Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы


Жазушы еңбегі: шығармашылық және шеберлік арналары



бет2/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Жазушы еңбегі: шығармашылық және шеберлік арналары

Жазушының шеберлік жолындағы ізденістерінің айқын іздерін сөз қылғанда, нені айтты дегеннен көрі, қалай жеткізді деген мәселе көбірек назар аудартады. Жазушы жасампаздығы – көркемдік дейтін шетсіз-шексіз әлемге тартқан миқанатты сапар. Басқан жол ұзарған сайын – шеберлік жолы да күрделене, түрлене түседі. Өйткені, шеберліктің даңғыл, бұзылмас жолы жоқ. Көзге көрінбес адам жанының мың құпялы тереңіне тартқан нәзік жолдың ешқашан қағидалы үлгісі болмайтындығы және белгілі. Оның үстіне сондайлық белгісз әлемді табу, ашу жолындағы қаламгердің ғұмыр бойлық жанкешті сапары ауырлаған сайын биіктеп көрнектілене түседі. Сонда, жазушының осыншама азапты жолдағы ізденісінің түпкі тірелері не дейсіз ғой?!


Жазушы ерекшелігі демекші, әдетте, жазушы ерекшелігі – тұлғаның жеке басының қасиет, мінезіне емес, шығармашылық психологясына, көркем ойларын жеткізудегі өзгеге ұқсатпай салған соқпағы мен стильдік бөгенай-таңбасына қаратылады. Жазушының айқын қолтаңбасын, даралығын танытатын қажетты шарт яғни хас белгі – суреткер парасатының ұшандығы, дарын қуатының молдығы. Содан туатын – жазушының жасампаздық стилі, ерекшелігі. Өзіндік келбет, ерекшелік жоқ жерде – жазушы да жоқ. Бұл – таланытсыз көп жазарман мен шын суреткерді айырып көрсететін өлшем, таразы.



  1. Әдебиеттану. Терминдер сөздігінің мәні

Академик З.Ахметов еңбектерінде әдебиет қисындарына, терминтану мәселелеріне маңыз беріледі. Атап айтқанда, «Әдебиет терминдерін жетілдірудің зәрулігі.- ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, Әдебиет сериясы. -1996, №4. -7-12 бет; «Әдебиеттану саласындағы ғылыми ұғымдар мен терминдер.- Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.- Алматы, 1996. -4-16 бет; Әдебиеттану терминдерінің сөздігі(Құраст: З.Ахметов,Т.Шаңбай).- Алматы: Ана тілі, 1996. -240 бет, т.т.ел әдебиеті, табиғаты мен тарихы ,әдеби үдеріс жайы, соған қатысты атау-ұғымдар, терминдер жүйесі кең орын алады. Арғы-бергі кезеңдердегі зерттеу мен зерделеу мұраттары, әдебиеттану мен әдебиет қисындарына қатысты көзқарастар жүйесі, артық-кем тұстар да әдеби үдеріс аясында кең өріс алады. Негізгісі, терминтану қағидаттарын, пән сөздерінің мақсат-мұраттарын, әдебиет қисындарының көркемдік кеңістігіндегі қызметі,қолдану аясы,маңызы мен орны байыпты сараланады. 
Академик З.Ахметовтың әдебиеттану мен әдебиет қисындарына қатысты көзқарастар жиынтығы- «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі» атты кітапта (құраст.З.Ахметов,Т.Шаңбай) көрініс табады [5, 398].
Кітаптың- «Аңдату» атты алғашқы бөлігінде (жазған- З.Ахметов) терминнің мағына- ұғымына кең көлемде түсінік беріледі. Әдебиеттану мен әдебиет қисындары, ұлттық сөз өнерінің тарихи- әдеби үдерістегі орын- үлесі, поэтика мен эстетика, стилистика салаларындағы маңыз- мәні де айқындалады. Әдебиет дамуы, заңдылықтары мен ерекшеліктері, жанрлар жүйесі мен көркемдік- эстетикалық қызметі де байыпты сараланады. Қысқасы, әдебиет әлеміндегі ғылыми ұғымдар мен терминдер жүйесі, тарихы мен мағынасы, көркемдік кеңістігі, әдеби-тарихи үдерістегі орны, қолданылу аясы жан-жақты сөз етіледі. Маңыздысы, автор терминдер сөздігінің маңыз- мәнінің қажеттілігімен қатар, кешегі- бүгінгі тәжірибесін, келешектегі орын үлесін жіті таразылайды. Жас ұрпаққа, салалық қызметкер - мамандарға қажеттілігін де қаперге салады. Ұтымды, ұнамды қырларын алыс-жақын елдердің осы бағыттағы еңбектері арқылы анық- қанық сөз етеді. 
Академик З.Ахметовтың аталмыш терминдер сөздігіне енген «Әдебиеттану саласындағы ғылыми ұғымдар мен терминдер» атты көлемді мақаласында ана тілі, әдеби тіл және ғылым тіліне зор маңыз беріледі.Оның маңыз-мәнін былай білдіреді: «Әдебиеттану ғылымындағы ғылыми тілдің өзіндік өзгешелігі бар. Ол әдеби тіл үлгісін де сақтайды, көркем шығарманың тіліне де жақын келеді, ғылым тіліне ортақ сипаттары да болады. Ғылыми тіл жалпыхалықтық тілдің дамуын және ғылымның өркендеуіне орайлас болып отырады» (5-бет). Орайлы тұста, ғылыми тілді дамыту, өркендету қажеттілігіне назар аударылады. Ғылыми тілге тән ойдың тереңдігі, өткірлігі, қисындылығы, дәлелді болуы, айқын да дәл жеткізу мүмкіндіктері көрсетіледі. Ғылыми ұғымдар мен терминдер жүйесін дұрыс тану, мағынасы мен мазмұнын ашу, пән табиғатына қатысты белгі- ерекшеліктерін дәл де нақты көрсету қажеттілігі алуан мысал-деректермен жіті тұжырымдалады. 
Әрбір көрініс- құбылысқа, оның атау-ұғымына өте-мөте сай келетін ғылыми анықтама, тұжырым жасалу керектігіне мән беріледі. Оны сөз жоқ, «...классификациясы, жүйесімен топтап, таратып болу» айрықша орын алады. Ол әдебиеттің танымдық, тәрбиелілік, көркемдік мәнінен көрініс береді (8 бет). Эпостық жанр түрлері (әңгіме, повесть, роман), шығарма құрылымы, кейіпкер қарым-қатынасы, поэма табиғаты мен тағылымы да белгі- ерекшеліктерімен байланысты беріледі [9]. 
Терминге берілетін анықтама, оның негізгі мән- мағынасы, басты белгі-сипаттары да дәл, нақты болуы көзделеді. Бұдан басқа атау-терминдер, ұғым-терминдер табиғатындағы шарттылық қырлары көрсетіледі. Өзіндік өзгешеліктері аталады. Ал, интернационалдық терминдер- шет тілдердегі (грек, латын,французша, т.б.) қалпын сақтайды. Көз өзгеріске ұшырамайды. Сол қалпында қолданылып, терминдік жүйесін бекіте түседі.Бұдан байқалатыны, сөз жоқ: «Ерекше ескеретін жай- бірталай терминдердің мағынасын, олар білдіретін ғылыми ұғымдарды ғылыми - теориялық ойдың бүгінгі жеткен деңгейіне сәйкес айқындап, жаңаша анықтама беру қажеті, сонда ғана терминдерді жетілдіру міндетін шынайы, толық мағынасында іске асыруға болады» [16].
Автор зерттеу жүйесі мен тәжірибесіне сүйене отырып, жаңаша ойлауға, көзқарас білдіруге де қадам жасайды. Ол, әсіресе: «Аса маңызды мәселелердің бірі- қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби процестің өз ерекшеліктерін, ұлттық сипатын айқындайтын терминдер қалыптастыру, толықтыра түсу» екенін [21] баса көрсетеді. Мұның өзі ұлттық менталитет талабы болса, әрі ел әдебиетінің даму бел-белестерінен, қазіргі әдеби үдерістің бағыт- бағдарынан да таныла түседі. Қысқасы, терминтану табиғаты, ұлттық сөз өнеріндегі орны, руханият мұратына қатысты көзқарастар жүйесі,зерттелу аясы негізінде кеңінен қарастырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет