55
Әдеби KZ
Біраз уақыттан соң күн жылынып, жер кебе бастады. Әкем ары-бері шапқылап жүріп
өлмес ауқат тауып жүр. Бір күні ол бірнеше қадақ құмшекер, жарты пұт ұн және бір түйір
шай әкелді. Мұны советтік азық-түлік комитеті көмекке беріпті. Сүт
көже жасап, аздан
тойынып қалдым. Күн көзі әбден жылынған соң, әкем мені ертіп «Бекетке» әжеме әкелді.
Әжем қатты сағынған екен. Бізді көргенде көзіне жас алып босап кетті. Бәріміз де жүздесіп
жадырап отырмыз. Әкелген шай-қантымызды, ұн мен жармамызды бердік.
Көкем жолға шығып кетіпті. Барлық ат айдаушылар ұзын сарайға
ұқсас жатақта тұрады
екен. Жағдайлары мәз емес.
Біз көкемнің келуін күттік. Көкемнің қуанышында шек жоқ еді. Мені аймалап сүйіп,
аспанға көтеріп, әпкелерімнің хал-жайын сұрап жатыр. Біраз шүйіркелесіп отырған соң,
әкем мен көкем станция бастығына кетті. Біржола есеп айырысып,
жұмыстан босап
қайтып келді. Көп аялдамай төртеуміз ауылға қуанып қайтып едік. Әжем ат
айдаушылардың әйелдерімен, бала-шағаларымен көңілді қоштасты.
— Құдайға шүкір, немерем келіп ертіп барады. Тәңірім бұл қуанышқа да жеткізді. Сендер
де жақсылыққа жетіңдер, — деді әжем жолға шығар алдында.
Жолай әжемнің досы — Иманқұлдың үйіне аялдадық. Әйелі бізді айранмен сусындатып,
барын алдымызға тосты. Жолға шығарда Иманқұл бұзаулы кер сиырды алдымызға
көлденең тартты.
Әкем ақшасын төлеп, көкеме жетелетті. Иманқұл бізге бір пұт тары
сыйлап, қошеметпен шығарып салып еді.
Ауылға келген соң ақ көбейіп, аузымыз қою айранға тие бастады.Сөйтіп жүргенде май
айы да туған еді. Көкем төрт күн бойы жер аударып, оған тары септі.
Әпкелерім даладан әлдебір шөптерді теріп әкелетін. Қандай шөп екені есімде жоқ. Әжем
сол шөптерді сүтке қайнатып, кейде құр суға салып ас жасайтын.
Біз соны жеп қанағат
етеміз. Бірде сондай көк сорпаны ішкен соң, бір сағат өтпей жатып шетімізден баудай
түсіп құлағанымыз бар. Менің жағым қарысып, көзім тұнып кетті. Басым айналып, лоқси
бердім. Әжемнің зәре-құты қалмады. Әрқайсысымыздың басымызды бір сүйеп зыр