Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет70/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144
Әдеби KZ 
Екі-үш күннен соң Үбиан Аюбайға бармаймын деп қиғылық салып еді, бұл жолы әкем 
айбаттанып кетті: 
— Екінші рет бата бұзып, есектің миын жеді деймісің мені. Елге қайта-қайта қарабет болар 
жайым жоқ. 
Бұл кезде Аюбай да ауылына барып біраз талқыдан өткен соң ашылып, сөз қадіріне 
жеткендей болса керек. Екі айдан соң, ол қайтадан бағын сынап, елге ұрын келеді. Бұл 
жолы ауылдың қыз-келіншектері еріндерін тістеп, еркін қалжыңға ерік берген жоқ. Сөйтіп 
Аюбайдың үйренген сөздері, ақыл-кеңесі бұл жолы кәдеге аспады. 
Уақыт өте берді. Күйеу бала енді ауылға апта сайын келетінді шығарды. Үбиан әпкем 
бұрынғыдай емес, «пешенеге жазылған осы шығар» деді де, бәрін үнсіз мойындады. 
Қалыңмал қанша көбейсе де, қарамызға тұяқ қосылмай азая берді. Бәрі жасау-жабдыққа 
жаратылып жатыр еді. 
Ұзату тойы қоңыр күзге қарай, жиын-терін біткен соң басталмақ. 
Тойға әзірлік кезінде де басымыздан тақыр кетпеді. Ауылдық, болыстық әкімдер сұраққа 
шақырып әңгір-таяқ ойнатуды шығарды. «Қалыңмал алғаныңды қағазға түсіреміз, уәкіл 
шақырып айдатамыз» дегенді де айтты. Алайда әкем бұған сескене қоймады. Өйткені 
«жығылып жатып сүрінгенге күледі» дегендей, олардың өздері де қолдарымен қоқыс 
шеңгелдегендер еді. Көрінгеннен пара алып, көрінгенге көз салып, алдынан өткенге 
алақан жайып, әбден алакөзденіп алғандар болатын. Әкем соны біліп сескенуден аулақ 
жүр. Тіптен беттеріне тіке айтып салыпты: 
— Бұл аймақта көзге сүйелдей көрініп отырған жалғыз мен емес. Ел істеген тірлікті мен де 
істедім. Сендердің де құлқындарың мәлім. Жемсауларың бүлкілдеп отырғанын да білем. 
Ал егер біреуіңнің тамағыңды тығындасам, екіншің ауыз ашқалы дайын тұрсыңдар. 
Пара үшін жиған малым жоқ. Сендерге пара берем деп жалаңаш қалар жайым да жоқ. Өз 
қотырымызды өзіміз қасып, тыныш жүрейік те. Бәріміз де оңып тұрған жоқпыз. Мен 
қызымның көңілі үшін күнәһар атансам, сендердің күнәларың онан да асып жатыр. 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет