Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет33/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Бала кезімде егіншінің осындай әдемі дәстүрін көріп едім. Кейін орыс диқаншыларымен 
іргелес қонып, отырықшылыққа үйрене бастаған ауыл адамдары бірте-бірте жерді сапалы 
жыртуды, егінді бабымен егуді үйрене бастады. «Аттың жалын қамыт қажап, ат сауырын 
қайыс соққылағанның несі жақсы» дейтін қазақтар, жерден алған жемістің дәміне түсіне 
берді. Сонан соң орыстармен ортақтасып егін салуды әдетіне айналдырды. 
Ал тақыр кедейлер байлардан күш-көлік, киім-кешек, тамақ алып дән сепсе, өз жерінің 
өніміне өзі қожа бола алмай, түсімнің төрттен бірін ғана иемденіп жүрді. 
Көшпелі тірліктің көлемі тарылып, ауқымы азая бастаған сайын егіншілік ұлғая берді. 
Малды ауыл қыс бойы Қаратаудың ар жағын жайлап, ерте көктемде елге оралар еді. 
Сөйтіп кедейлерге қос беретінді шығарды. Біздің Үсен әулетінен Нияз байдың тұқымдары 
жарлыларға қос беріп-ақ табысқа белшесінен батып жүрді. 
Біздің үй қосқа жалдануды білмейтін. Өзінің шағын тіршілігін күйттеп, қысы-жазы елден 
ұзай қоймайтын. Оның есесіне Үсеннің бір бұтағы Баймен мен Тойтабайдан тарағандар 
коллективтендіру кезеңіне дейін жалшылықтан арылып көрген емес. Жұпыны 
шаруасымен жұрт қатары тірлік ететін үсендіктер. байлығы тасыған Нияз ұрпағына 
қарағанда, өздерін бір-біріне жақындау сезінетін. Кейін жұтқа ұрынып жұтап қалған Нияз 
ұрпағының жарымы әлгі қарабайыр ағайындарының қатарына қосылып жатты. 
Менің әкем үлкен үйдің иесі есебінде үсендіктердің ішіндегі құрметтісі саналатын. Диқан 
ауылы әкемді мүлтіксіз тыңдап, оған арқа сүйеп отырушы еді. Нияз ұрпағының екінші 
жартысы 1925 жылдары бір тойдың жанжалына килігіп, мал-мүліктен жұтады да, біздің 
диқаншыларға қосылған болатын. 


50 
Әдеби KZ 
* * *
«Соғыс» деген сөзді қашан естігенім жадымда жоқ. 1916 жылдың оқиғаларын дәлме-дәл 
елестете алмаймын. Әйтеуір әйелдердің жас төккені, ерлердің үрейлі жүзі, күннің 
тұтылғаны көз алдымда. 
Елге келген жолаушылар «Жұмысшылар алып жатыр! Жұмысшы қолы керек екен! Ор 
қазуға жұмсайтын көрінеді! Жер қаздырады!» деген суық хабарларды қаптатып жіберген. 
Әлі ауылдан ешкімді шақыртпаса да, әлгі хабарлардың өзі-ақ көзге жас, көңілге қайғы 
әкеле бастаған еді. 
Күні бұрын күңіреніп зар илегендер де табылды: «Енді қайтем, қарағым-ау? Соғысқа сені 
де шақыртар күн жеткені ме шынымен... Жарығым-ау, қандай амал табайын», — деп 
еңіреген аналардың көз жасын көргенде, жас жігіттер абыржып, еркінен айрылып 
қалғандай болушы еді. Күңіренген ауылда күй болар ма. Бұрынғы ән-жыр 
төгілетінкөмейлерден зар шертілсе, ауылда не сән болар. Күндіз-түні қабақтары ашылмай, 
мойындарына бұршақ салып тілеу тілеген әжелер, бебеу қаққан аналар, мұңайған жас 
келіншектер бар тірлікті ұмытқаны сонша, мал-мүлік тұрмақ, біз сияқты бала-шағалар да 
назардан тыс қалып қойып едік. Амал таппай бастарын тау-тасқа ұрған ерлер алдымен көз 
көрмес жаққа көшпек болды. Онан соң әскерге адам жинаушылармен белдесіп 
ұрыспаққа бекінді... Одан болмаған соң жас жігіттерді жекжат-жұраттарына, туған-
туыстарына, нағашыларына жедел жөнелтіп жатты. Бұл аласапыран бірнеше күнге 
созылды. Үлкендер әлдеқайда бір жиынға барып, суық хабармен оралып жүрді. Ақыры 
әйелдер көз жасын тыйып, белдерін бекем буып, үй басынан қаржы жинай бастады. Шөп 
тартып жігіттердің бағын сынауды шығарды. Сонан соң шөп түскен жігіттерді ауыл боп 
улап-шулап станцияға аттандырысатын. Кешке қарай әлгі «әскерге алынғандар» қайтып 
оралады. Еріп барған ел жақсылары «жастарды бастықтан құн төлеп алып қалдық» 
дейтін. Қайтадан түңлік басы әскерге берер адам іздеуге көшкенде, ауылдан он жігіттің 
орнына жалғызбасты Қожамқұл жарлыны ғана бодау ететін. Оған жылы киім кигізіп, үй 
басы қаржы жинап, көп болып станцияға дейін шығарысады. Тап сол күні кешке күн 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет