. 
— Алейкүм салам! — деп Серкебай нағашым сәлемін алды да, көкемнің иығына қолын 
салып аттан түсе бастады. Көкем сол сәтте нағашымның қолтығынан сүйей қойды. 
Сонан соң Серкебай нағашым алшаң басып менің әкеммен сәлемдесті. Серіктері де аттан 
түсіп жатыр еді. Әкем ауыл жігіттеріне әмір берді. 
— Меймандардың атын ұстаңдар! 
Жігіттер жедел басып, ат тізгініне жармаса беріп еді, Серкебай нағашым қамшысын 
көтеріп, ақырып қалды. 
— Маған көрсеткен құрметтерің аздай несіне елпектейсіндер, — деп тоқтатып тастады. 
Нағашыммен еріп келген жігіттерге осынау күрт мінез шалдың әдеті әбден күрт мінез 
болған ба, жылмиып қарасты. 
Неменеге мәз боп тұрсыңдар! — деп тағы да зекірді нағашым. — Өзге ауыл болса, өзім 
мен сендер түгілі, еріп келген итіме де құрмет көрсет деп шіренер едім. Ал әпкемнің 
алдына келгенде, бәрің де үйдегідей қызмет көрсетіңдер. 


40 
Әдеби KZ 
Осынау ашуы адырайып тұрған қатал кісіден жасқанып біздер жан-жаққа тығылып 
жатырмыз. Жабықтан сығалап бақылаймыз. 
Әкем меймандарды үйге бастап жүрді. Есіктен ең алдымен Серкебай нағашым бас сұқты. 
Әжем оны балаша аймалап, еркелетіп жатыр. Осы кезде нағашымның атқосшы 
жігіттеріішке қоржын көтеріп кірді. Серкебай төрге жайғасып болған соң әжемнің қал-
жайын сұрады. 
—Аманбысыз,әпке. Ауру-сырқаудан саумысыз. Көңіліңіз жайлы ма? 
— Құдайға шүкір, шырағым, — дейді әжем де елжіреп. 
Мұнан соң жаппай жай сұрасу басталды. Ел адамдарының есендігі, мал-басының түгендігі 
сұралды. 
Бұл кезде қоржынның аузы сөгіліп, нағашымның әкелген сыйлықтары көріне бастады. 
Өрік-мейіз, қант-шай, бауырсақтан басқа әжеме арналған көйлектік мата да шықты. 
Серкебай асыл киімдерді қонымды етіп, сымбатты киініпті: алдымен құндыз бөркі 
құлпырып көз тартады. Бөркін шешкенде, көк тақыр етіп қырған басында оқалы барқыт 
тақиясы қалды. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. 
Сабы күміспен күптелген қамшысын сәнмен қос бүктеп қасына қойыпты. Етсіз қыр 
мұрыны, қысыңқы өткір көзі ашақ жүзін айбарландырып жібереді екен. Қияқтай етіп 
бастырған мұртының ұшы екі езуін жиектеп көмкеріп тұр. Селдір ұзын сақалы кеудесіне 
түседі. Ол аз сөйлеп, әр сөзін нығарлап, таптап, қарсы отырған адамына қарай қамшысын 
немесе сұқ қолын нұқып сесті айтады екен. Нағашым ешкімді бет қаратпайтын, айналасын 
айбармен меңдеп алған, өркөкіректеу көрінді. Өз қатарларының өзін менсінбейтін кісі, біз 
сияқты бала-шағаға көз қиығын да салған жоқ. 
Бір кештің ішінде Серкебай талай рет көкемді де, қасына еріп келген жігіттерді де 
қыжғыртып алды. Туа біткен мінезі ме, әлде көңілінің хошы жоқ па, әйтеуір бұл 
кездесуінде нағашым нақ бір ескі дәуірдің қатал әміршілеріндей елестейді. 


41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет