Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет75/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
* * * 
Үбиандар екі жұмадан соң елге оралды. Жігіттер алдарына төрт тай салып, мол сыйлық 
артылған түйе жетектеп қайтыпты. Бір таңғалғаным — бәрі үйдің тұсынан өтіп кетті де, 
ауыл шетіндегі жаңа тігілген отаудың алдына ат басын тіреді. Тұс-тұстан тағы да әйелдер 
жиналды. Бәрі құшақтасып көрісіп, қуанысып жатыр. Хал-жағдайын, жай-күйлерін 
жамырай сұрасады. 
Отауға бұрқ-бұрқ етіп самауыр келді... Жиын-тойдың, бас қосқан ортаның қызығына 
алғашқы себепкер өзіммін дегендей иінінен демалады. Бұл отырыста негізгі әңгіменің 
ұйытқысы Үбианның қасындағы құрбысы болды да, қалғандары ынтыға тыңдады. Ол 
әдемі майда тілмен, ұтымды әзілдермен сөз арасын құлпырта отырып қайда 
болғандарын, қандай кештерге қатысқанын, кімнің үйлері шақырғанын, Үбианға кімдер 
қандай сый көрсетіп, не тілек айтқандарын тәптіштеп баяндады. Тіптен ел қыдырып 
жүргенде естіген қызғылықты әңгімелері мен әсем әндерді де айтып берді. Барған 
ағайындардың әрқайсысының көңіл күйі мен көлгірлік пиғылдарына дейін біліп 
келіпті.Әйелдер ынтыға тыңдап отыр. 
Серкебай нағашым түйе жетектетіпті. Ал інісі Құлжабай тай сыйлапты, бір нағашы 
жеңгеміз түскиіз беріпті. Енді бір жеңгеміз барқытпен тысталған мамық сыйлаған. 
Әкемнің қарындасы кіші кілем мен аяққап тарту етіпті. Екінші қарындасы — жібек шапан 
және күміс леген беріпті. Осындай сый-сияпат мол екен. Әйелдер бәрін жайып салып 
қызықтап отырысты. 
Сонан соң әкелген сыйлықтарды жасауға қосты да, әйелдер үйлеріне тарасты. Үбиан 
әдеттегісіндей қайта киініп, әкеме сәлем беруге кетті. 
Әкем қызын мейірлене қарсы алды. Шашынан сипап, маңдайынан иіскеді. Үбиан шыдай 
алмай жылап жіберді де, әке құшағына жасырына берді. Кеудесіне басын қойып ұзақ 
жылады. 


113 
Әдеби KZ 
Әкем өзін-өзі әзер ұстап, кереуетке отыра кетті де, қызын алдына алып теңселіп, жас 
балаша әлдиледі. Ортаншы әпкем Әлиманның бұрымы селтиіп, кереуеттің басынан ұстап 
қатып қалыпты. Оның да екі бетін жас жуып тұр. Мен әкемнің осыншама еміренгенін 
көрген емес едім. Әрқашанда сабырлы Үбианның босағанына да таңырқадым. Содан ба, 
бедірейіп тұрып қаппын. Әлиман шыдай алмаса керек. Жүгіріп кеп, жұдырығымен қойып 
қалды. Кемсеңдеп әрең сөйлеп тұр: 
— Сен неге бедірейіп тұрсың, тасбауыр. Көзіңнен жас та шықпайды ғой... 
Мен есемді жібермей, Әлиманды салып қалдым. Алайда көзімнен жас шығып кеткенін 
әзім де сезбей қалып едім... Әкем езу тартып күлді де, үшеуміздің де ыстық жасымызды 
төсіне басып, бауырына тыға берді. 
Ертеңіне жаңа отаудың жанына жағалай үй тігілді. Тойға келетін қомақтарға арналған үй 
осылай молая берді. Байқасам, кешке қарай ауыл жанынан Үбианның отауын ортаға алған 
жаңа ауыл орнап қалған екен... 
Келесі күні барлық балаларды жақсылап киіндіріп, жаппай жасандырып қойды. Сол кеште 
қасына жеті жігіт ерткен Аюбайлар келді. Олар өздеріне арнап тігілген үйге түсті. Енді 
қалыңдықтың отауы мен күйеудің отауы арасында қызыққұмар адамдар сендей 
соғылысты. 
Әр үйден әсем күлкі, жарқын дауыстар естіліп, жадырасып жатыр. Желіде аттар кісінеп. 
ауыл іші жанданып кетті. Ошақтан көтерілген көп түтін көкке қалықтап көлбеңдеп 
барады... 
Осылайша той да басталып кеткен еді. Біздер, ауыл балалары, назардан тыс қалып, 
қараңғыда топырласып әр үйдің арасын жол етіп жүрміз. Қызық естісек деген дәмемен 
op\sүйдің жанын сағалаймыз. Алайда есік алдындағы самауыршы жігіттер маңайлатар 
емес. 
— Әй, балалар, аулақ жүріңдер. Сендерге бұл арада түк те жоқ! 
Кейбір көңілшектері басымыздан сипап, құлағымызға сылбырлайды: 


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет