Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет34/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144
Әдеби KZ 
тұтылып, батыс жақ үрейлі күлгін түске малынып еді. «Күн күйді! Күн күйді!» десіп, 
жамандыққа жорып зарлаған әйелдердің үні құйқа тамырыңды шымырлатады. 
— Ақыр заман! Ақыр заман келеді! — десіп ел қорқынышпен күбірлеседі. 
— Бір шеттен молда шығып азан шақыра бастады. 
— Алла акбар, алла акбар! Иля и ляха илалла, ля иляха илалла! Мухаммед расулла. 
Мухаммед расулла! Алла акбар! Алла акбар! Ля иляха иллала! — деп күңірентіп ала 
жөнелді. 
Азан уақытында жұрттың бәрі сілтідей тынып, іштей дұға қайырып отырды. Әкем мен 
көкем Қожамқұлды аттандырып салушылармен бірге кетті. Мен әлдебір беймәлім 
кесепаттың келгенін жүрегіммен сезгендей шошынып әжемнің етегінен жармасып алдым. 
— Бисмилля де! Бисмилля де! — дейді әжем менің сұп-сұр өңіме үңіліп. Жұрт ес жиып 
өзді-өздеріне келгенше, күн бетіндегі қара дақ қайтып та қалған еді. Мұны көргенде бәрі 
шу ете түсті. 
— Ә, құдай! Ә, тәңірім, жар бола гөр! 
Әйелдер енді қуаныштан жылап жүр. Бәрі молдаға табынып, ақыр заманнан алып қалған 
нақ бір соның өзіндей тағзым етіп жатыр. Әркім атаған құдайыларын, сый-сияпатын да 
молдаға төге бастады. 
Сол кештен бастап ел бір апта бойы құрбандық шалып, құдайы таратумен болды. 
Үлкендер «құдайың қабыл болсын» деп дәмді етке кекіре тойып жүрді. Біз болсақ
солардың сарқытына мәз боп, кешегі үрейлі күнді ұмытып та кетіп едік. Ел жадырап еркін 
тірлігіне қайта ауысты. 
Бірнеше айдан соң Қожамқұлдан хат алдық. Өлеңмен жазылған екен. Қожамқұл алыста 
жүріп ауылды аңсағанын, жат жерде жалғыздық шеккенін, көңілі қайғыға, көкірегі шерге 
толы екенін, туған-туыстарының жүзін көруге зар болып жабығып жүргенін жырмен 


52 
Әдеби KZ 
шағынып айтыпты. Ауыл адамдары бас қосқан жерде сол хатты оқып, көздеріне жас 
алысатын. Әркім жаттап алып елден-елге таратып жіберген еді. 
Мен әлі күнге дейін Қожамқұлдың сол хатынан кейбір жыр жолдарын ұмытқам жоқ.Кір 
жуып, кіндік кескен жер, аман бол, Шортандай жүзген айдын көл, аман бол! 
Бір басы ер жігіттің не көрмейді 
Келгенше біздер қайтып ел, аман бол! 
Не келіп, не кетпейді ер басына, 
Ермейді ер жігіттің ел қасына. 
Келерміз төрт-бес айда елге қайтып, 
Аз уақыт ойнап жүріп ор басында. 
Қожамқұл хат танымайтын. Оның үстіне жыр шығарып көрген емес. Шамасы окопта 
жатқан қазақтар елін сағынғанда елжіреп отырып бірігіп өлең жазса керек. Жазу білетін 
біреуі қалаған кісінің бәріне көшіріп берген сияқты. Ел сүйген азаматтардың осы бір 
шынайы жыры бала күнімнен жүрегімде қалып қойыпты. 
Бүкіл ауыл болып Қожамқұлға қаржы жіберіп тұрды. Айтқандай-ақ, бір жылдан соң ол 
елге аман-есен оралып, баршамызды қуантқаны бар. Әр үй кезекке тұрып. Қожамқұлды 
таласа қонақ ететін болды. Жаз бойы біздің ауылда сыйлы адам болып жүрді де, кейін 
сый-сияпат жиып алып, өзінің қара жұмыста бірге болған тағдырлас жолдастарының еліне 
аттанып кетіп, содан қайтып оралған жоқ. 
Алғашқы империалистік соғыс жайлы менің есімде қалғаны осы еді. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет