Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет67/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Оны жеңгелері, құрбылары қоршап алып, ақыл айтып жатыр. Бірақ бұның бәрі ем 
болмады. Әпкемнің өңі құқыл тартып, дауысы қалтырап, ентігіп отырып тіл қатты: 
— Сұмдық-ай, не деген ұят еді. Бұл қай басынғаны. Сонша асығып жау қуып бара ма екен. 
Алдымызда әлі жыл жатыр ғой. Неге соны ойламаған. Мұндай жеңілтектігі үшін жек көріп 
кететінімді ескертіңіз. Мұнысы несі, менімен санаспай тосыннан-тосын тосырлатып жетіп 
келгеніне қорланып отырмын. 
— О не дегенің, жарқыным. Ата жолы сол емес пе? Енді сен қалыңдықсың. 
Қалыңдыққа күйеу бала келер болар, — деп бір жеңгесі жұбата бастап еді, Үбиан тыйып 
тастады. 
— Өз үйімнің оң босағасында отырғанда, сонша басынатын мен оның әйелі емеспін әлі. 
Егер ендігәрі қылжақтап осылай қылтиып келе берсе, қалыңдығы болуға қарсымын. 
Солай айтыңдар, — деп Үбиан бетін басып отырып қалды. 
Үнемі салмақты, үні қатты шықпайтын байсал мінез әпкемнің дауыс көтере алатынын, 
қарсылық көрсете алатынын, бұлтартпай бұйыра алатынын мен тұңғыш рет сонда сездім. 
Әпкем әлдебіреу күшпен жетелей жөнелетіндей тартынып, сандыққа сүйеніп тұр. Оның 
шырайлы өңі сұрланып, жұқа еріндері дір-дір етеді. 
Бұл қақтығысқа үлкендердің араласпайтыны қандай жақсы еді. 
Қыз ықыласын ала алмай, ауылына қайтып бара алмай, Аюбай ағаш түбінде түн 
жарымына дейін тұрыпты. Оңдас әкелген қоржындарын қалдырмақ еді, Үбиан бұған да 
қарсы шықты.—Жо-жоқ айыпқа бұйырмаңыз. Басын әуреге салып, базарлығын алып 
қалар жөніміз қайсы. Қоржын болса келе жатар, он күн болса көре жатар. 
Үбианның бұл мінезінен құдалар жағы секем алғандай болған екен. Аюбайдың ауылынан 
әйелдер келгіштеп кетті. Әпкемнің жай-күйін сұрап, алыстан сыр тартатынды шығарды. 


102 
Әдеби KZ 
Үйге келгендері жеңгелерімізбен, Үбианның өзімен сөйлесетін. Не айтқандарын біле 
алмай сыртта қала берем. 
Ақыл айтып, қыздың алды-артын орап алатын жеңгетайлар көбейді. 
Сөйтіп жүргенде тағы да алты ай өтіпті. Ауылымыз енді асыға бастады. Киіз басылып, киім-
кешек жиі тігілді, кестелі бұйымдар молайды. Қолының ебі бар өнерлі әйелдер бар ниетін 
салып аянар емес. Алынған жиһаздарды, тігілген бұйымдарды қайта-қайта ашып көріп, 
нақ бір көрмеде жүргендей-ақ масайрап мәз болысады. Осындай сәттерде әркім ойын 
ортаға салып, жиһаздардың кем-кетігі мен олпы-солпы жерлерін түзетіседі. Қолда бар 
мал сынапша сусып кетіп жатты. Базар сайын сатылып, ақшасына жасау әкеледі.IАюбай 
өзінің хабаршылары арқылы әпкемнен жақсы лебіз естісе керек. Бір күні кешке 
Оңдас қоржын көтеріп тағы келді. Бұл жолы жеңгейлер күйеу бала мен күйеу жолдасты 
қолпаштай күліп, жайраңдап қарсы алды. Қалжыңмен қағытып, әзілге қарық болысып 
жатыр. Оңаша отау тігіліп, Оңдасты базарлығымен қоса сонда алып кірді. Отаудың ішін 
жиһазға жайнатып қойған екен. Екі жас алғаш рет осында жүздеспек. Аюбайды бір-екі 
жеңгей ішке алып кірді. Екі жігітті құрметті орынға отырғызып, жеңгейлер жүгірісіп жүр. 
Сол кезде ауыл жастары жинала бастады. Қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп құлпырып 
алыпты. Бәрі де күйеу баламен жүздесіп, жақын таныспақ. Мұндайда әрқайсысы өткір 
сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақы қылықпен, жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу 
баланы жан-жақты сынап, биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады. 
Кейбіреулер жұмбақтай сөйлеп, астарлы пікірдің жауабын күтеді. 
— Ай қай жақтан туар екен? — деп күлген бір жеңгесіне Аюбайдың тура жауап бергені 
бар: 
— Кеш батқалы қашан, ендігі ай да шыққан шығар. 
Аюбайдың аңғал айтылған адал шындығына біраз келіншектер шиқылдасып күлісіп алды. 
— Шолпанның тұрағы қайсы екен, ай мекені қайда екен? — деді енді біреуі. 


103 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет