“Қазақ әдебиетінің тарихы” он томдықтың жазылуы мен жариялануы
Ұлттық әдебиеттану ХХ ғасырдың 80-90 жылдар тоғысында белгілі бір себептер негізінде туындаған идеологиялық қиындықтардың шешімін табу жолында еңбек етуде. Бұл саладағы жұмыс екі бағытта жүргізіліп келеді: идеологизация мен әдебиетке деген таптық көзқараспен қатар, ХІХ және ХХ ғасырлардағы отандық классикаға деген нигилистік көзқарасты жою. Бір уақыттары гуманитарлық ғылым салалары басынан өткерген теориялық дағдарыстың біртіндеп игерілуі әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қайта оралғандығын, көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми негізде қайтадан зерделеп, жаңғыртуға деген ұмтылысты танытады.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жаңа 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын» жасауға кірісті. Отандық әдебиет тарихын бүгінгі күн тұрғысында қарастыратын іргелі ғылыми еңбек қазірде тек жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар мектептерге де қажет болып отыр. Себебі онсыз жаңа ұрпаққа сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау мүмкін емес.
Әдебиеттің 10 томдық жаңа тарихы эстетика заңдылықтары тұрғысынан көркем сөз эволюциясы бойынша жаңаша кезеңдерге бөлінетін болады. Бұл қазақ әдебиетінің өз көркемдік дамуында үш үлкен этапты жүріп өткендігін көрсетеді: 1) Абайға дейінгі әдебиет (ежелгі және ортағасырлық кезең); 2) Абай дәуіріндегі әдебиет (жаңа дәуір); 3) Абайдан кейінгі әдебиет (қазіргі кезең).
1 том - қазақ фольклорының тарихы 2 том - ежелгі әдебиет тарихы 3 том - ортағасыр және қазақ хандығы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы 4 том - ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы 5 том - ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы 6 том - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы 7 том - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы