Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет68/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Аюбайдың жауабы тағы да қарабайыр болды. Тағы да көңілдегі шындығын айтып салды. 
— Ай мен Шолпанның тұрағын үйде отырып қалай ажыратайын. 
Келіншектер қайтадан күлісті. Аюбай қызарақтап, күйеу жолдасына қарай береді. 
Қысылғанда көмек сұраған сыңайы бар. 
— Жетіқарақшы жұлдызы қоныстасыңыз емес пе еді, — деп бір келіншек енді 
Аюбайдың қалжыңға олақ қарадүрсін екенін қағыта сөйледі. Шошынған болып дауысын 
әдейі құбылтып тұр. — Япырай, жарық жұлдызды жақын қондырғанымыз қалай болар 
екен. Қолды боп жүрмегей. 
Келіншектердің мысы әу бастан басып алған Аюбай енді шын мәнінде қысылып жер 
шұқылай берді. Әлгі қалжыңға берген жауабы тіптен ебедейсіз шықты. Үні де араз болған 
баланың үніндей біртүрлі естілді: 
— Жетіқарақшыңыздың мекенін аңғармаған едім. Бірақ әйтеуір ұры болған жайым жоқ. 
Келіншектер тағы ду күлісті. 
— Айдың жүзі толар кез қашан екен? — деді бір қу тілді жеңгей. 
Аюбай тағы ұтылды. 
— Жеңгей ол жағын білмедім. Ай мен жұлдыз сырына үңілген ғұлама емес едім. 
Ауылымызда ондай тәуіп болған жоқ. 
Күйеу баланың бұл жауабына елдің бәрі күлгені сонша, үй теңселе жаздады. Енді Аюбай 
тіптен жер болғандай күреңітіп еді. 
Осы кезде арашаға күйеу жолдас түсіп, жеңгелеріне ұтымды қалжың айта бастады. Оңдас 
тіс қаққан қу екен, келіншектерге шалдырар емес.Дастарқан жайылып, алдымен шай 
келді. Әзіл-күлкімен шай ішіліп болғанда, ыстық ас әкелінді. Аюбайдың бүгінгі күні тұзы 


104 
Әдеби KZ 
жеңіл тарта берді. Әбіржіп, қызарақтап, қиналып әрең отыр. Маңдайы тершіп, мазасын 
қоса алыпты. Терін сүртем деп қайта-қайта орамалына жармасады. 
Дастарқан жиналып. ойын-сауық басталды. Мұндайда алдымен айтыс жүретін әдет қой. 
Қыз-келіншектер жағынан екеуі қосылып сызылта ән шырқады. Күйеулер жағына салмақ 
тастап, жауап айтып отыр. Алайда жігіттер жағы жуық арада ән айта қоймады. Аюбайдың 
мойны салбырап иіліп, бас көтерер емес. 
Аспан ашық, ай жарық күн жылыда, 
Қол созыпсың аспанның жұлдызына. 
Күйеу жолы жіңішке деген сөз бар 
Ізет көрсет ауылдың ұл-қызына. 
Оңдас шыдай алмады білем, Аюбайды түртпектеп отырып әнге жетеледі. Оңдастың әдемі 
ашық дауысы бар екен. Аюбай соның берекесін кетірді. Әдетте қолма-қол қиыстырып 
жауап қайтару шарт. Аюбай Ондастың өлеңіне үйлесе алмай, дауысы барлығып мүдіре 
берді. Екеуінің сөзі екі түрлі шығып, тоқайласпай-ақ қойғаны. Қыз-келіншектердің мерейі 
тағы да үстем болды. 
Түн жарымы болып қалғанын аңғармаппыз. Осы кештің ұйытқысы болып жүрген үлкен 
жеңгеміз бәрімізді үйге қайтарды да, бір-екі келіншек пен әпкемнің қимас құрбыларынан 
екі-үш қызды қалдырды. 
Мен бұдан кейінгі оқиғалардан бейхабар едім. Өйткені мені енді ол отауға маңайлатпады. 
Бәрін кейін естідім. 
Үлкен үйде оңаша қалған Үбиан әпкем бүкіл кештің барысынан хабардар болып 
отырыпты. Аюбайдың момындығын, жасықтығын, қалжыңға қарымтасы жоқ екенін де 
біліп алыпты. Енді ел тарап, екі жасты жүздестірер сәт туғанда, әпкем қасарысып отырып 
алады. Жеңгелерінің айтқанына да, құрбыларының тілегіне де көнбейді. 


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет