14
Әдеби KZ
— Мені құдай сыйлады. Өзімнен жиырма жас үлкен Қабылбектің бетінен алып, тілім тиді.
Ел көзіне қарайтын бет қалмады.
Текебай ат-шапан айыбын дайындап,
жанына жиын ертіп, Қабылбектің ордасына өзі
барған екен.
Жаңабай жағы Текебай қол жиып соғысқалы келе жатыр екен деп қалса керек,
өздері де
caп түзеп, сақадай сай қарсы шығады.Қабылбектің ордасына ат шаптырым қалғанда
Текебай қасына Серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі
Қабылбек жағына келе жатады.
Қабылбек те: «Е, мынау соғысатын жерді айт деп келе жатыр ғой», — деп өзі жеке шығып,
Текебайға тура тартады.
Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектің қасына келіп:
—Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек!
Айыбын көтергелі келдім
алдыңа. Кешіремісің, сірә! — депті.
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп,қалбалақтап атынан аунап түседі:
— О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем.
Аға болсаң да, сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл
әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой әттегене-ай.
Ат-шапан айып
сенен емес, менен, ақсақал! — деп үстіндегі зерлі шекпенін шешіп Текебайдың иығына
жауыпты. Сөйтіп тұрып Жаңабай жағына қарап: — Уа, ағайым! Сайлауда Текебайға дауыс
беріңдер! Мен қойдым дауысқа түскенді! — деп айғай салған.
Әлбетте, ағайын арасы аз күн араз-құразсыз болғанмен, мансап, дәреже,
атаққа таласу,
айқай-шу, дырду тоқталмаған. Аз күн жарық дүниеде атақ үшін, билік үшін алысып,
жұлысып ғұмырын өткізген қу заман екі жақты итжығыспен, алма-кезек арандатып
қойған. Дүниеден Текебай би де, Қабылбек болыс та өтті. Ал олардың аттандаулы аламан-